Редакция таңдауы
Электрондық коммерция нарығының деңгейі
ЕЭК Сауда жөніндегі алқасының мүшесі Андрей Слепнев 12 мамырда, Мәскеуде өткен брифинг барысында ЕАЭО елдері бірыңғай электрондық коммерция нарығын құруға қам жасап жатқанын хабарлады. «ЕАЭО-да бірыңғай электрондық коммерция нарығы болуы керек. Деректерді сақтауды қорғау, оларды стандарттау, тұтынушылар мен сатушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешу қажет», деді ЕЭК министрі Андрей Слепнев.
15 Маусым, 2023
Әлеуметтік қорғау инспекторлары іске кіріседі
Әлеуметтік саланың тілімен айтқанда, ерекше адамдарға ерекше қамқорлық қажет. Ондай әлеуметтік жағдай жасауға еліміздің әлеуеті жетеді. Мүгедектігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құру – өркениетті қоғамның міндеті. Енді мұның бәрін қадағалап, реттеп, олардың мұң-мұқтажын жоғарыға жеткізіп отыратын құзырлы сала құрылмақ. Әлеуметтік кодекске сәйкес, биыл 1 шілдеден бастап елімізде әлеуметтік қорғау инспекторлары жұмыс істейді.
15 Маусым, 2023
Аумақтық әскердің қуаты қандай?
Елімізде аумақтық әскерлердің құрылғанына 6 жыл толды. 2017 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылған болатын. Ал 2018 жылғы сәуірде әкімдіктердің жанындағы аумақтық қорғаныс құрамалары Қарулы күштер аумақтық әскерлерінің әскери бөлімдері болып қайта құрылды.
15 Маусым, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2023-2024 оқу жылына отандық жоғары оқу орындардарына түсуге арналған ҰБТ-ның шекті ұпайларын жариялады.
15 Маусым, 2023
Үндістанда үздік атанған «Бесік жыры»
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жарыққа шыққан «Бесік жыры» қысқаметражды анимациялық фильмі Үндістанда өткен Roshani International film festival 2023 фестивалінде «Үздік анимациялық фильм» атағын жеңіп алды.
14 Маусым, 2023
Жарыс десе арқасы қоза ақтарыла түсетін жас шабандоз Ақылжан Құрмашты білесіз бе? Бәйгеде бәс тіккен ат құмар ағайын жақсы тануы керек. Ол 7-сынып оқушысы һәм бір жылда жиырма жүлдені қанжығасына байлаған.
14 Маусым, 2023
Сексенінші жылдардан бастау алған «Ұлытау үні» фестивалінің басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу. Өнер додасы биыл 31-мәрте жалауын желбіретті.
14 Маусым, 2023
Бұлақ ауылының эвакуацияланған тұрғындары үйлеріне қайтарылды
Абай облысының әкімдігі эвакуацияланған тұрғындардың үйлеріне қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
Абай облысындағы өрт оқшауланды
14 маусым сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша Абай облысындағы «Семей орманы» табиғи резерваты аумағындағы табиғи өрт оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Маусым, 2023
«Ержан Бекбауұлы Исақұловқа кең саяси ой-өріс, өткірлігі лазер сәулесінің қуатты жарқылындай биік деңгейлі кәсібилік, қашанда, қай істе де Құдай бере салған терең түйсік, сирек кездесетін моральдық-жігерлілік және іскерлік қасиеттер тән, кейбір адамдар мұны байқай да бермейді. Аралас-құраласта қарапайым, аналитикалық ойлауға бейім, басшы ретінде кесімді де шешімді, салқын сабырлы, дәйім тап-тұйнақтай, сарабдал, өте зиялы, үйренуден жалықпайды. Оның дара тұлғасының ерекшелігі мен сипаттарын осындай көтеріңкі сөздермен әлі талай айта беруге болады. Сөйткен күннің өзінде, менің ойымша, оның бейнесін толық күйде ешкім де, ешқашан ашып бере алмайды» – бұл сөзді осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен ҰҚК ардагері, генерал-майор Есенгелді Мұстафетов жазыпты.
14 Маусым, 2023
«Туа білген халық тәрбиелей де білу керек»
Елімізде ресми есепте 6 616 774 бала тұр екен. Оның ішіндегі 3,7 миллион жасөспірім 17 жасқа дейінгі оқушылар санатында. Ал ЮНИСЕФ халықаралық ұйымының дерегіне сүйенсек, олардың 66 пайызы білім алу кезеңдерінде зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке тап болады екен.
14 Маусым, 2023
Жаңа тренд: сәнге айналған садақ ату
Елімізде мерген жастар қатары көбейіп келеді. Бүгінде Дәстүрлі садақ ату спортымен айналысып жүргендердің қатары екі мыңнан асады. Ұлттық құндылықты жаңғырту жолында өңірлерде арнайы орталықтар да ашылып жатыр. Мұндай орталықтардың саны қазір 15-ке жетті.
14 Маусым, 2023
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 127 мыңнан астам тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы – қазақ тілінде, 26 пайызы – орыс тілінде, 0,1 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
14 Маусым, 2023
Baiqonyr жас режиссерлердің бағын жандырады
2016 жылы Қазақстанның кинематографиялық картасында жаңа кинобәйге – Baiqonyr пайда болды. Бұл атау кездейсоқ таңдалмаған. Байқоңыр ғарыш айлағымен аттас кинофестиваль тұсауы кесілген алғашқы жылы-ақ арынды екпінмен дүбірлеп келіп, жаңа орбитаға шығу мүмкіндігі бар жас кинематографистер үшін ұшу алаңы ретінде қарастырылды. Фестивальдің авторлығы мен жетекшілігі Әнуар Кенжебаевқа тиесілі. Биыл өткен Қазақстан киносыншылары қауымдастығы ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ол «Фестиваль қозғалысына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды. Baiqonyr президенті биыл 6-10 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтетін кинофестивальдің басты жаңалықтары туралы айтып, іс-шара тарихындағы қызықты деректерді еске алды.
14 Маусым, 2023
Көркем әдебиетті оқыған адам үлкен адамгершілік мектептен өтеді. Көркем шығарма жүрекке сәуле түсіріп, ар-ұжданыңды оятатын қасиетке ие әрі жақсылыққа үндейтін ізгі досың секілді.
14 Маусым, 2023
Әлеуметтік желілердің ішіндегі ең үлкен платформалардың бірі Facebook екені белгілі. Оған әлемнің үштен бір бөлігі тіркелген. Компания бұған дейін желі қолданушыларының жеке деректерін таратқаны үшін сынға ұшыраған еді. Енді олар тәуелділік тудыратын байланыс құралдарын қолданды деп айыпталып жатыр. Facebook платформасында әкімші қызметін атқарған Сенди Прокилостың айтуынша, желінің бизнес жоспары – сіз бен біздің өміріміздегі ең құнды дүние – уақытымызды алу, артынша оны жарнама агенттіктеріне сату.
14 Маусым, 2023
Осыдан жарты ғасыр бұрын ару қала Алматы жаз шыға ерекше құлпырып кететін. Оқтай түзу көшелердегі жап-жасыл ағаштар, көздің жауын алатын алқызыл гүлдер алыстан менмұндалайтын. Арықтардағы сылдырлап ағып жатқан мөлдір су қандай еді. Ол кезде қазіргідей көшелерде кептеліс жоқ, трамвай, автобустар толассыз жолаушыларды қалаған жеріне жеткізетін. Алматының сұлу көрінісіне тамсана қарап келе жатқанымда Киров көшесінің бойындағы түшпараханаға келіп қалыппын. Енді бір сағаттан кейін емтихан. Арманымыз – журналист болу. Ол кезде еліміздегі бірден-бір журналистер әзірлейтін оқу орны – С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсу қиынның қияметі болғаны да белгілі.
14 Маусым, 2023
Абай облысының аумағын, нақты айтқанда, Бородулиха ауданының ауылдары мен Семей қаласына қарасты ауылдардың жалпы жағдайы тап қазір күрделі күйде. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов өрттің негізгі ошақтарының бірі саналатын Талица ауылында жүргенімен, әзірге ол жақтан нақты мәлімет түсіп жатқан жоқ.
14 Маусым, 2023
Қостанайда кезінде Тобыл жағалауын мекендеген Мінайдар болыс бастаған қазақ байларының қаржысына салынған Марал ишан атындағы ақ мешіттің 130 жылдық белесі аталып өтті. Дүбірлі тойға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай, өңір зиялылары, Марал ишан Құрманұлының Тобыл, Сыр өңірі мен Ташкентке тараған ұрпақтары келіп қатысты.
14 Маусым, 2023