Редакция таңдауы
Америкалық режиссер Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмі алғаш 2009 жылы көрерменге жол тартқан болатын. Бұл туындының жалғасы «Аватар: Су жолы» өткен жылы қазақ тіліне аударылып, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.
11 Қаңтар, 2023
Сурет пен түс – беймәлім сырларды айшықтап, дерексіз құндылықтарды ақылға енгізуші іспетті. Кейбір жаңалықтар түс арқылы ашылса, кейбір суреттер қоғамның ой-санасына әсер еткен.
11 Қаңтар, 2023
Әрбір мемлекеттік органның басты міндеті – халықтың әл-ауқатын жақсарту. Профилактикалық немесе жедел-іздестіру құралдарының бір ғана әсері болуға тиіс, ол – азаматтарды толғандыратын мәселелердің сыбайлас жемқорлық құрамдас бөлігін жою.
11 Қаңтар, 2023
Музейге суретшінің есімі берілді
Отандық мәдениет тарихына қатысты жазылған «Қазақстан өнері», «Қазақстан графикасы», «Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі» еңбектерінің авторы, танымал қылқалам шебері Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімін жерлестері әрдайым еске алып жүреді. Жуықта облыстық көркемсурет музейіне тұлғаның есімі берілді.
11 Қаңтар, 2023
Сын сәтте өз өмірін қатерге тігіп көзсіз ерлікке бару – кез келгеннің көкейіне келе бермейтін батылдық. Келеңсіз оқиға болған жерге кездейсоқ келіп, мүлде танымайтын адамды лапылдап жатқан қызыл жалынның ішінен аман алып шыққан Бауыржан Әуелбековті бүгінгі заманның батыры десек артық болмас.
11 Қаңтар, 2023
2022 жыл банктер үшін аса жайлы бола қойған жоқ. Олар тегеурінді сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Үш ресейлік еншілес банктің шаруасы шатқаяқтап қалды. «Сбербанк Қазақстанды» қазақстандық «Бәйтерек» холдингі сатып алып, «Береке банк» деген жаңа атау берді. «Банк ЦентрКредит» ресейлік еншілес «Альфа-Банкті» санкция тұзағынан алып шығып, Eco Center Bank деп ребрендинг жасап, кейінірек біржола жұтып алды. Ал «ВТБ Қазақстан» жұмыс істеп тұр. Ресейдегі негізгі банк қазақстандық ВТБ-ны қосымша капиталдандырды.
11 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында кейінгі жылдары жер дауы өршіп тұр. Қулықтарына құрық бойламайтын жосықсыз кәсіпкерлердің алаяқтық айла-шарғыларының салдарынан өздеріне тиесілі жер үлестерінен айырылып қалған бірқатар ауыл тұрғыны әділдік іздеп, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Әзірге Айыртау ауданындағы бес ауылдың білек біріктіре білген азаматтары ғана ұзаққа созылған жер дауын сотта жеңіспен аяқтады.
11 Қаңтар, 2023
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі таңда Қазақстанда ІТ нарық толық қалыптасқан. Десе де, бұл саланың мамандары, соның ішінде жастар шетел асуды көздеп тұрады. Әсіресе, сарапшылар «FAANG компанияларына сұраныс артып тұрған кезде компьютердің құлағында ойнап, интернеттің мүмкіндігін толық игергендерді «үйде» ұстап тұру мүмкін емес», дейді. Бұл үрдіс Қазақстандағы нарыққа қалай әсер етіп жатыр?
11 Қаңтар, 2023
Молдахмет Қаназ, жазушы: Дұрыс қоғам әдебиетті өгейсітпейді
– Біздің әдебиетіміздегі көптеген жақсы туынды кешегі кеңес өкіметі кезіндегі цензура, саясат деген боран-шашынның ішінде жазылса да, жақсы дүниелер өмірге келді. Ал қазір неге сол белесті бағындыра алмай жатырмыз? Жазуға құлық жоқ па, әлде тақырып таусылды ма? – Көзін құртып, түгелдей өртеу керек дегенді құлақ шалған емес, алайда сол кеңестік кезеңдегі шығармалар біздің былайғы өмірімізге жарамсыз деген «Американы қайта ашқан» пікірлерді ести бастағанымызға жиырма жеті жыл, алты ай, он жеті күн... Әдебиет теориясында «қоғамдық сұраныс» деген ұғым бар. Әр қоғамның өз мүддесі бұның сыртында. Қыз малға сатылып, болашақ ана бас еркінен айырылды. Біздің прозаның бастауында тұрған «Қалың мал» романының жазылуы содан. Ресейлік капитализм мүлде шегіне жете шіріп, төңкеріс қажеттілігі шындыққа айналды да қоғам бүлінді. «Ана» романы жазылды. Талантты ақын концлагерьге түсті. «Моабит дәптері» жазылды. Қала 872 күн қоршауда қалып, тұрғындардың бастарына күн туды. «Лениградтық өрендерім» жазылды. Ғасырлар бойы далалық дәстүрмен тіршілік етіп келе жатқан елге өндіріс келіп, кәдімгі жұмысшы табы пайда бола бастады. «Қарағанды» жазылды.
11 Қаңтар, 2023
Экономикалық қарақшылық нарықты да, халықты да діңкелетіп отыр
Заңды белінен басып, авторлық құқықтардан аттап өтіп, өтімді тауарлардың көшірмесін жасау – кез келген мемлекеттің басын қатырып келе жатқан өзекті мәселенің бірі. Түрлі технологиялар дамыған сайын экономикалық қарақшылық та заманауи сипатқа ие болып, контрафактілік өнімдер ел экономикасына орасан зиянын тигізіп отыр.
11 Қаңтар, 2023
Қазақстанда 40 градусқа дейін аяз күтіледі
Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 11 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанда мектеп формасының үлгісі өзгерді
Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен орта білім беру ұйымдарының мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2023
Зейнет жасына жеткен ҰҒА академиктеріне стипендия төленеді
Қазақстан Үкіметінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен зейнет жасына жеткен Ұлттық Ғылым академиясының академиктеріне ай сайынғы стипендия мөлшері белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанда 14 мыңға жуық шетелдік жұмыс істейді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға квота мөлшерін бекітеді. Биыл бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,24%-ын немесе 22,2 мың бірлік мөлшерінде белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Қаңтар, 2023
Елімізде 122 тасжол учаскесі жабық тұр
10 қаңтар сағат 06:00-дегі жағдай бойынша ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нашар көріну, көктайғақ) тасжолдардың 122 учаскесі жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2023
Кәдімгі бит – бүгінде таптырмайтын паразит. Дертіне дауа іздеген кейбіреулер оны жеуден жиренбейді. Тіпті ел ішінде бит сатумен айналысып жатқандар да жоқ емес. Көзге әрең көрінетін паразит адам ағзасына пайдалы дегенге дәрігерлер не дейді?
10 Қаңтар, 2023
Желтоқсан айы туысымен Көкше қазағы соғымын жыға бастаған. Қала қазағы тұтас жылқы алмағанымен, сирақтап, жарты еттеп алып жүр. Бәлкім бағасы да беттетпей тұрған шығар. Соңғы жылдары жылқы қымбат. Елі қазы байлаған тай 450-500 мың теңге, құнан-байталдарыңыз 700-750 мың теңге маңайында. Кеше қоңырау шалған нағашы апам елдегі жамағайынмен бір сираққа келіссе керек. Барып келейік дейді. Үлкен кісінің қолқасын орындаған дұрыс. Таңсәріден елге шықтық.
10 Қаңтар, 2023
Жыл басы еліміздің біраз аймағында ақтүтек боранмен басталды. Ал ат құлағы көрінбес боранды күні Зайсан ауданында ерекше жағдай орын алды. Бұл қайсарлық пен ерлікті елемей кету мүмкін емес.
10 Қаңтар, 2023
«Қазақ қызын» жазғанда көз алдымда Ләззат тұрды
1986-ның Желтоқсаны азаттыққа ұмтылған жастарды Алматыдағы алаңға жинап еді. Бейбіт шеруге шыққандарды мұздай құрсанған кеңес әскері озбырлықпен таптап өтсе де ұлт азаматтары «қызыл құрсаудың» көбесін сөгіп, іргесін шайқалтты. Жарты әлемге билігін жүргізген империяға қарсылық кезінде қаракөз қыздарымыз да қайсарлық танытты. Ақын Исраил Сапарбайдың «Желтоқсан айынан кейінгі ой» атты өлеңі мұзға алау жаққан сол аруларымызға арналған. Сәл кейін ол «Қазақ қызы» атты әнге айналды. Қазақ қыздарының ерлігіне қойылған мәңгілік ән-ескерткіштің әуенін жазған – белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өнер иесімен танымал туынды тарихы туралы әңгімелескен едік.
10 Қаңтар, 2023
Еліміздің қай шаһарына барсаңыз, сәні келіскен аялдамалар көзге түседі. Қыста арнайы жылыту жүйесімен қамтамасыз етілген аялдамалар тұрғындардың зор сұранысына ие. Өкініштісі сол, бұзақылардың кесірінен соңғы уақытта қоғамдық мүліктердің бұзылуы жиі тіркеліп отыр.
10 Қаңтар, 2023