Редакция таңдауы
Ядролық қарудан бас тарту қалай жүзеге асты?
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан ядролық қаруды қолдануға қарсылық танытып, бейбітшілік жолын таңдайтынын жариялады. Бірден атом бомбасын таратпау туралы шартқа қосылды. Елдің ядролық қарудан бас тарту хронологиясын зерделесек, Қазақ елі осылайша әлемдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтуға негіз болар бірегей шешім қабылдағанын көреміз. Бұл еліміздің сыртқы саясаттағы маңызды бағыттарының бірі болып қала бермек.
13 Наурыз, 2023
Қазақстан-Еуроодақ: Ынтымақтастықтың жаңа белесі
Қазақстан мен Еуроодақ арасында байланыс нығайды. Көптеген еуропалық компания аймақтағы геосаяси жағдайға байланысты елге келуге ниет білдіріп жатыр. Осыған орай инвестиция көлемі де кейінгі жылдары айтарлықтай өскен. Ал Батыстың мұндай қызығушылығы мен ұмтылысын Қазақстан қалай қабылдап отыр?
13 Наурыз, 2023
Банкроттыққа өтінім беру үшін қандай құжат қажет?
3 наурыздан бері жеке тұлға банкроттығы бойынша өтінім қабылдау жүріп жатыр. Өтінімді қарыз төлеушінің өзі ғана жолдай алады. Бұл ретте eGov.kz порталын және eGov Mobile мобильді қосымшасын пайдалану ыңғайлы болмақ. Бірақ өтінім бермей тұрып қаперге алатын біраз факторлар бар.
13 Наурыз, 2023
Партиялар пікірталасы: Сөзден – іске
КТК телеарнасының тікелей эфирінде Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдері пікірталасқа түсті. Теледебатқа «Amanat» партиясынан Айдос Сарым, «Ауыл» халықтық демократиялық партиясынан Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясынан Динара Шүкіжанова, Қазақстан халық партиясынан Ермұхамет Ертісбаев, «Байтақ» жасылдар партиясынан Айнұр Сәбитова, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Асхат Рахымжанов қатысып, елді дамыту жолындағы орамды ой-ұсыныстарын ортаға салды.
13 Наурыз, 2023
Жалғызілікті әкелер санда жоқ, санатқа да кірмей тұр
Қоғамда жалғызілікті әкелер осы санаттағы әйелдерге қарағанда анағұрлым аз көрінгенімен, бейресми деректерге сүйенсек, қазір елімізде 70 мыңға жуық әке бала-шағасын бір өзі бағып жүрген көрінеді. Олар қандай санатқа жатады, мемлекет тарапынан қандай әлеуметтік көмек алады?
13 Наурыз, 2023
Әдебиетіміздің көрнекті тұлғасы, жазушы Сәбит Мұқановтың Алматыда тұрған үйінде 1978 жылы музейі ашылған болатын. Оған да, міне, биыл 45 жыл толды. Бұл рухани, мәдени ошақта жазушының қолының табы сіңген, тұтынып пайдаланған, сыйға алған талай заттары сақтаулы.
13 Наурыз, 2023
Ауыл әкімінің абыройы қайтсе артады?
Қазір әкім болу, әсіресе ауылға басшылық жасау – жылы кабинет, жұмсақ орындықта отыру емес екені анық білініп келеді. Ауылдың қым-қуыт тіршілігінің бел ортасынан табылып, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын әрі тұрмыстық проблемаларының түйінін тарқатуға білім-білігі мен іс-тәжірибесін жұмылдыратын адамды тұрғындар өздері таңдап алатын күнге жеттік.
12 Наурыз, 2023
Конституциялық сот: Қоғамнан қолдау тапқан құрылым
«Көптеген мемлекетте Конституциялық сот институты бар. Оған кез келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында мұндай орган Қазақстанда болған. Сарапшылар Ата Заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды. Соны ескере отырып, мен елімізде Конституциялық сот құруды ұсынамын». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір жыл бұрын жариялаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауындағы қоғамнан қолдау тапқан саяси жаңалықтың бірі – елімізде Конституциялық сот құру идеясы еді. Өйткені адамдар жүрген ортада күн сайын сан тарау оқиға болып жатады. Ал бағдарлы болашаққа бет түзеген әрбір елдің ең негізгі ұстыны – азаматтардың заңды құқығы сақталып, әділдіктің салтанат құруына жағдай жасау.
12 Наурыз, 2023
Ақпанның соңында Грузия парламенті «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» және «Шетел агенттерін тіркеу туралы» деп аталатын екі заң жобасын қарап, соңғысын мақұлдаған еді. Алайда бұл заң жобаларына қарсы шыққандар көп болды.
12 Наурыз, 2023
Сарапшылар алдағы Мәжіліс сайлауына түсіп жатқан саяси партиялардың кемшін тұстары мен мүмкіндіктерін талқылады. Олардың айтуынша, партиялар Қазақстан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың нақты саяси құралдарын тиімді пайдалана алмай келеді. Ал мемлекет олардың саяси науқанға қатысып, өздерін танытуға барынша қолдау танытып отыр.
12 Наурыз, 2023
1923 жылы Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдығында жасаған баяндамасын Мұхтар Әуезов былай бастаған: «Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тәуір күндердің бірі деп саналады. Сол оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ахаң ...».
12 Наурыз, 2023
Бір адамның мүддесі бүтін ұлттың басына қара бұлт үйіруі мүмкін. Қазіргі майданның келбеті сондай. Уағында Гитлерге ерген немістер бармағын шайнаған. Сол соғыстың сорын біз де жұтқанбыз, есіңізде болса? Аналарымыз жастай жесір қалды, аталарымыз ерте есейді. Ал біз бүгін отыз бестің өзін жас көреміз. Айтпақшы, ұлы істер қанша жастан басталады? Парсы сабағы сізге де сабақ болсын, оқып шығыңыз...
12 Наурыз, 2023
Музыка мәтініндегі драма ойыңды онға бөлетіні, жан әлеміңді тас-талқан ететіні рас. Бұл әнде пафос та, лирика да жоқ. Есесіне ұлттың трагедиясынан аза бойың қаза болғандай күй кешесің. Бір ғасырдың қасіреті көз алдыңнан кино сюжеті секілді өтіп жатады. Талғамсыздық салтанат құрған ғасырда «Қара кемпір» секілді шығармаларды бір мезгіл тыңдап тұрғанның артықтығы жоқ.
12 Наурыз, 2023
Күйдің бір қасиеті аңыз шақырып тұратынында, бәлкім аңыздың өзі күй тілеп тұра ма екен? Анығы, қазақтың өмірі аңызға бергісіз, күй тіліндей көңіл баурағыштығында шығар. Көңіл күй деп айта ма әйтпесе? «Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай» деген атақты сөзді өткенде басқаша түсіндірген жазбаға кездестік.
12 Наурыз, 2023
Куба қабыланымен күш сынасқысы келеді
Орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанып отырған 29 жастағы қазақтың кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы Куба қабыланы Эрисланди Лараны жекпе-жекке шақырды. Ал сол былғары қолғап шебері жайында біз не білеміз?
12 Наурыз, 2023
Қазақ жанкүйерлері өзбекстандық Одилхон Камоловты жақсы біледі. «OCTAGON» лигасында өнер көрсетіп жүрген ол Алматыға келіп, жерлестерімізбен үш рет күш сынасты. Сол жарыстарда Камолов Айдар Әліпхан мен Еркебұлан Тоқтарды айқын басымдықпен жеңіп, Жақсылық Тұрсынбайдан ойсырай жеңілді.
12 Наурыз, 2023
Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері күн күрт жылынып, еріген қар суы елді дүрліктіріп жатыр. Өңірдегі бірнеше өзенде су деңгейі көтеріліп, арнасына толған. Орал қаласында 8 үйге су кіріп, бірнеше ғимараттың жертөлесін кәріз бен қар суы басты.
12 Наурыз, 2023
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының екінші туры аясында өткен жеті ойынның үшеуінде ірі есеп тіркелді.
12 Наурыз, 2023
Көлікке жалған техникалық байқау құжатын жасатқандарға жаза күшейеді
Енді көлікті техникалық байқаудан өткізбей өтірік құжат жасағандар заң бойынша жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2023
Головкин зейнетке шығуы мүмкін – Райан О’Хара
Журналист Райан О ' Хара қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мансабын жалғастыру мүмкіндігі туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
12 Наурыз, 2023