Редакция таңдауы
Еріктілер Түркияда зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинай бастады
Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Ақпан, 2023
Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден Мәжіліс сайлауына қатысады
«Ауыл» партиясы Парламент Мәжілісінің депутаттығына ұсынылған кандидаттар тізімін жариялады. Тізімге Президенттіктен үміткер болған Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бекітілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Ақпан, 2023
Түркияға Қазақстанның тағы бір құтқарушылар жасағы аттанады
Қазақстан ТЖМ құтқарушыларының тағы бір борты жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін Түркияға ұшады. Тиісті тапсырманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
08 Ақпан, 2023
Егіске несие беру жалғасып жатыр
2023 жылы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмысын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 140 млрд теңге бөлінді. Өтінімді қабылдау басталғаннан кейін 9 күн ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден жалпы сомасы 48 млрд теңгеге 1 211 өтінім келіп түскен. Тағы 668 фермер – құжат жинау сатысында.
08 Ақпан, 2023
2022 жылдың қаңтар-қараша айларында кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында негізгі капиталға салынған инвестиция 45,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 14,7 пайызға аз. Нақты көлем индексіне (81,1 пайыз) қарасақ, нақты мәнде төмендеу 18,9 пайызды құрады. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
08 Ақпан, 2023
«Қара пима» көрерменге ой салды
«Қара пима» психологиялық драмасының шымылдығы жабыла бергенде көрермен орындарынан тұрып, ұзақ қол соқты. Шіркін дедім іштей, осы қойылымды ішкілікке салынған азаматтар келіп көрсе ғой. Түйсік болса, ес жиып, ел қатарына қосылар ма еді? Әйтпесе, ащы судың жетегінде отбасын ойран етіп жүргендер қаншама?
08 Ақпан, 2023
2010 жылдың шамасында Панфилов ауданында «Қорғас-шығыс қақапасы» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Ондағы мақсат – мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын өрістету еді. Бұл – отандық және шетелдік инвесторлардың өндіріске қаржы жұмсаудағы белсенділігін арттыратын ірі жоба. Қазір өз нәтижесін беріп жатыр.
08 Ақпан, 2023
Текелінің тәтті тағамдарын жеп көрдіңіз бе? Әсіресе дәмі тіл үйіретін пірәндігін. Жетісудан тіске басар жұмсақ ас іздесеңіз, моноқалаға барыңыз. Бұлай әсірелеп айтуымыздың басты себебі, Текелі кондитерлік фабрикасында күніне 1,5 тоннаға дейін пірәндік пісіріледі. Бүгінде кәсіпорын жұмыс санын қысқартпай-ақ заманға сай автоматтандырылып жатыр. Тұтынушылар саны күннен күнге артып келеді.
08 Ақпан, 2023
«ҚазМұнайГаз» жобасы оқушылардың танымын кеңейтеді
Бүгінгідей ақпарат дәуірінде барлық дерек пен мәліметке қолжетімділік артқаны айрықша артықшылық ретінде айтылады. Ол рас, бірақ интернеттегі деректер нақты, шындыққа негізделген, ғылыми дәйектелген ақпарат емес. Жас ұрпақ, білсем-көрсем деген кез келген адам өз талабын ізденіс арқылы ұштайды. Мұндайда ғылыми-танымдық басылымдардың орны ерекше.
08 Ақпан, 2023
Жер сілкінісі: сақтық пен сабақ
Түркия елінде болған алапат зілзала төтеннен төнетін қатер туралы ойлануға жетелейді. Әңгіме айғайға аттан қосу емес, жер сілкінісі жиілей бастаған кезеңде ел-жұрттың қауіпсіздігін қамту жайында болмақ. Елімізде осы бағыттағы сақтық шарасы қалай атқарылуда, төтенше жағдай туындаған кезде адамдар қалай әрекет етуі керек және жауапты сала мамандары өз міндеттерін қаншалықты тыңғылықты атқаруға дайын деген сауалдарға жауап іздедік.
07 Ақпан, 2023
Халқымыздың ауызекі баяндау тілінде «талқыға түсті», «талқыға салынды» немесе «талқыланды» дейтін сөз тіркестері ұдайы кездеседі. Бұл мәтін мағыналық тұрғыдан «сөйлесілді», «келісілді» қатарлы ұғымдардың синонимі іспетті. Осы орайда, жалпы «талқы» атауы нені білдіреді, оның мағынасы қандай әрі бұл қандай зат дегенге тоқталсақ.
07 Ақпан, 2023
Шамғон тасада қалар тұлға емес
Белгілі жазушы, публицист Қали Сәрсенбайдың «Ана тілі» ұлт газетінде жарияланған «Құрманғазы, Мәмен, Қали» атты этнопайымы көкейімізде көмескілене бастаған көп ойдың көзін ашып, самарқау тарта бастаған санамызды сілкіндіріп, соны серпін берді.
07 Ақпан, 2023
Аида Егембердиева: Жазушы рухани көшбасшы болуы керек
Кейде өз пікіріңе өзің разы болып, тіпті соған алданып жүретін кездер де болады. Осындайда өзгенің көзқарасын білгің келіп, айналаңнан әлдекімді іздейсің, сырласып, сұхбаттасқың келеді. Осы орайда қырғыз ақыны, филология ғылымдарының докторы Аида Егембердиевамен аз-кем әңгімелестік.
07 Ақпан, 2023
Әлкей Марғұланды Ленинградта білім алуға көндірген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов еді. Болашақ археолог ондағы Шығыс институтында оқып жүргенде орыстың шығыстанушылары мен өзге де түркітанушы оқымыстылардың әр дәрісінен қажетті мәліметтерді күнделігіне талмай жазып отырған.
07 Ақпан, 2023
Арқаны кеңге салар уақыт емес. Әне-міне, көктем келе жатыр. Биыл шығысқа қар жылдағыдан анағұрлым қалың түскен. Тебіндегі түлік қораға қамалып, тұяқты аң күнгейге ауған. Ендігі мәселе – қарғын судың алдын алу, арналарды тазалап, каналдарды ашу. Әйтпесе, Шығыс Қазақстанның 71 елді мекенін су басу қаупі төніп тұр.
07 Ақпан, 2023
Алдар көсе туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға жеткізген Шәкен Айманов еді. Ұлттық киноның атасы сол картинада киген бөрік бүгінде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде сақтаулы тұр.
07 Ақпан, 2023
Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Түркияда іздестіру жұмыстарын бастады
Бүгін Түркияға жеткен Қазақстан құтқарушылары Ибрахимили ауданында іздестіру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2023
Құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды
Келесі кезеңде жеке құрамды, техника мен жабдықты түсіру, сондай-ақ жергілікті билік органдарымен өзара іс-қимыл жасау жұмыстары басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
07 Ақпан, 2023
Асхат Аймағамбетов Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде ұсынылды
«AMANAT» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізіміне Қазақстан Республикасының бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов бекітілді. Бұл туралы партия съезі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
07 Ақпан, 2023