Редакция таңдауы
11 әуежайға «Ашық аспан» режімі енгізілді
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында ұшақ билетінің қымбаттығын сынға алғаны белгілі. «Елорданы әлемнің ірі қалаларымен және халықаралық қаржы орталықтарымен тікелей рейс арқылы байланыстыру өте маңызды. Басқаша айтқанда, «ашық аспан» жүйесін ашу керек. Бұл менің Үкіметке берген тапсырмам. Қорқатын ештеңе жоқ, бір компанияға қараудың қажеті жоқ» деген болатын Президент.
04 Қараша, 2019
Жақсылық жасауда ысырап жоқ, ысырапта жақсылық жоқ
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген. Бұл – ұят болады, жаман болады, обал болады. Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, ұятты істі істеме, «жаным – арымның садағасы» дегені. Жаман болады дегені – «жақсы сөз – жарым ырыс», жамандықтан аулақ жүр дегені, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді деп бағамдағаны. Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған бір нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін дегені, ешкімге көлеңкең түспесін деп ескерткені. Иә, бала күнімізден мұндай ескертудің талайын естіп өстік. Одан бөлек «ысырап болмасын», «ысырап қылмаңдар» дейтін қариялардың қатаң қағидалары әлі күнге жадымызда жаңғырып тұр.
04 Қараша, 2019
Мәжілістің бюро отырысын өткізді
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
04 Қараша, 2019
Өңірді дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Павлодар облысында болды.
04 Қараша, 2019
Сервистік компаниялардың әлеуеті қандай?
Мұнай-газ саласында қазақстандық үлесті арттыру бағытында ғана емес, басқару менеджментінде отандық мамандарды көбейту жағы да әлі күнге кемшін. Шетелдік мамандар Қазақстанға көп болса 3-4 жылға келісімшартпен келеді, олар осы уақытта Қазақстанның ішкі нарығын танып-біліп те үлгермейді.
04 Қараша, 2019
Елизавета Синельникова – джиу-джитсудан әлем чемпионы
Греция мемлекетінің Крик аралында өткен байрақты бәсекеде жерлесіміз 48 келі салмақта топ жарып, алтыннан алқа тақты. Жеңістің жалауын желбіретіп келген споршы қызды жерлестері қуана қарсы алды.
03 Қараша, 2019
Тұрғындар полиция бастығының WhatsApp мессенджеріне жаза алады
WhatApp +7-708-432-46-00. Бұл - Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Әлібек Ғабдуллиннің нөмірі. Осы нөмірмен тұрғындар қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жайлы жедел хабарлай алады.
03 Қараша, 2019
Мүгедектерге арналған мүмкіндік
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында «Бастау» кәсіпкерлікке баулу сыныптарында арнайы оқыту орталықтары ашылып, оған мүмкіндігі шектелген жандарды барынша тарту шаралары қолға алынған. Сондай орталықтың бірі Алматы қаласындағы «Үміт» мүгедектерді қолдау орталығында жұмыс істейді. Мұнда өз кәсібін ашқысы келетін 40-тан азамат дәріс алып, кәсіпкерлік негіздерін үйренуде.
03 Қараша, 2019
Кәсіпкерлер палатасының кеңесіне үміткерлерді қабылдау басталды
1 қарашадан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталды. Үміткерлер сайт арқылы өтініш бере алады.
03 Қараша, 2019
Глубокое ауданында регби үйірмесі ашылды
Бұған дейін бұл ауданда регби спорты болмаған екен.
02 Қараша, 2019
Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьерімен кездесті
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің (ҮБК) 18-ші отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді.
02 Қараша, 2019
Батыс Қазақстанда ірі мал бордақылау кешені ашылды
Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданы Талдыапан ауылдық округіне қарасты Қайшақұдық ауылында жалпы құны 2,5 млрд теңге құрайтын мал бордақылау кешені іске қосылды. Елімізге белгілі «Ет индустриясы» ЖШС қолға алған мамандандырылған мал бордақылау кешенінде биылдың өзінде бір мезгілде 5 мың басқа дейін ірі қара бағылмақ.
02 Қараша, 2019
Оралда студенттер арасында «ABAIquest» ойыны өтті
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «ABAIquest» ойыны тартысты өтті.
02 Қараша, 2019
«Егеменнің» ардагерлері марапатталды
Ел газетінің ғасырлық тойына орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Егемен Қазақстанға - 100 жыл» республикалық мерекелік шарасы жалғасуда. Шара шеңберінде іргелі оқу ошағының ректоры Ғалым Мұтанов басылымның Алматы бөлімшесінде айшықты қызмет атқарған бірқатар ардагер журналистерге университеттің «Ерен еңбегі үшін» медалін табыс етті.
01 Қараша, 2019
Ә.Смайылов У.Мозермен және БҰҰ-ның Қазақстандағы тобымен кездесті
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі У. Мозермен кездесу барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың даму мәселелерін талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
01 Қараша, 2019
Nur Otan партиясының бастамасымен қолға алынған «Менің туым – менің Отаным!» акциясына қызылордалықтар да қолдау білдірді.
01 Қараша, 2019
Ұлтаралық татулық пен бейбіт келісімде өмір сүру – Тәуелсіз Қазақстанның басты ұстанымы. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны айрықша, атқарар ісі ауқымды екенін айтып өткен абзал. Екі тілде сөйлейтін халықты етене жақындастыратын орталықтың ілгері істері жетерлік. Күні кеше Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әралуандықтағы бірлік: қазақстандық және халықаралық тәжірибе» атты ғалымдар мен сарапшылар форумы өтті.
01 Қараша, 2019
Ұлттық музейде «National Geographic Qazaqstan» журналы Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен «Сіз ойлағаннан да жақын... Америка мен Қазақстан» атты фотокөрме ұйымдастырды.
01 Қараша, 2019
Елордадағы Жастар театрында «Наз» мемлекеттік би театрының «Жиырма жылдық би ғұмыр» атты мерейтойлық концерті өтті.
01 Қараша, 2019
Қамқоршылық кеңес мүшелері қайда қараған?..
2020 жылдан бастап өңірде 1-4 сыныпта оқитын 51 278 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Бұл мақсат үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 789 миллион теңге бөлінбек. 545 бала демеушілер есебінен тамақтанады. Мектеп асханаларындағы тамақ сапасын Қамқоршылық кеңес өкілдері бақылауға алуда.
01 Қараша, 2019