Редакция таңдауы
Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде еліміздегі барлық өзге ұлт өкілдері қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған, кеңпейіл, даладай дарқан, қонақжай қасиетімен дараланып тұратын қазақ халқына алғыс айтады. Барлығымызға көктеммен бірге жылулық пен мейірім сыйлайтын осы бір ерекше мереке қарсаңында Ұлттық ұлан қатарында жүрген өзге этнос өкілдері де өз ойларын ортаға салып, алғыстарын білдірген еді. Солардың бір тобын оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.
28 Ақпан, 2023
2022 жылдың қараша айында Достық-Мойынты теміржол телімінде екінші жолдарды салу басталғаны мәлім. Аталған телімнің өткізу қабілетін арттыру ел экономикасының еселеп дамуына қызмет етпек. Өйткені отандық өнімнің үздіксіз экспортын қамтамасыз ету және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру жөніндегі алға қойған міндеттерді мүлтіксіз орындауда бұл инфрақұрылымдық жобаның маңызы өте зор.
28 Ақпан, 2023
Қазіргі кезде топырақтың және топырақ жамылғысының экологиялық проблемасы бізде ғана емес, жаһандық көлемде де өткір тұр. Табиғи ресурстарды ретсіз пайдалану топырақты тоздырып жіберді.
28 Ақпан, 2023
Кез келген экологиялық мәселе дер кезінде шешімін таппаса, ертең-ақ халықты әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тығырыққа тірейтіні даусыз. Оған жер-жаһанда да, өз елімізде де мысалдар жетерлік. Мәселен, қалдық су проблемасы оңтүстік өңір тұрғындарын ұдайы толғандырады. Оны жамбылдық әлеумет те талай рет көтерген болатын. Аталған мәселені ғылыми тұрғыдан шешуге қадам жасалғанын естіп қуандық. Жамбылдық ғалымның жаһандық жобасынан біршама ел үміт күтіп отыр.
28 Ақпан, 2023
В12 дәруменінің пайдасын білесіз бе?
Деніміз сау, бойымыз сергек болу үшін бірінші кезекте денсаулықты күткен ләзім. Ол ең алдымен, адамның ағзасына кері әсерін тигізетін темекі, ішімдік секілді зиянды әдеттерден бойды аулақ салудан басталады. Сосын – жас ерекшелігіне қарай спорттық дене жаттығулары мен дұрыс тамақтану режімі. Соның ішінде тамақтану мәселесіне келсек, оның адам денсаулығын жақсартуда көп маңызға ие екенін аңғаруға болады. Керісінше, дұрыс тамақтанбау да адамды әртүрлі кеселге душар етуі мүмкін.
28 Ақпан, 2023
Елордада С5+1 форматындағы кездесу өтіп жатыр
Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматында министрлік кездесу өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Ақпан, 2023
Журналистерге шабуыл ұйымдастырған топ ұсталды
ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2023
Ертең саяси партиялар арасында пікірсайыс өтеді
Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылдың 1 наурызында «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Ақпан, 2023
«Болашақ» түлектері еңбекпен өтеу мерзімін кейінге шегере алады
2023 жылдан бастап шетелде өндірістік тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» президенттік стипендиясының иегерлеріне еңбекпен өтеу мерзімін 1 жылға шегеру мүмкіндігі беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
28 Ақпан, 2023
Допинг дауынан сабақ алатын кез жетті
Кейінгі жылдары қазақ спортының дамуын тежеп тұрған бір мәселе бар болса, бұл – спортшылардың жегіқұртына айналған допинг дауы. Кезінде Олимпия ойындары, әлем чемпионаттары секілді ел мерейін асыратын ірі-ірі байрақты додаларда дараланып, қазақ халқына үлкен қуаныш сыйлаған спортшыларымызды жер-көкке сыйғызбай, төбемізге көтерген едік. Өкінішке қарай, көп ұзамай сол саңлақтарымыздың Олимп шыңын қитұрқы жолмен бағындырғаны дәлелденіп, жер-жаһанның жанкүйерлері алдында масқара болдық...
28 Ақпан, 2023
Бозоқ: ұлттық парк – дарқан дала жылнамасы
Тәуелсіздік жылдарынан бері қоғамда тарихқа деген қызығушылық артты, археологиялық және жазбаша дереккөздердің кең ауқымын зерттеуге мүмкіндік те көбейді. «Мәдени мұра», «Тарих толқынында» бағдарламаларын іске асыру барысында ұлтымыздың орасан зор мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әр халық өз тарихын бөтен идеологияның ықпалына түспей жазуы керек екенін атап өткен еді. Соған сай тамырын тереңнен тартатын ғылыми жұмыстар бүгінгі таңда да екпінді жүргізіліп келеді.
28 Ақпан, 2023
Жамбыл ауданына қарасты Тастөбе ауылындағы «Қызыл дихан» өндірістік кооперативінің құрылғанына ширек ғасырдың жүзі болды. Жемісті еңбек етіп келе жатқан кооперативтің жұмысын жақсы бағалайтындар аз емес. Нуритдин Бегманов басқаратын ұжымда ауыл шаруашылығына қажетті техникалар жеткілікті. Сондай-ақ басшылық қызметкерлердің жағдайын жақсартуға да басымдық беріп отыр.
27 Ақпан, 2023
Бастапқы сатыдағы үдеріске басымдық
Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Ішкі істер министрлігінің қылмыстық үдерістің бастапқы сатыларында азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі талқыланды.
27 Ақпан, 2023
2022 жылдың соңы мен 2023 жылдың басында Қазақстан Орталық Азия елдеріне астық тасымалдау көлемін айтарлықтай арттырды. Былтырғы қазан айынан биылғы қаңтарға дейін қазақ теміржолшылары Сарыағаш шекаралық теміржол қақпасынан 4,3 млн тоннадан астам астық өткізіп үлгеріпті.
27 Ақпан, 2023
Шағын шаруашылықты кім сақтандырады?
Агросекторды сақтандырғысы келетін компаниялардың ықыласы тек ірі шаруашылықтарға ауып тұрғаны, Үкіметтің ауыл мен фермерге қатысты көзқарасы солардың жағдайына қарап қалыптасатыны осыған дейін айтылған. Ауыл шаруашылығындағы олардың үлесі – 4-5 пайыз. Ал қалған 95 пайыз қарамағында 10-15 гектар жері бар ұсақ фермерлердің үлесінде. «Ұсақ фермерлердің жағдайын кім ойлайды?» деген сұрақтың жауабы табылмағанына ондаған жылдар өтті.
27 Ақпан, 2023
Шағын бизнестің несиеге сұранысы төмендеді
Ұлттық банк IV тоқсанда банктер арасында жүргізілген сауалдама қорытындысын жариялады. Сауалдамаға екінші деңгейлі 19 банк қатысты. Шағын және орта бизнеске несие беру шарттарының қатаңдауына байланысты бизнес тарапынан кредитке сұраныс төмендеген. Несие шартының қатаңдауы сыйақы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты болып отыр.
27 Ақпан, 2023
Applied Economics Research Centre (AERC) болжамынша, елімізде инфляцияның шарықтау шегі ақпан айында тіркелуі мүмкін. Бірақ әрі қарай қымбатшылық деңгейі біртіндеп баяулайды дейді отандық сарапшылар. Биыл қаңтарда инфляция деңгейі 20,7 пайыз болды. Елдегі баға өсіміне негізінен азық-түлік тауарлары (+25,7 пайыз) үлес қосты. AERC сарапшыларының айтуынша, жыл басталғалы жүріп жатқан сыртқы факторлар инфляция үшін керағар сипатқа ие болып отыр.
27 Ақпан, 2023
Жылумен қамтудың жаһандық тәжірибесі
Мамандар Екібастұз қаласының жылу электр орталығында ақаудың шығуына желілердің ескіргені себеп болғанын айтады. Ал халық жылу электр орталығына иелік еткен кәсіпкерге кінә артады. Осы оқиғадан соң, қазір Үкімет пен Бас прокуратура елдегі бірқатар ЖЭО-ны мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл істің дұрысы мен бұрысы – уақыт еншісінде. Ал біз тұрғын үйлерді жылытудағы әлем елдерінің тәжірибесін саралап көрелік.
27 Ақпан, 2023
Қолжазбалардағы зұлмат жылдар тарихы
Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазба деректеріндегі – зұлмат заман тарихы» атты халықаралық ғылыми танымдық дөңгелек үстел өтті.
27 Ақпан, 2023
Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді
Жуырда белгілі ақын һәм білікті ғалым Бауыржан Жақыптың Алматыдағы «Әдебиет» баспасынан шыққан «Жүректен қозғайын» деп аталатын қомақты кітабы оқырманға жол тартты. Мұнда оның әдеби сын мақалалары мен әдеби портреттері, эсселер мен естеліктері топтастырылған.
27 Ақпан, 2023