Редакция таңдауы
Азық-түлік тапшылығы қалай шешіледі?
Кейінгі уақытта кейбір азық-түлік бағасының өскені анықталып отыр. Мысалы, өткен аптада Түркістан қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 100,5%-ды, ал жыл басынан бері 102%-ды құрады. Осы кезеңде пияздың бағасы 4,3%-ға (139-дан 145 теңгеге дейін), тұздың бағасы 3,8%-ға (52-ден 54 теңгеге дейін), рожкидың бағасы 2%-ға (302-ден 308 теңгеге дейін), күріштің бағасы 1,3%-ға (375-тен 380 теңгеге дейін), сары майдың бағасы 0,7%-ға (3 661-ден 3 686 теңгеге дейін) өсті.
09 Ақпан, 2023
1955 жылы ғалым Альберт Эйнштейн қайтыс болғаннан кейін оның миы алынып, 240 бөлікке бөлшектеліп, бүкіл әлем ғалымдарына бір-бірден таратылды. Сол Эйнштейннің миы қазір қайда?
09 Ақпан, 2023
Кең қолтық, дарқан мінез ауыл қазағының жас баладай аңқаулығына таңғалмасқа лаж жоқ. Мәселен, Ақкөл ауданына қарасты бірнеше ауылдың малсақ қауымы айдың-күннің аманында қыруар малынан айырылып, қан қақсап отыр.
09 Ақпан, 2023
«Тарих әлі айтқан жоқ, Созақта не болғанын...»
1930 жылы ақпан айының 7-15 аралығында бұрқ ете қалып, сан мыңдаған жанды қызыл қанға бөктірген атышулы Созақ көтерілісінің салқын лебі халық санасынан өше қойған жоқ. Сол қаралы жылдың қыркүйегінде «Қазақ АССР-нің ауылдық, қыстақтық және селолық кеңестері жанынан құрылған көндіру камералары туралы» ереже бекітіліп, соның негізінде жергілікті билік орындары камералар, абақтылар, лагерьлер ашып, өздеріне күдіктілерді тұтқынға алды. Созақ ауданындағы жазалау лагері де осылай өмірге келіп, талай жазықсыз жанның қанын жүктеді.
09 Ақпан, 2023
Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада кішкентай күнінде қиын дертке ұшырап, ауыр тағдырды басынан өткерген, соның желісімен жазылған «Бәйшешек» кітабының авторы Жәмила Бақтиярқызымен кездесу болды.
09 Ақпан, 2023
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қым-қуыт өтпелі нарықтық заман шырғалаңында, шыны керек, қазақ әдебиетінің әлемдік деңгейде талай ғажайып туынды тудырған піл сүйекті ірі жанры прозаның керуені баяулап, байсал тартқан. Есесіне тұсауы шешілген шайырлардың жыр нөсері толассыз ақ жауындай сіркіреген. Өліара сәтте қазіргі заман, өзіміз өмір сүріп отырған бүгінгі күннің шындығын түп-тамырымен қопарып суреттейтін прозалық шығармалардың жазылмай, бәсеңсіп іркіліс табуы күдік бұлтын қоюлата түскені бар.
09 Ақпан, 2023
9 ақпанға қараған түні Рудныйдағы Горняков көшесінде жылу құбыры жарылып, 24 көпқабатты, 59 жеке тұрғын үй және 17 кәсіпкерлік нысан жылусыз қалды.
09 Ақпан, 2023
Елордада хореографиялық өнердің негізін қалаушылардың бірі, балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиевтің есімі ұлықталды. Талантты ұстазды еске алу мақсатында «Астана Опера» сахнасында «Рақмет, шебер!» атты кеш өтті.
09 Ақпан, 2023
Тағы бір жыл аунап түсіп, Мұқағали ақынның туған күні екенін еске алып отырмыз. Көзі тірісінде-ақ «Естеліктер жазылар мен туралы» деп кеткен ақиық ақынның шығармашылығы, адами болмысы, таланты туралы қаншама еңбек жазылды. Қазіргі күні қазақ поэзиясын Мұқағали Мақатаевсыз елестете алмаймыз. Жылдар өткен сайын ақынның тұтынған заттары жәдігер болып табылып жатыр. Соның бірі – ақынның өзі ұстаған қамшы.
09 Ақпан, 2023
Түркияда үйінді астынан Қазақстан азаматының денесі табылды
Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан ТЖМ бөлімшелерінің Түркия Республикасында жүргізіп жатқан жұмысы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 19 765 004 адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2023 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен елге 64 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Ақпан, 2023
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 391-ге, жараланғандар саны 62 914-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Anadolu» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
09 Ақпан, 2023
Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, бүгінде заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде де танылып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қалада тұрғын үй көптеп салынып, көшіп келушілердің саны жылдан-жылға артып жатыр. Мысалы, 2018 жылы Түркістан қаласы халқының саны 165 400 болса, 2023 жылы 219 550 болып отыр. Тұрғындар саны өскен сайын тұрмыстық тіршілікке қатысты көптеген сұрақтың туындауы заңдылық, яғни өсім бар жерде өзекті мәселелер де болып жатады. Сондықтан аталған мәселелерді дер кезінде шешу – облыс, қала әкімдерінің басты міндеті.
09 Ақпан, 2023
Бес жылда алапес ауруы тіркелген жоқ
Күнделікті тіршілікте көпшілік біле бермейтін, білгеннің өзінде айналып өтуге тырысатын елді мекен бар. Мұнда бұрыннан халық көзінен оқшауланған лепрозорий мекемесі орналасқан. Ежелден келе жатқан кеселдің кесірінен емдеу мекемесінің мәңгілік тұрғындары жұрттан жырақта өмір сүруге мәжбүр. Сондықтан да оған шалдыққандардың адам шошырлық әлпеті мен әлеуметтік жағдайға тиісті мекемелерге ғана мәлім.
09 Ақпан, 2023
Мұхтар Әуезов театры жылашар шымылдығын Флориан Зеллердің «Әке» пьесасы премьерасымен ашты. Орыс тілінен аударған – Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов.
09 Ақпан, 2023
Digital Almaty 2023 форумы аясында Ұлттық банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы, Binance Kazakhstan Technologies Ltd, Astana Hub халықаралық технопаркі және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы төртжақты келісімге қол қойды.
09 Ақпан, 2023
Президент резиденциялары – балалар игілігіне
Бес аймақтағы Президент резиденциялары балалар игілігіне берілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы «Президент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырды. Ал ғимараттардың нақты қандай мақсатта қолданысқа берілетінін енді облыс әкімдіктері анықтап, жүзеге асырмақ.
08 Ақпан, 2023