Редакция таңдауы
Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгереді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?
2023 жылдың наурыз айында қазақстандықтар мереке және демалыс күндерін қоса алғанда барлығы 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Ақпан, 2023
Түркиядан Қазақстанға 64 адам эвакуацияланды
Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен елге 64 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Ақпан, 2023
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты
Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 391-ге, жараланғандар саны 62 914-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Anadolu» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
09 Ақпан, 2023
Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, бүгінде заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде де танылып келеді. Облыс орталығы мәртебесін алғаннан бері қалада тұрғын үй көптеп салынып, көшіп келушілердің саны жылдан-жылға артып жатыр. Мысалы, 2018 жылы Түркістан қаласы халқының саны 165 400 болса, 2023 жылы 219 550 болып отыр. Тұрғындар саны өскен сайын тұрмыстық тіршілікке қатысты көптеген сұрақтың туындауы заңдылық, яғни өсім бар жерде өзекті мәселелер де болып жатады. Сондықтан аталған мәселелерді дер кезінде шешу – облыс, қала әкімдерінің басты міндеті.
09 Ақпан, 2023
Бес жылда алапес ауруы тіркелген жоқ
Күнделікті тіршілікте көпшілік біле бермейтін, білгеннің өзінде айналып өтуге тырысатын елді мекен бар. Мұнда бұрыннан халық көзінен оқшауланған лепрозорий мекемесі орналасқан. Ежелден келе жатқан кеселдің кесірінен емдеу мекемесінің мәңгілік тұрғындары жұрттан жырақта өмір сүруге мәжбүр. Сондықтан да оған шалдыққандардың адам шошырлық әлпеті мен әлеуметтік жағдайға тиісті мекемелерге ғана мәлім.
09 Ақпан, 2023
Мұхтар Әуезов театры жылашар шымылдығын Флориан Зеллердің «Әке» пьесасы премьерасымен ашты. Орыс тілінен аударған – Қазақстанның Халық әртісі Тілектес Мейрамов.
09 Ақпан, 2023
Digital Almaty 2023 форумы аясында Ұлттық банктің төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы, Binance Kazakhstan Technologies Ltd, Astana Hub халықаралық технопаркі және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы төртжақты келісімге қол қойды.
09 Ақпан, 2023
Президент резиденциялары – балалар игілігіне
Бес аймақтағы Президент резиденциялары балалар игілігіне берілмек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Тараз қалаларындағы «Президент үйлерін» мектеп, балабақша немесе сауықтыру лагерьлеріне айналдыруды тапсырды. Ал ғимараттардың нақты қандай мақсатта қолданысқа берілетінін енді облыс әкімдіктері анықтап, жүзеге асырмақ.
08 Ақпан, 2023
«Отан отбасынан басталады» – орынды айтылған дана сөз. Отбасынан алған үлгілі, өнегелі тәрбие – кез келген баланың алдағы уақытта белгілі бір жетістікке жетуіне, сондай-ақ өмірінде өз орнын адаспай табуға жетелейтіні сөзсіз. Оған дәлел бүгінгі әңгімеге арқау болар әскери қызметшілердің отбасы.
08 Ақпан, 2023
Астана қаласындағы №2 көпбейінді аурухананың дәрігерлері ауыр жарақат алған 22 жастағы жігітке шұғыл көмектесіп, жұлынып кеткен қолын қайта тігіп берді.
08 Ақпан, 2023
Бактериялы пневмонияға шалдыққан балалар көп
Жалпы, балаларда пневмония бактериялы немесе вирустық инфекциялардың асқынуынан болуы мүмкін. Әсіресе ауа райы салқындаған уақытта балалар арасында бактериялы пневмония жиі өршиді. Ауа арқылы тарайтын бұл инфекция иммунитеті әлсіз балаларға тез жұғып, баланың өкпесінде сырыл, артынша демікпе пайда болуы мүмкін. Дәрігерлердің айтуынша, кейінгі кезде балалар арасында бактериялы пневмония көбейген.
08 Ақпан, 2023
Әр адамның өмірге келгендегі ең басты міндетінің бірі – өзін тану. Өзін тану арқылы адам қоршаған ортаны, әлемді, Құдайды таниды. Лао-Цзы айтқандай, бір адамды білу арқылы барлық адамды, бір отбасыны білу арқылы барлық отбасының жай-күйін біле аламыз. Бүгінгі әңгімемізге философ Ларошфуко мен психолог Дейл Карнегидің өзін тану жолындағы ізденістері арқау болмақ.
08 Ақпан, 2023
Әлемді тамсандырған «Титаник» фильмі Ди Каприоға Оскар сыйлығын әпере алмады. Одан кейін де атақты актер бірнеше кинофестивальде бармағын тістеумен отырды. Жоқ, кейін шегінген жоқ, жиырма жыл алысты. Ақыры алтын адамды «Жаны сірі» кинокартинасы ұстатты. Шындыққа құрылған шығарма, жансебіл жігітті шырқау биікке бірақ алып шықты.
08 Ақпан, 2023
«Бұрын сен қайда жүргенсің?..»
Ол «көрініп қалайын, танымал болайын» деп аһ ұрған жоқ. Қарапайым тіршіліктің қамытын киіп, ел ортасында жүр. Қазіргі жастар композитор Сәрсенбек Бәкірді соншалықты тани бермеуі де мүмкін. Өйткені Сәкең «хайп» пен «лайктың» соңына ілескен де емес. Ал бүгінде жеңілтек әуен мен мәнсіз мәтін трендке айналғаны рас. Сәрсенбектің өнері үн қатады, әндері сөйлейді...
08 Ақпан, 2023
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы цифрлық серіктестерімен бірлесіп, Digital Almaty 2023 форумында жаңа блокчейн-өнімін таныстырды. Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен нотариусқа жүгінбей-ақ, жылжымайтын мүлікті онлайн платформада сатып ала алады.
08 Ақпан, 2023
Жер жәннаты Көкшетау мен күміс көлді Қорғалжынның арасындағы ұшқан құстың қанатын, жүгірген аңның тұяғын тоздыратын сайын далада, ақша қарға оранған белес-белдері мен жолбарыс жонды жоталарда жіліктің майындай таза, саф ауаны жұтып, бой сергітіп, демалуға мол мүмкіндік бар.
08 Ақпан, 2023
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Қазақстан Республикасының VI жазғы спартакиадасы аясында күрес түрлерінен өткен бәсекелер өз мәресіне жетті. Жарыстың соңғы екі күнінде еркін күрес шеберлері бозкілемге шығып, өз өнерін ортаға салды. Бұл белдесулер өте тартысты өтіп, бірқатар жас балуан өздерінің мықтылығын мойындатты және сан мың көрерменнің зор қошеметіне бөленді.
08 Ақпан, 2023
Павлодардағы Әскери даңқ музейінде Мәншүк Мәметованың жез самаурыны сақталып тұр. Музей қызметкерлерінің айтуынша, дәл осы самаурынды ұстағысы келетін оқушылардың қарасы қалың көрінеді.
08 Ақпан, 2023
Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының симфониялық оркестрі «Моцартиана» моноконцертін ұсынды. Әуезді кеш Аустрияның ұлы композиторы Вольфганг Амадей Моцарттың шығармаларына арналған.
08 Ақпан, 2023