Редакция таңдауы
Ақсуды айтсақ, баяғы Қожаның айна алдындағы монологі еске түседі. Қант өңдеуде қалыс қалған аудан қайсы? – Ақсу. жолы шұрық-тесік аудан қайсы? – Ақсу. денсаулық саласына шағым көп түсетін аудан қайсы? – тағы да Ақсу. 2022 жылдың негізгі көрсеткіштері бойынша облыста соңғы орында қалған тағы да осы Ақсу… Енді жаңа әкіммен жайы қалай болар екен?
26 Сәуір, 2023
Дәстүрлі «Парктер шеруі – 2023» акциясы аясында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкері Әмір Базилов мектеп оқушыларына құстарға ұя жасауды үйретіп, шеберлік сабағын өткізді.
25 Сәуір, 2023
15 сәуірден бастап елімізде «Киік» акциясы басталды. Осы түз жануарының төлдейтін мезгіліне сәйкес келетін табиғат қорғау шарасы бір айға созылады. Оған еліміздің бірнеше облысының табиғат қорғау инспекторлары мен ІІМ және ҰҚК мамандары да қатысады. Мақсат – заңсыз киік аулайтын қылмыстық топтардың жолын кесу. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директоры Марлен Айнабеков мәлімдеді.
25 Сәуір, 2023
Ел ішінде «Талдықорған – таза қала» деген ұғым бар. Табиғаты көркем мекенді солай айтса да жарасады. Әйтсе де, қоғам әртүрлі, бәрі бірдей өмір сүрмейді. Адам жүрген жерде қоқыстың да қоса ілесері анық, бірақ, оны арнайы жәшікке салуға ерінетіндерді қайтесіз. Осыны ескерген экобелсенділер сенбілік ұйымдастырып, тұрғындарды шаһарды таза ұстауға шақырды.
25 Сәуір, 2023
Таяуда қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Журналист – өмір барлаушысы. Журналистика – өмір мектебі» атты сұхбат кітабы жарық көрді. Оның кейіпкері – төл баспасөзімізде 48 жыл тынбай еңбек еткен кәсіби журналист Жанболат Әлиханұлы Аупбаев. Өмірден көргені мен түйгені мол аға буын өкілінің авторға диалог, интервью түрінде айтқан әңгімелерінде кешегі заман, бүгінгі қоғам жөніндегі ойлары ешкімді енжар қалдырмаса керек. Кейіпкердің, әсіресе қазіргі қазақ руханиятындағы тұлғалар, олардың орны мен рөлі туралы түйіп айтқан толғамдары ерекше.
25 Сәуір, 2023
Өткен күндерге қайырыла қарасақ, бәрі – ностальгия. Мен 2008 жылы Үрімжі қаласының маңында орналасқан Санжы дейтін шаһардағы университетте студентпін. «Мұхтар Шаханов Шыңжаңға келеді екен» деген хабар тарағалы біз күн санай бастадық. Мақсатымыз – Шахановты өз көзімізбен көру. Себебі, ол кезде қытай қазақтары арасында Абай мен Мұқағали Мақатаевтан кейін Мұхтар Шахановтың өлеңдері көп оқылды.
25 Сәуір, 2023
Бауыржан Нөгербек ұлттық кино өнерінің ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде зерделенуіне бар күш-жігерін жұмсаған жан. Ол туралы сөз айтудың өзі көңілге жып-жылы шуағын төгеді. Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен кино зерттеушісінің 75 жылдығына арналған «Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» атты халықаралық форумда тұлға туралы тұшымды естеліктер айтылып, ғалымның кинотану іліміне қосқан сүбелі еңбегі жан-жақты сараланды.
25 Сәуір, 2023
Мағжан мен Зылиха махаббаты – корей сахнасында
Алашқа адал қызмет еткен арда арыстардың алыста қалған қасіретті тағдырын сахна тілінде суреттеу қадамының қайсысы да көрермен тарапынан ықылассыз қалған емес. Поэзиясында махаббатқа айрықша орын беріп, сезім мен сүйіспеншілікті тамылжыта жырлаудан талмай кеткен Мағжан Жұмабаев пен жан жары Зылиханың махаббатын баяндаған Алматыдағы Мемлекеттік Корей музыкалық драма театрының «Әйел махаббаты» спектаклі жиналған көпұлтты көрерменнің көңілін бір-ақ сәтте баурап алды. «Көзбен көріп, ішпен білетін» махаббаттың тілін түсіну үшін тәржіманың керегі де жоқ. Бастысы, әйелдің мөлдіреген таза сезімі бар, маздаған от, жарға деген адалдық бар.
25 Сәуір, 2023
Сәбит Мұқановтың музейіндегі қонақ бөлменің төрінде жатқан аюдың терісіне алпыс жылдан астам уақыт өтіпті. Айтсаң, аңыз сияқты.
25 Сәуір, 2023
Ақордада есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспар талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспарды әзірлеуші орталық мемлекеттік органдар басшыларымен кездесу өтті. Жиында синтетикалық есірткінің таралуы жіті қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Сәуір, 2023
Бекарыстан Аманжолов: Сәбидің өмірі қыл үстінде тұрғанда, менің қорқынышым түк те емес
Әлеуметтік желіде досының қызына донор болып, кішкентай сәбидің өмірін аман алып қалған ер адамның игі ісі көпшілікті тәнті қылды. Осы орайда Egemen.kz тілшісі «Бүгінгі күннің нағыз батыры» атанған Бекарыстан Аманжоловпен сұхбаттасып, ота жайлы тың дерек жинады.
25 Сәуір, 2023
Инфляцияны тежеу үшін қандай шаралар қабылданады?
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Премьер-министрге инфляцияны бақылау және төмендету бойынша қандай шараларды жүзеге асырып жатқаны туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Сәуір, 2023
Жаңаөзенде құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды
2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты «Тазалық-С» ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген, деп хабарлайды Egemen.kz Маңғыстау облысы прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
25 Сәуір, 2023
Атырау облысында әлі де шешімін таппаған проблема жетерлік. Өңірге арнайы келген Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов әлеуметтік салада қордаланған кейбір мәселелерге назар аударды.
25 Сәуір, 2023
Дәрі-дәрмектің саясатқа не қатысы бар?
ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы кіндік Азиядағы субөңірлік саяси диалогын жүргізу үшін Қазақстанды таңдауының өзіндік алғы-шарттары бар. Біз бұған дейін де халықаралық құзырлы ұйым биылғы қазан 73-ші сессиясын өткізу үшін Астана қаласына келетінін, амандық болса оған жүздеген мемлекеттің өкілдері қатысатынын жазған едік.
25 Сәуір, 2023
Қазіргі қоғамда ана тіліміздің құндылығы мағыналық, танымдық жағынан арта түскені байқалып отыр. Мұны Тәуелсіздіктен бері осы салада зерттеу жүргізіп келе жатқан ғалымдарымыздың орасан зор еңбегі деп түсінеміз. Ғаламтор кеңістігінде қазақ тілі блогосферасының қауырт дамуы, оның оқырман аудиториясына әсер етуі ғалымдардың алдына бірқатар міндеттер жүктеп отыр.
24 Сәуір, 2023
Семей қаласындағы Шөже Қаржаубайұлы атындағы көшенің бойынан алыстан көз тартатын еңселі әрі әдемі ғимарат бой көтерді. Бұл – Әлихан Бөкейхан университетінің студенттері үшін салынған ерекше үлгідегі жатақхана.
24 Сәуір, 2023
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, екі ғасырдың ұрпағына да белгілі талант иесі, ақын Қадыр Мырза Әлінің өлеңдері ел аузында жиі айтылатын афоризмге айналғанын бәріміз білеміз. «Өлеңге айтып қойыппын, Өмірдің айтпа дегенін» деп, бар болмысын поэзиясына сыйдыра білген Қадыр ағамыздың «көзі кеткеннен» кейін шығармаларына қиянат жасап жүрген жайымыз бар.
24 Сәуір, 2023
Еңсемізді басқан импортқа тәуелділік
Импортқа тәуелділік Үкімет пен экономика үшін «Ахиллес өкшесі» екені сарапшылар қауымына белгілі. Импорттың орнын отандық өніммен алмастырамын, яғни отандық өндіріс ашамын деп сол салаға қаржыны аямай құюы керісінше импортты асқындырып жіберген кездері аз емес.
24 Сәуір, 2023