Редакция таңдауы
Садықбек Адамбеков дегенде ең әуелі еске мөлдір моншақтай шашылып түскен күлкі түседі. Неге? Өйткені қазақ әдебиетінің кең жайлауында ою-өрнек, сән-салтанаты келіскен алты қанат ақ орда тіккендей сонадайдан көзге шалынар сатира жанрының қазығын қадап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп кетті. Сәкеңнің өмір жолына үңілсек, ол да әдеби жолын өлеңмен бастаған екен. «Өмір тойы» атты өлеңдер жинағы шыққан. Содан сатира жанрына бет бұрып, барлық ғұмырын осы күштілердің қаруына арнап кетті.
24 Қараша, 2022
Біраз жылдан бері «Ақылды қала» болуға батыл қадамдар жасалып жатқан Астанада халыққа икемді біраз жобалар сәтті жүзеге асырылып жатыр. Қала тіршілігіне жаңа тыныс беріп жатқан осынау тың дүниелер цифрландырудың игілігі деуге болады.
24 Қараша, 2022
Ауыл шаруашылығын цифрландыру: меже мен мүмкіндік
Осыдан он шақты жыл бұрын ауыл шаруашылығын цифрландыру туралы әңгімелер қиял-ғажайып ертегідей естілетін. Мұндай бастамаға сенімсіздік танытқандар да көп болды. «Басқа-басқа, дәстүрлі сала саналатын дәл осы ауыл шаруашылығына цифрландырудың әмірі жүре қоймас» деп қырын қарағандар да табылды. Алайда қазіргі жағдай көз алдымызға басқа көріністі әкеліп отыр. Ауыл шаруашылығы қарқынды түрде цифрландырылып жатқан салаға айналды.
24 Қараша, 2022
Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық музейінде көне қыш құмыралардың алуан түрі сақталған. Солардың ішіндегі ерекшесі – түбі сүйірлеу, ернеуі шығыңқы формада жасалған мыс-тас (энеолит) дәуіріне жататын қыш құмыралар. Ол Торғай өңіріндегі Тоқанай деген жерден табылған.
24 Қараша, 2022
Салық жеңілдігі қай салаларды қамтиды?
Кеше Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген заң жобалары қаралды.
24 Қараша, 2022
Рәміздерді дәріптеу – елдіктің белгісі
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
24 Қараша, 2022
Жастардың жауапкершілігі жоғары
Халықаралық байқаушылар жуырда өткен кезектен тыс президент сайлауында дауыс беруге келген жастардың қарасы көп болғанын айтады. Жас буын өз елінің президентін таңдауға үлес қосып қана қоймай сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бел ортасында да жүрді. «Bir tolqynda» диалог алаңына жастар саяси науқанның өту барысын талқылап, ондағы жас белсенділердің рөлі туралы айтты.
24 Қараша, 2022
Әріптестерін балағаттаған әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды
Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың үстінен қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2022
Ауыл тұрмысын жақсартуға 128 млрд теңге бөлінді
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы ауылдарды дамыту мәселесіне тоқталып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына жұмсалған қаржыны атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2022
Жастардың шекті жасы 35-ке дейін ұлғаюы мүмкін
Қазақстанда жастар санаты үшін жас шегін арттыратын заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2022
Ерлан Сыдықов Сенат депутаттығына ұсынылды
Елорда мәслихатының отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың кандидатурасын ұсыну туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2022
Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілді?
Қазақстан Парламенті еліміздің Салық кодексіне енгізілген түзетулерді екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2022
Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты - М.Әшімбаев
Сенат отырысы барысында Палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда өткен Президент сайлауының қорытындысына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
24 Қараша, 2022
Жүректен шыққан жүрекке жетеді
Орталық сайлау комиссиясының қорытындысымен ел таныс болды: кезектен тыс сайлауға қатысқан Президентіміз халықтың қолдауымен қара үзді. Бес үміткердің арасынан сайлаушылардың 81,31 пайыз дауысын алу дегеніңіздің өзі біраз дүниенің болмысын аңғартса керек. Яғни көп тілеуі солай болса, ол – таңдау түскен тұлғаның мемлекет жүгін өрге сүйреуге әбден лайықты болғаны да.
24 Қараша, 2022
Өндіріс пен құрылыста маман тапшы
2022 жылдың қазан айында Электрондық еңбек биржасында 109,2 мың бос жұмыс орны және 59,8 мың түйіндеме орналастырылды. Алдыңғы аймен салыстырғанда жарияланған жұмыс орындарының саны аздап төмендеді (5,6%), ал түйіндеме саны үштен бірге (27,3%) азайды. Ірі қалалармен қатар өнеркәсіптік өңірлерде де кадрлардың жетіспеушілігі сезілді.
24 Қараша, 2022
«Концертіміз осымен аяқталды» дейтін еді ғой әдетте. Концерт аяқталады, ән мен күй аяқталмайды, бірақ. Біреудің жүрегінен шыққан сәуле біреудің жүрегіне от болып түсе ме, шоқ болып түсе ме, әйтеуір тыңдағанның жанын қозғай алса, өнер иесінің парызы өтелгені де. Демек ән жарыққа шығып, көпшілікке жария болғасын, сүйіп қалған демей-ақ қояйық, сол туындыны ұнатып қалғандардың жанында, көңілінде жасай беруі бек мүмкін.
24 Қараша, 2022
Астана алаңындағы мәмілегерлік
Астана қаласында Сирия бойынша Астана процесінің кезекті 19-раунды өтті. Пленарлық отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов ашып, кездесу қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің Бірлескен мәлімдемесін оқыды.
23 Қараша, 2022
Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауына қатысқан шетелдік байқаушылар саяси доданың ұйымдастырылуына жоғары баға беріп отыр. Шетелдік байқаушылар жұмысын бір ай бұрын бастап, әу бастағы іс-шаралардың барлығына куә болды. Мәселен, Қазақстандағы ТМД сайлауды бақылау миссиясы қызметін 27 қазанда бастады. Онда оншақты ұзақмерзімді байқаушы жұмыс істеді. Ал сайлау қарсаңында елімізге ТМД-ның 9 мемлекетінен миссия құрамына енген 174 адам келді. Байқаушылар миссиясы Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі мыңнан астам сайлау учаскесін аралады. Олар сайлаудың тыңғылықты ұйымдастырылғанын және тыныш өткенін ерекше атап өтті.
23 Қараша, 2022
Адамзаттың асыл ойлы данышпаны Жүсіп Баласағұнның он ғасыр бұрын жазған осы бір сөзі ХХІ ғасырда да өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, маңыздылығы еселеп артты деуге болады. Тәуелсіздіктің төртінші он жылдығына аяқ басқанда еліміз үлкен сыннан өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шұғыл іс-шараларды қолға алуы мемлекетке төнген қауіпті қысқа уақытта жойып, болуы ықтимал аса күрделі саяси-экономикалық, әлеуметтік дағдарыстан шығуымызға мүмкіндік берді.
23 Қараша, 2022
Елордада «Халық Қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ері» мемлекеттік ең жоғары марапат иелерінің бірлестігі «Тáyelsiz qazaqstannyń halyq batyrlary» Республикалық қоғамдық ұйымының I республикалық конференциясы өтті.
23 Қараша, 2022