Редакция таңдауы
«Денсаулық» ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы менеджмент университеті қаланың жоғары оқу орындарының жастары арасында темекі шегу мәселесі бойынша зерттеу нәтижелерін ұсынды.
04 Желтоқсан, 2022
Екібастұздағы барлық үйдің жертөлесіне жылу кірді
Бүгінгі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Екібастұздағы жылу жүйесінен ажырап тұрған көпқабатты үйлердің барлығының жертөлесіне жылу кіргізілді. Қазіргі күні жөндеу бригадалары 11 үй бойынша пәтерлердің жылу радиторлары мен пәтер аралық құбырларды ауыстырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2022
Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайдың «Адамды адам еткен кітап, адамзат еткен кітапхана» деген парасатты сөзі кітап пен кітапхананың біздің өміріміз үшін қаншалықты маңызы зор екенін түсіндіріп бере алады. Қалай десек те, біздің әр жетістігіміздің түп қайнары ғасырлар табы түскен, сарғайған парақтар мен соны сақтайтын «жүрегі бар үйлердің» еншісінде екені шындық.
04 Желтоқсан, 2022
«Бастау» кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
3 желтоқсанда Алматыда X Мерейтойлық Халықаралық «Бастау» студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің жабылу салтанаты болып өтті. Фестивальдің қазылар алқасы кинокөрсетілімдерді қорытындылап, бірнеше номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады, деп жазады Egemen.kz.
04 Желтоқсан, 2022
Өткен тәулікте 150-ден аса қазақстандық коронавирус жұқтырған
Өткен тәулікте Қазақстанда 156 адам коронавирус жұқтырған, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
04 Желтоқсан, 2022
«Аудандық газеттердің мәселесін Астанада талқылаймыз» – Дархан Қыдырәлі
«Жаңаарқа» аудандық газетінде редакция ұжымымен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі осылай деп мәлімдеді.
03 Желтоқсан, 2022
Екі бала көз жұмды: Шуда жеке үй өртеніп кетті
Түнде Жамбыл облысының Шу қаласында жеке үйден өрт шыққан. Нәтижесінде екі бала көз жұмған. Бұл ақпаратты өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі растап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Желтоқсан, 2022
ТЖМ Екібастұзға қосымша күштер мен құралдар жіберді
Алғашқы күннен бастап ТЖМ Павлодар облысындағы бөлімшелері коммуналдық қызметтерге апаттың салдарын жоюға көмекке жұмылдырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
02 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда шектеу шаралары енгізіле ме?
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көршілес Қытайда коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда ковидтік шектеулер енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2022
Демалыс күндері 34 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер Қазақстанда 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2022
Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2022
Бақытгүл Хаменова сот үкіміне шағым түсірді
Сотталған Бақытгүл Хаменова сот шешіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
02 Желтоқсан, 2022
Цифрлық теңге қолданысқа енеді
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге туралы жалған ақпараттар таралып жатыр. Бұл ретте Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.
02 Желтоқсан, 2022
Жедел шараларды жүзеге асыру тапсырылды
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
02 Желтоқсан, 2022
Картография саласына серпін береді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау мәселесін қарады.
02 Желтоқсан, 2022
Жылу-электр орталықтары «жылуға» мұқтаж
Екібастұздағы апат есімізді жиғызды. Елеусіз қалып келген үлкен проблемаға бетімізді бұрғызды. Ендігі қадам – апатты жағдайды болдырмайтындай әрекет ету.
02 Желтоқсан, 2022
Дипломатиялық қатынасты нығайтқан тұлға
Күздің соңғы күні Қытай Халық Республикасының бұрынғы басшысы Цзянь Цзэминь 96 жасында қайтыс болды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цзянь Цзэминьді «Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті» деп құрмет көрсетті.
02 Желтоқсан, 2022
Долларға қатысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты қазан айында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 465,02-479,05 теңге аралығында өзгерді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық түсімін сату (528,6 млн доллар) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын конвертациялау (362 млн доллар) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсеткен. Ұлттық банк валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты валюталық интервенциялар жүргізбеді.
02 Желтоқсан, 2022
Экономикамыз өте күрделі сәтті бастан кешіріп жатыр. Жылдан астам уақыт инфляция салтанат құрып тұр. Биліктің бағалауынша, біздегі инфляцияның себебі сыртқы факторлардың әсерінен туындап өрбіп отыр. Осындай сілтеме жасау Үкіметіміз үшін өте ыңғайлы. «Инфляция қарқынын тапсырылған дәлізге мал қораға қуып тыққандай қылар едік, әттең, егер ол ішкі экономиканың мәселесі болса. Ал бұл жолғы инфляция әлемдік экономиканың дүмпуінен туындап отырған жоқ па, сондықтан ол бізге бағынышты емес. Біз әлемдік экономиканың тәртібін өзгерте алмаймыз» дей салу ұтымды амал, әрине.
02 Желтоқсан, 2022
Семей ядролық сынақ полигонының салдары мен зардабын, тауқыметін таяу жылдары айтып, тауыса алмайтын тәріздіміз. Радиацияға әбден уланған өңір жұрты жылдар бойы түрлі дертке шалдығып, жарық жалғаннан ерте өтіп жатқандары қаншама. Кемтар болып туған сәбилер аз емес. Ғалымдар бұл сынақтың салдары әлі де жылдарға жалғасатынын айтады. Адам қолымен жасалып, қазақ даласына ажал уын сепкен алапат сынақты түпкілікті жоя алмасақ та, оны көзбен көрген, дүмпуін естіген өңір халқына, өкінішке қарай, әлеуметтік көмек көрсетуде Үкіметтің кежегесі кейін тартып тұрғаны қынжылтады. Қырық жыл қырғыннан көз ашпай, атом сынақтарының қасіретін көрген Семей өңірінің халқы әлі де лайықты әлеуметтік көмек ала алмай келе жатқаны жайында жылдар бойы айтылып та, жазылып та жүр.
02 Желтоқсан, 2022