Редакция таңдауы
Абай облысының ТЖ департаменті қазіргі жағдайды баяндады
Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті ормандағы өртті сөндіру барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Қызыл жалын шарпығанда Ильин қайда болды? ТЖМ жауап берді
Әлеуметтік желіде Абай облысындағы өрт басталған күндері Төтенше жағдайлар министрлігінің бұрынғы басшысы Юрий Ильин Дубайда болды деген ақпарат тарап жүр. Ведомство өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Алматыдағы Орталық ауруханада науқастар АИТВ жұқтырған
Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталды, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт 1-2 күнде сөндірілуі мүмкін
Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы өрт бүгін-ертең толық өшірілуі мүмкін екенін айтты. Қазіргі уақытта өрттің негізгі ошақтары толық бақылауға алынған, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт: Даниал Ахметовтен жауап алынады
Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өрт бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты бірқатар түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл іске немқұрайды болған әр адам міндетті түрде тиісті жазасын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Ерлікпен қаза тапқан 14 орманшы «Құрмет» орденімен марапатталды
«Семей орманы» резерватының 14 қызметкері «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Қаза болған орманшылардың отбасы мүшелері ұшақпен тегін қатынай алады
Абай облысындағы өрт кезінде қаза болған орман қызметкерлерінің отбасы мүшелері жыл соңына дейін ұшақпен тегін қатынай алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Еліміздің азаматтық авиациясында ұшқыш маман тапшылығы болуы мүмкін
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бүгінде азаматтық авиацияда 20 мыңға жуық адам еңбек етеді. Алайда 2025 жылға қарай авиация саласының мамандарына сұраныс еселеп артуы мүмкін деген болжам бар.
14 Маусым, 2023
Абай облысындағы өртке қатысты жаңа деректер айтылды
Жедел штабтың мәліметінше, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 Маусым, 2023
Инфлюенсер ұғымы: жанкештілік пен жауапкершілік
Қазір онлайн-платформа нарығының дәурені жүріп тұр. Қаржы сарапшылары мұнда шамамен триллиондаған қаражат айналымда жүргенін айтады. Жарнаманың 60 пайызы интернет желісіне тиесілі. Бұл сала, әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезінде қарқын алды.
14 Маусым, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен өткен жиында адамзат жетістіктердің барлығына білімнің арқасында қол жеткізгенін және қазір, әсіресе озық технология дәуірінде ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес екенін айтқан еді. Бұл ретте мемлекетіміздің саясатында ғылым мен технология, инновациялық даму ел экономикасын өркендетудегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып отыр.
14 Маусым, 2023
Жыл өткен сайын ішкі әуе қатынасында жаңа бағыттар ашылып, халықаралық рейстер де жаңғырып келеді. Жуырда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев 2025 жылға дейін елден Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк бағыттарына әуе рейстері ашылатынын хабарлады. Бұл – жоспар. Оны орындау үшін авиация саласындағы компаниялар халықаралық талаптарға сай жұмыс істеп, мамандардың даярлығына, сапаға, қауіпсіздікке көбірек көңіл бөлуге тиіс. Көңіл жабырқататыны, бізде саладағы мамандардың, соның ішінде ұшқыштардың жасы ұлғайып барады. Бірақ бұл – ұшқыш болуға ниетті жастар жоқ дегенді білдірмейді.
14 Маусым, 2023
Медициналық технологияның игілігі
Ұлттық нейрохирургия орталығында 15 жылда 60 мыңнан астам пациент емделіп, тәжірибелі хирургтер 40 мыңнан астам науқасқа операция жасаған. Кейінгі жылдары орталықтың жұмысын ширату мақсатында 70 медициналық технология енгізілген. Орталықтағы осы және өзге де орайлы істерге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ұлттық нейрохирургия орталығында ұйымдастырған баспасөз турында қанықтық.
14 Маусым, 2023
Абай облысындағы алапат өрттің ауыздықталмауы облыс орталығы – Семей қаласының тұрғындарын да алаңдата бастады. Өйткені тілсіз жау қала маңындағы Озерки ауылдық округіне қарасты Каштак, Талица елді мекендерінің төңірегіндегі орманды алқаптарға дейін жайылды. Жанған ағаштардың түтіні барған сайын қоюланып, көкті тұмшалағаны соншалық, алыстан да анық көріне бастады. Полиция аталған елді мекендердің бағытындағы жолға тосқауыл қойып, бет алған көліктерді кері қайтару үстінде. Өрттің өршуіне аптап ыстық пен күшейген желдің де әсері болып тұр.
14 Маусым, 2023
«Jusan Bank» активтері елге қайтарылды
Әділет министрлігі таратқан мәліметке қарағанда, «Jusan Bank» активтері еліміздің юрисдикциясына толығымен қайтарылды.
14 Маусым, 2023
Жыл сайын тәуелсіз сарапшылар тобы әлем халықтары арасында сауалнама жүргізе отырып, Бақыт индексінің көрсеткіштерін анықтайды. Бұл индексті анықтайтын зерттеулердің ішінде «World Happiness Report 2023» және «Global Happiness 2023» есептері бар.
13 Маусым, 2023
Бүгінде церебралды сал ауруына шалдыққан бала санының көбеюі қоғамды алаңдатады. Көрсең қабырғаң қайысатын бейкүнә сәбилердің жағдайын жасау мемлекет назарынан тыс қалмауға тиіс. Осы ретте өңір орталығы Талдықорғанда ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған екі бірдей оңалту орталығы ашылды.
13 Маусым, 2023
Отан отбасынан басталса, ал отбасы – баладан, саналы ұрпақ тәрбиеден тамыр алады. Себебі елдің ертеңі еркін ойлы, тәрбиелі жастың қолында. Дәл осы мақсатты мұрат тұтқан «Замандас» отбасылық аула клубының театр студиясындағы балалар мен оқытушылар елордалық көрермендер назарына «Алтын өлке аңызы» ертегісінің премьерасын ұсынды.
13 Маусым, 2023
ТҮРКСОЙ – 30 жыл: Түркі жұртының өрісті кезеңі
Алматыдағы Ұлттық кітапханада ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының 30 жылдығына арналған «Түркі әлемінің бірлігі» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті. Көрменің басты мақсаты – тегі бір түркі халықтарының тарихи және әдеби құндылықтарын ұлықтау, өскелең ұрпаққа жауһар жәдігерлерді насихаттау әрі мәдениет саласындағы өзара қарым-қатынасты нығайту.
13 Маусым, 2023
«KazStoneBox» өніміне сұраныс көп
«Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық инвестициялық форумы Жамбыл облысында көптеген жаңа бастаманы жүзеге асыруға мүмкіндік туғызып отыр. Аталған форум аясында ашылған гофрленген картон және тастан жасалатын дайын қағаз қаптама өндіру зауыты өңір экономикасына тың серпін беретіні анық.
13 Маусым, 2023