Редакция таңдауы
5056 науқас: Коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 жағдай тіркелді
Қазақстандағы коронавирус бойынша 10 мамыр 12:35-тегі эпидемиологиялық жағдай туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
10 Мамыр, 2020
«Аналардың алдында қарыздармыз!»
Бұл әңгімені Тасқұдық ауылына барғанда ақсақал Сайлау Үкиевтің аузынан естіп, жазып алған едім.
09 Мамыр, 2020
Майдангер хабарын Германиядан алды
Соғыстың қиян-кескі сұрапыл ұрыстарының бірі 1943 жылдың қысында Оңтүстік Батыс және Воронеж майдандарында өтті. Неміс фашистерінің соңғы үлгідегі танк дивизиялары Белгород тасжолына шығып алып, жанталаса алға ұмтылды. Бұл кездерде екі жақтан да шығын аз болған жоқ. Сол бір қиын қыстау кезеңде Кеңес әскерлері кейін шегініп, қорғанысқа көшкен-ді. Өткен жылы жүз жасқа келіп дүниеден озған маңғыстаулық Наху Бақтыбайұлы осынау ауыр сын сағаттарға куә болған.
09 Мамыр, 2020
Бабына жеткізе суарылған алмас қылыштай жалғанда мұқалмайтын қайратты, қажырлы, өмірге құштар жандарға Тәңір ие әуел баста-ақ айрықша қасиет сыйлап, кісілік келбетін, парасат пайымын өзгеден оқшау, дара сипатта жаратса керек. Маңдайға жазылған тағдыр сыйы мынау жарық әлемнің алапат жүгін арқаға салғанмен, асылында, адами болмысы сондай ерекше дараланған жан иесі ғана еңсесін тік, кісілігін кіршіксіз, абырой ар-ожданын айнадай таза ұстауды мұрат қылған.
09 Мамыр, 2020
Ерліктері ескерусіз қалған батырлар
ІІ дүниежүзілік соғысқа Шығыс Қазақстанның Тарбағатай ауданынан 4831 азамат аттанса, 1630-ы қаза тауып, 1973-і хабарсыз кетті. Елге 1228-і аман оралған. Тарбағатайлық жауынгерлер Мәскеу, Ленинград, Курск, Тула қалалары мен Азия және Еуропа елдерін азат ету үшін көптеген шайқастарға қатысқан. Мен бүгін қан қасаптың бел ортасында болса да, ерліктері ескерілмеген тарбағатайлық батырлар Қабыкен Жарылғасынов пен Қотырбай Құдагелдінов жайында айтқым келеді. Бір таңғаларлығы, екеуі де майданда көрсеткен ерліктері үшін ең жоғары марапат – Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда екеуіне де бұл атақ берілмеген.
09 Мамыр, 2020
Бірліктің қуаты қорғасыннан да мықты!
Өткен ғасырдың орта тұсына күндей күркіреп өткен ІІ дүниежүзілік соғыстағы ортақ Жеңіс – ізгілікті аңсаған барша адам баласы біріксе, оны ешқандай кедергі тоқтата алмайтынын әйгілі етті. Болашақ мүддесi, адамзат тағдыры, бейбіт өмір жайы талқыға түсiп, таразы басын теңселтiп тұрған «тар жол, тайғақ кешу» шағында бұрын бір-бірін бақ байлар бақталас, ымыраға бас имес қарсылас санаған державалар аспан асты, жер үстін қара бұлттай жапқан түнек күшке, ажал сепкен тажалға қарсы бірікті, бірлесті, тұтасты. Осының арқасында алпауыт басқыншы тізе бүкті. Әлімсақтан жауыздықпен арасы бітіспеген ізгілік жаһандық деңгейде үстем түсті.
09 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Ардагерлер туралы» заңға қол қойғанын ықыласпен қабыл алдық. Мұны кешегі заманда оқ пен оттың ортасында болып, Отан қорғаған ардагерлерге көрсетілген үлкен құрмет пен қолдау деп білемін.
09 Мамыр, 2020
Қазақстан халқы Ассамблеясы Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесімен құттықтады
Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесінің аталып өтуімен құттықтаймыз! Бұл күн – қазақстандық әрбір отбасы үшін жанқиярлықпен күрескен жаужүрек аталары мен әкелерінің ерлігі мен батырлығының дәріптелуімен ерекше қастерлі.
09 Мамыр, 2020
Жуырда архив материалдарын ақтарып отырып қазақтың тағы бір ержүрек ұлының Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен қаһармандығы жөніндегі мағлұматқа тап болдым. Сарғайған қағазда былай деп жазыпты: «Гвардия кіші сержанты Дархан Жұбанышов неміс фашистерімен кескілескен шайқаста өзін ержүрек солдат ретінде көрсетті. Ол нағыз Отанға берілген еді». Жұбанышов кім? Оның ерліктері қандай? Енді соған келейік.
09 Мамыр, 2020
«Egemen Qazaqstan» мақтааралдық ардагерді құттықтады
Жеңіс күні – аға буынның ерлiгi мен отансүйгiштiгi алдында бас иiп, тағзым ететiн аса қастерлi күн. Соғыс жылдары қазіргі Түркістан облысы мен Шымкент қаласынан майданға аттанған 150 мыңға жуық адамның жартысынан астамы елi мен жерi үшiн, қасиеттi Отаны үшiн жанқиярлық танытып, ерлiкпен қаза тапты. Аман оралған мыңдаған жауынгер орден-медальдармен марапатталды. Еліміздің болашағына еңбек етті. Өкінішке қарай, олардың көбi қазiр арамызда жоқ.
09 Мамыр, 2020
«Өткен күнде белгі жоқ» дегенді қазіргінің қазағы әу бастағы астарлы мағынасынан зордың күшімен ажыратып, әлдеқашан өзінің ыңғайына икемдеп алды. Иә, кешегі күндей күркіреп өткен соғыстың да талай жылға созылған жаңғырығы бүгінде құмығып шығады. Қазір «Ұлы Отан соғысы» деген сөз тіркесінің өзіне секеммен қарайтын күйге жеттік. «Бұл біздің соғыс емес еді», дейтіндердің дауысы да уақыт өткен сайын зорайып келеді. Ал тарих ше? Тарихтың тасқа қашап жазылғанының керегін алып, керексізін күресінге лақтыру – күрделі заманның күрмеуі қысқа заңдылығына айналғалы қашан...
09 Мамыр, 2020
Қаламгер Жақсылық Сәмитұлының туғанына - 80 жыл
Бүгін жазушы Жақсылық Сәмитұлының туған күні. Қаламгер тірі болғанда, биыл 80 жасқа толар еді.
08 Мамыр, 2020
Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққандар саны 1500-ден асты
Қазақстанда тағы 64 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
08 Мамыр, 2020
Қарағанды: Қорықшының кескіні – қабырғада
Кеншілер астанасындағы көпқабатты үйдің тұтас бір қабырғасына қызмет бабында қаза тапқан қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің киіктің лағын көтеріп тұрған әйгілі суреті салынып жатыр.
08 Мамыр, 2020
Алматыдан Түркістанға 70 тонна киім-кешек пен азық-түлік жіберілді
Соңғы күндері Мақтаарал және Жетісай аудандарының елді мекендеріндегі апат салдары елді әбден әбіргерге салғаны көріп отырмыз. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен гуманитарлық көмек жинақталды.
08 Мамыр, 2020
Маңғыстау: «Nur Otan» қызметкерлері ардагерді арнайы құттықтады
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбілов, Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Нұри Тумышев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов және Маңғыстау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы, полковник Мақсат Тастанов екіншідүниежүзілік соғыстың ардагері Бисен Боқаевтың үйіне арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы баспасөз қызметі хабарлады.
08 Мамыр, 2020
Меценат Болат Өтемұратов Мақтаарал ауданында 150 үй салу үшін 6 млн доллар бөледі
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Болат Өтемұратов Қорының қаржыландыруымен 150 тұрғын үй салынбақ. Олар көршілес Өзбекстанда болған су бөгетінің бұзылуы салдарынан орын тапқан тасқыннан зардар шеккендерге берілетін болады. Қайырымдылық ұйымның құрылтайшысы бизнесмен және меценат Болат Өтемұратов осы шараға 6 млн АҚШ долларын (2,5 млрд теңге) бөлгенін мәлімдеді.
08 Мамыр, 2020
Ұлы Отан соғысында Жеңіске жетуде Қазақстан шойын жолдары шешуші рөл атқарды
Біз Ұлы Отан соғысы кезінде Қызыл Әскердегі 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылғандығын білеміз...Бірақ Қазақстан темір жолының (КСРО магистральдық желісінің құрамдас бөлігі ретінде) айтарлықтай үлесін толық сезіне бермейміз.
08 Мамыр, 2020
Атырау: Мақтааралға гуманитарлық көмек жеткізеді
Елдің елдігі де, ұлт болып ұйысуы да қиналған сәтте білінеді. Атыраулықтар Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жөнелтті.
08 Мамыр, 2020
Алматыдан Түркістанға көмек жүгін артқан көліктер жолға шықты
Оңтүстік тұрғындарының басына айдың аман, күннің жылы кезінде түскен тауқымет халықты қатты алаңдатып қана қоймай, еліміздің әр түкпірінен көмек пен қолдау көрсетіліп жатыр. Мұндай кезде алматылықтар да қол қусырып отырмастан, бүгін Түркістан облысы Мақтарал ауданына 70 мың тоннадан астам гуманитарлық жүк артқан көліктерін аттандырды.
08 Мамыр, 2020