Редакция таңдауы
Цифрлық теңге қолданысқа енеді
Қазақстан Ұлттық банкінің хабарлауынша, цифрлық теңге туралы жалған ақпараттар таралып жатыр. Бұл ретте Төлем және қаржы технологияларын дамыту орталығы мұндай алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.
02 Желтоқсан, 2022
Жедел шараларды жүзеге асыру тапсырылды
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
02 Желтоқсан, 2022
Картография саласына серпін береді
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау мәселесін қарады.
02 Желтоқсан, 2022
Жылу-электр орталықтары «жылуға» мұқтаж
Екібастұздағы апат есімізді жиғызды. Елеусіз қалып келген үлкен проблемаға бетімізді бұрғызды. Ендігі қадам – апатты жағдайды болдырмайтындай әрекет ету.
02 Желтоқсан, 2022
Дипломатиялық қатынасты нығайтқан тұлға
Күздің соңғы күні Қытай Халық Республикасының бұрынғы басшысы Цзянь Цзэминь 96 жасында қайтыс болды. ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Цзянь Цзэминьді «Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті» деп құрмет көрсетті.
02 Желтоқсан, 2022
Долларға қатысты сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты қазан айында теңгенің биржалық бағамы 1 доллар үшін 465,02-479,05 теңге аралығында өзгерді. Квазимемлекеттік сектордың экспорттық түсімін сату (528,6 млн доллар) және Ұлттық қордан трансферттерді жүзеге асыру үшін шетел валютасын конвертациялау (362 млн доллар) валюта нарығындағы ұсынысқа қолдау көрсеткен. Ұлттық банк валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың теңгерімді болуына байланысты валюталық интервенциялар жүргізбеді.
02 Желтоқсан, 2022
Экономикамыз өте күрделі сәтті бастан кешіріп жатыр. Жылдан астам уақыт инфляция салтанат құрып тұр. Биліктің бағалауынша, біздегі инфляцияның себебі сыртқы факторлардың әсерінен туындап өрбіп отыр. Осындай сілтеме жасау Үкіметіміз үшін өте ыңғайлы. «Инфляция қарқынын тапсырылған дәлізге мал қораға қуып тыққандай қылар едік, әттең, егер ол ішкі экономиканың мәселесі болса. Ал бұл жолғы инфляция әлемдік экономиканың дүмпуінен туындап отырған жоқ па, сондықтан ол бізге бағынышты емес. Біз әлемдік экономиканың тәртібін өзгерте алмаймыз» дей салу ұтымды амал, әрине.
02 Желтоқсан, 2022
Семей ядролық сынақ полигонының салдары мен зардабын, тауқыметін таяу жылдары айтып, тауыса алмайтын тәріздіміз. Радиацияға әбден уланған өңір жұрты жылдар бойы түрлі дертке шалдығып, жарық жалғаннан ерте өтіп жатқандары қаншама. Кемтар болып туған сәбилер аз емес. Ғалымдар бұл сынақтың салдары әлі де жылдарға жалғасатынын айтады. Адам қолымен жасалып, қазақ даласына ажал уын сепкен алапат сынақты түпкілікті жоя алмасақ та, оны көзбен көрген, дүмпуін естіген өңір халқына, өкінішке қарай, әлеуметтік көмек көрсетуде Үкіметтің кежегесі кейін тартып тұрғаны қынжылтады. Қырық жыл қырғыннан көз ашпай, атом сынақтарының қасіретін көрген Семей өңірінің халқы әлі де лайықты әлеуметтік көмек ала алмай келе жатқаны жайында жылдар бойы айтылып та, жазылып та жүр.
02 Желтоқсан, 2022
Сыр білімі мен ғылымының қара шаңырағы
«Жер үстінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолды жеткізер» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, адамның білімді болуы өзі білім алған оқу орнына, ұстаздарына, өскен ортасына, өмірден тоқығанына байланысты. Орта білім алған әрбір мектеп түлегі қалаған мамандығы мен жоғары оқу орнын таңдайды. Міне, осы сәт – адам өміріндегі ең бір шешуші, жауапты кезеңнің бірі. Өйткені мамандық таңдағаннан кейін, студент атанып, мықты оқу орнында терең білім алу – әрбір білім қуған жастың асыл арманы, мақсат-мұраты.
02 Желтоқсан, 2022
Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?
Желтоқсан айында ауа температурасы төмендей береді, қар мөлшері артады, деп хабрлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
01 Желтоқсан, 2022
Марат Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Желтоқсан, 2022
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі ауысты
Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Желтоқсан, 2022
Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2022
Бейбіт Исабаев Жетісу облысының әкімі болып қайта тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Жетісу облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Желтоқсан, 2022
Екібастұздағы жағдай: Тұрғындар электр қуатының үзілуіне байланысты эвакуацияланды
Екібастұздағы апатты қалпына келтіру жұмыстарына 256 адам мен 43 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2022
Елорда төрінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ұлықтау салтанатты рәсімі өтті. Айтулы іс-шарада Мемлекет басшысы ант беріп, президенттік қызметіне ресми кірісті. Біз де ұлықтау рәсіміне қатысу құрметіне ие болып, қасиетті Сыр елінен Астанада өткен алқалы жиынға зор ықыласпен келдік.
01 Желтоқсан, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде қазір той тойлайтын уақыт емес, бірден іске көшу керек екенін айтты. Бірқатар бастаманы да жұрт назарына ұсынды.
01 Желтоқсан, 2022
Қоқыс мәселесі қалай шешіледі?
Биыл елімізде заңсыз 5 723 қоқыс орны анықталды. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21,9 пайызға азайған. Әрі қалдық үйінділерінің 3 500-ден астамы жойылыпты. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, республика бойынша рұқсат етілген 3 мыңға жуық қоқыс полигоны бар. Десе де, оның 21 пайызы ғана экологиялық және санитарлық нормаларға сай. Демек елімізде қоқыс мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.
01 Желтоқсан, 2022
Астана қаласының тұрғын алабтарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету өте өзекті. Халық тығыз қоныстанған елордадағы интернет сапасы туралы Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы Цифрландыру бөлімінің бас маманы Ғани Бақдәулет баяндап берді.
01 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда жергілікті органдардың жылыту маусымына дайындығын тексеретін комиссия құрылады
Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
01 Желтоқсан, 2022