Редакция таңдауы
Өрт аймағында қашан жаңбыр жауады?
Абай облысындағы ірі орман өрті төрт күннен бері сөндіріліп жатыр. Өңірде сақталып отырған жоғары ауа температурасы мен жел жалынның басқа аймақтарға таралуына себеп болып отыр. Осы орайда «Қазгидромет» РМК синоптиктері жауын-шашынға қатысты болжамдарын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Семей орманындағы өрттің мән-жайын арнайы комиссия анықтайды
Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» РММ аумағында өрт салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын тергеу үшін ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен арнайы Үкіметтік комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт қасақана қойылуы мүмкін бе?
Құзырлы органдар Абай облысындағы алапат өртке қатысты тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Режеп Тайип Ердоған Қазақстан халқына көңіл айтты
Түркия тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт қашан ауыздықталады? Жаңа министр жауап берді
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт қашан сөндірілетіні туралы өз болжамын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Бала құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Динара Болатқызы Зәкиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Маусым, 2023
Президент Аружан Саинды қызметінен босатты
Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт: тағы бір адам іздестіріліп жатыр
Абай облысындағы өртті сөндіруге кеткен тағы бір адамнан байланыс үзілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алапат өрттің салдарынан қаза тапқан азаматтарды еске алу үшін 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Абай облысындағы өрт кезінде 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Бүгінгі күнге келіп түскен облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде толық аяқталды. Бұл жөнінде Үкіметтің кезекті отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.
12 Маусым, 2023
Электромобильді дәуір есігімізді қағып тұрғаны анық. Қазірдің өзінде еліміздің бас қаласы мен Алматы секілді ірі қала көшелерінен электромобильді көліктердің жүйткіп жүргенін көзіміз көріп жүр. Таяуда «Sony» компаниясы «Afeela» деген электромобиль шығарып, өнімін жұртшылыққа таныстырғанда, сарапшылар «Қазіргі заманның шекарасы жоқ, себебі көлік жасаушылар гаджет, ал гаджет жасаушылар көлік шығара беретін дәуірде өмір сүріп жатырмыз», деген еді.
12 Маусым, 2023
Алматы жұртшылығы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры ғимаратына жиналған зиялы қауым бедерлі жылдар белесінде ел дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетіне тоқталып, жақын-жуығына көңіл айтты. Қоштасу рәсіміне қоғам қайраткерлері, Үкімет мүшелері, бірқатар аймақтың әкімдері, Парламент депутаттары, мәдениет, спорт, басқа да салалардың өкілдері қатысты.
12 Маусым, 2023
Басқа басылымдардан: Санкциялар және сауда соғысы
Астана халықаралық форумында (AIF) жоғары деңгейдегі спикерлер санкциялар мен сауда соғысы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатының дұрыс жұмыс істемей отырғанын сөз етті.
12 Маусым, 2023
Абай облысындағы алапат өрт он төрт адамның өмірін жалмады
Төтеннен тұтанған өрттің де, айтпай келетін апаттың да үлкен-кішісі болмайды. Қай-қайсысы да қауіпті, қай-қайсысы да залалға толы. Бір өкініштісі, орны толмас орасан апат кезінде адам шығыны да болып жатады. Сегіз күннен бері елді сергелдеңге салған апат алдыңғысына қарағанда әлдеқайда ауқымды. Жалын жайпаған жер көлемі өткен жолғы өрттен 20 есеге үлкейіп, жайылып кеткен. Сонымен, салғырттықтың салдарынан Семей өңіріндегі 60 мың гектардан астам орман алқабы бір-ақ сәтте күлге айналды. Ресми дерек бойынша «Семей орманы» резерватының жалпы аумағы 650 мың гектардан асады. Міне, соның оннан бірін от шарпыды. Тілсіз жаудың кесірінен 200 адам Семей қаласындағы жатақханаларды паналауға мәжбүр болды.
12 Маусым, 2023
Тілсіз жаумен күрес толастамайды
Кейінгі күндері еліміздің оңтүстік өңірінде күн күрт ысып, халыққа жайсыздау тиіп тұр. Әсіресе Шымкентте термометр бағаны маусым айы басталғалы +30 градустан төмендеген жоқ.
12 Маусым, 2023
Қазақстанның бас байрағы төмен түсірілді
Астана қаласындағы Қазақстанның мемлекеттік рәміздері алаңында орналасқан ең үлкен Ту төмен түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Маусым, 2023
Геосаяси шиеленіс: Салдары мен шешімі
Қазіргі геосаяси тұрақсыздық кезінде «орта державалардың» дипломатиясы қандай? Орта дәліз – Еуразиядағы өзара байланысты қалай нығайтамыз? Әйелдердің көшбасшылығын арттыру мен қолдау қажет пе? Астана халықаралық форумының екінші күнінде сарапшылар жаһандық мәселелерге қатысты осы сұрақтарға кеңінен тоқталып, шешу жолдарын ұсынды.
11 Маусым, 2023
Жасанды интеллект және жаңа технология
Астана халықаралық форумының екінші күнінде панельдік сессиялар жалғасты. Сондай-ақ брифингтер, құжаттарға қол қою және кездесулер өтті. Іргелі жиынның кезекті жұмыс күні «Энергетикалық қауіпсіздікті қайта қарау: айқын шешімдердің шеңберінен шығу қажеттілігі» панельдік сессиямен басталады.
11 Маусым, 2023
Немістің «DW» ақпарат агенттігінің мәліметіне қарағанда әлем бойынша миллионерлер саны азайған. 2022 жылы мүлікті есепке алмағанда дәулеті миллион доллардан асатын шамамен 21,7 млн адам тіркелген. Қазақстанда да өткен жылғы көрсеткіш бойынша миллионер азаматтар саны бірнеше есе азайған, бар болғаны 1,2 мың адам.
11 Маусым, 2023
Орман өртімен күресіп, ерлікпен көз жұмғандар «Құрмет» орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдай кезінде ерлікпен қаза тапқан орман қызметкерлері «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Маусым, 2023