Редакция таңдауы
Еңсемізді басқан импортқа тәуелділік
Импортқа тәуелділік Үкімет пен экономика үшін «Ахиллес өкшесі» екені сарапшылар қауымына белгілі. Импорттың орнын отандық өніммен алмастырамын, яғни отандық өндіріс ашамын деп сол салаға қаржыны аямай құюы керісінше импортты асқындырып жіберген кездері аз емес.
24 Сәуір, 2023
Әл-ауқатты көтеру тетігі мен заң үйлессе...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте халық ай сайын қаржысының тең жартысынан астамын азық-түлікке жұмсайтынын айтты. Үкіметтің әрекетсіздігін сынап, тыйым салу және шектеу шаралары қиындықтың бетін қайтарса да, жүйелі іске бастамай тұрғанын қаперге салды.
24 Сәуір, 2023
Ана тілі, «Абай жолы» және Алина
Ол әлеуметтік желідегі парақшаларының маңдайына «Қазақ тілін насихаттаушы» деп бадырайтып жазып қойыпты. Өзімен сөйлестік. «Тегім – корей, ұлтым – неміс, тілім мен рухым – қазақ», деп жауап берді. Сосын оның онлайн сабақтары туралы бейнематериалдарды ақтарып көрдік, мемлекеттік тілді өзгеше методикамен үйретіп жүр екен.
24 Сәуір, 2023
Атырау облысында 300-ге жуық медицина қызметкері жетіспейді. Оның ішінде 183 дәрігердің орны бос тұр. Бұл мәселе кейінгі үш жылдан бері оқтын-оқтын қозғалғанымен, әлі толық шешімін таппай отыр.
24 Сәуір, 2023
Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның орынбасарлары А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Әскер Бейсенов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Сәуір, 2023
Әзербайжанның танымал ақыны «Egemen Qazaqstan» редакциясында қонақта болды
Бүгін, 24 сәуірде «Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында Әзербайжанның танымал ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әкбар Гошалының шығаршылығына арналған кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Президент Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Сәуір, 2023
Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67 пайызға артты
Премьер-министр Әлихан Смайылов пен елімізге ресми сапармен келген Чехия Премьер-министрі Петр Фиала қазақ-чех ынтымақтастығын одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
24 Сәуір, 2023
Атаулы әлеуметтік көмек жойыла ма?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында мемлекеттік қолдаудың жаңа парадигмасы жөнінде егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Жұмыс істейтін ана декретке шыққандағы төлемді жалақысының 40% көлемінде алады - министр
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасындағы үш өзгерісті атады
Халықаралық олимпиада жүлдегерлері автоматты түрде «Болашақ» стипендиясын алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
ҰБТ-ның сұрақтары мен форматы түбегейлі өзгереді - Саясат Нұрбек
Ұлттық бірыңғай тест сұрақтары мен емтиханның өткізілу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Сәуір, 2023
Қырғызстанда мемлекеттік тілдің өрісі кеңейеді
Қырғызстан Парламенті мемлекеттік тілге қатысты заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжатқа сәйкес ендігі жерде бүкіл мемлекеттік органдар қырғыз тілінде сөйлеуге тиіс. Айыр қалпақты ағайынның мұндай қадамға баруы уақыт еншісіндегі шаруа болатын.
24 Сәуір, 2023
Ғылымға серпін беретін – жастар
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Күнсұлу Закарья жастармен кездесті. Негізгі талқы ғылымды жандандыру, жас ғалымдарды қолдау тақырыбында өрбіді. Академия басшысы жастардың ұсынысы мен ғылымды дамытуға бағытталған жобаларға ашық екенін айтты.
24 Сәуір, 2023
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы: Банктердің ахуалы қандай?
Елімізде жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты занның жұмыс істей бастағанына бір айдан асты. Осы аралықта азаматтардан 45 223 өтінім келіп түскен. Соның 9 816-сы қарастырылып жатса, 4 905 өтінімге мақұлдау берілген. 30 436 өтінім қабылданбаған. Өтінімдердің басым бөлігі Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан, Алматы мен Астана қаласынан келіп түскен. Осы орайда жеке тұлғалардың банкроттығына байланысты қарыз портфеліндегі есеп-қисабы біраз өзгеріске ұшырауы мүмкін екінші деңгейлі банктерге сауал жолдадық.
24 Сәуір, 2023
Көлік-логистика саласындағы ізденістер
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет үйінде өткен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте байтақ даламыздан өтетін халықаралық дәліздерге аса мән бергені мәлім. Еліміздің Батыс пен Шығыс елдерінің арасына географиялық жағынан өте қолайлы орналасуын есепке алсақ, сала бойынша Президент тапсырмаларын артығымен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
24 Сәуір, 2023
Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Әлихан Бөкейхан атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Бақытжан Тобаяқтың 70 жасқа толуына орай «Арқа мен Жетісу айбозы» атты шығармашылық кеш өтті. Ақынның замандастары, зиялы қауым мен оқырмандар қатысқан іс-шарада кеш иесінің шығармашылығы төңірегінде әңгіме айтылып, қазақ өнерінің көрігі қыза түсті.
24 Сәуір, 2023
Қолданыстағы заң идеяны кепілге қоюға рұқсат бергенімен, банктер оны кепілзат деп танып, несие беруге асығар емес. Батыстың дамыған елдерінде IT-дан бастап шығармашылық идеяға зияткерлік меншік құқық беріледі. Банктер оны кепілге алып, несие де үлестіреді.
24 Сәуір, 2023
Өңірлердегі IT-стартаптарды қолдау және инновациялық жобаларды дамыту мақсатында халықаралық «Astana Hub» технопаркінің қолдауымен «Jaiq Hub» (Батыс Қазақстан облысы) және «Kyzylorda Hub» (Қызылорда облысы) IT-хабтары ашылды.
24 Сәуір, 2023