Редакция таңдауы
Кезектен тыс президент сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі көкейге қонды. Мемлекет басшысы бірінші кезекте елдің сенімін ақтаудың айрықша маңызға ие екенін айтып өтті.
28 Қараша, 2022
Жаңа сайланған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарын ауылдан бастағаны қазақстандықтардың көңілінен шықты. Ауылдың бет-бейнесі, әлеуметтік жағдайы жүдеп-жадап, көтерем болып кеткені өтірік емес. Президент те оны назарында ұстап отыр.
28 Қараша, 2022
Қолдау көрсету – баршаның міндеті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа 7 жылдық мерзімге қайта сайлануына байланысты ұлықтау рәсіміндегі сөздерін толық тыңдап шықтым. Президент жауапкершілігіне орасан зор міндеттер алды. Ата Заңымызға қолын қойып, бүкіл халыққа ант беріп, «Мемлекет, ел мүддесі мен үшін бәрінен биік, ел сенімі мен үшін ең үлкен жауапкершілік» деп толғана сөйлеуі – біле-білген адамға өте керемет әсер қалдырғаны анық. Орасан жауапкершілікті мойнына алу, «орындаймын», «орындатамын», «барлық күш-жігерімді жұмсаймын» деп серт беру әркімнің қолынан келмейді.
28 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті. Осылайша, Мемлекет басшысы өзінің жеті жылдық қызметіне ресми түрде кірісті. Бұл еліміздің саяси өміріндегі айтулы оқиға екені сөзсіз.
28 Қараша, 2022
Ұшу қауіпсіздігі – басты мәселе
Әуе тасымалына сұраныс жыл сайын ұлғайып келеді. Сол себепті артып келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін отандық әуе кемелерінің паркі жаңа ұшақтармен толықтырылып жатыр. Сондай-ақ рейстердің кешігу фактілеріне байланысты шағымдарды ескере отырып, Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан тиісті тергеулер жүргізілді.
28 Қараша, 2022
Стандартты төмендету азаматтарға қатер төндірмей ме?
Қазақстан Үкіметінің 2023 жылдың 1 ақпанына дейін күші жарамды қаулы қабылдағаны жайлы ақпарат тарады. Онда елімізде ABS, қауіпсіздік жастығы, SOS батырмасы жоқ және экологиялық класы Еуро-5 стандартынан төмен (Еуро-0-ге дейін) машина шығаруға рұқсат етілетіні жарияланған. Үкімет мүшелерінің мәлімдеуінше, мұндай талап «Лада» және УАЗ шығаратын автоөндірушілерді қолдау мақсатында жасалып отыр.
28 Қараша, 2022
Ауылды жақсарта алмасақ, бәрімізге сын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылды дамыту мәселесі туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл – Мемлекет басшысының жаңа президенттік мерзімдегі бірінші Жарлығы. Осылайша, аталған құжат арқылы Үкіметке ауылды дамытудың бес жылға арналған нақты жоспарын әзірлеуді тапсырды.
27 Қараша, 2022
Сенатта «Қазақстан Республикасы тұрғын үй құрылысын дамыту: проблемалары және оларды шешу жолдары» тақырыбында Үкімет сағаты өтті. Жиында аталған салаға қатысты маңызды мәселелер көтеріліп, депутаттардың ұсынысы Үкіметке жіберілді.
27 Қараша, 2022
Халықтық коалицияның басты міндеті – Президент реформаларын орындау
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының қорытынды отырысы өтті. Жиын барысында үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстар талқыланды.
27 Қараша, 2022
Өткізу бекеттеріндегі ахуал: сауда-экономикалық қатынасқа қалай әсер етіп жатыр?
Еліміздегі қымбатшылыққа, тауар жетіспеушілігіне үлкен ауқымда геосаяси дағдарыс кесірін тигізгені белгілі. Ал түйткілдер картасына үңіле қарайтын болсақ, онда логистикалық тізбектердің бұзылуы бизнес шаруасын бүлдіріп отырғанын байқар едік. Қазақстан жыл басынан бері көлік-логистика кешенін жан-жақты дамытуға жанталаса кірісті. Сарапшылар Орталық Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық қатынастар Қазақстанның транзиттік және экспорттық-импорттық жағдайын дамытуға ықпал ететінін айтады.
27 Қараша, 2022
Бүгінде кеден саласының жұмысында өркениет талабына сай көптеген оң өзгерістің орын алып жатқанын біреу білсе, біреу білмейді. Соның салдарынан аталған салаға байланысты қоғамда жағымсыз пікір тудыратын алыпқашпа әңгімелер желісі де айтылып қалып жүр. Бұл әңгімелердің көбісі негізсіз фактілерге құрылған, әрине. Себебі бұл салада сыбайлас жемқорлық пен адам факторының әсерінен арылып, сыртқы экономикалық қызметпен айналысушылар үшін кедендік тексеру мен ресімдеу механизмдері халықаралық стандарттарға сай форматқа көшкелі бес жылдан асты. Сондықтан да сөзіміз дәлелді болу үшін қазіргі кедендік тексеру мен ресімдеу шараларына байланысты енгізілген жаңалықтарға қысқаша тоқтала кетелік.
27 Қараша, 2022
«Бизнес бастау» – кәсіпкерлікке жол
Бүгінде Астананың дамуы кәсіпкерлік саласымен тығыз байланысты. Әсіресе, «Кәсіпкерлер қаласы» атанған елорданың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасынан шағын және орта бизнестің оң көрсеткіштері байқалады.
27 Қараша, 2022
Еліміздің барлық аймағындағы Халықты жұмыспен қамту орталықтары жыл сайын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастыруды дағдыға айналдырғалы қашан. Себебі жәрмеңкеде жұмыс беруші мен жұмысшы бәзбіреудің нұсқауынсыз тікелей жүздесіп, кеңесіп, бірер күнде-ақ еңбек шартын жасаса болады. Жуырда Астана қаласындағы Жастар сарайында оныншы рет ұйымдастырылған жәрмеңкеде де осы тәртіппен 43 жұмыс беруші 669 бос жұмыс орнын ұсынды.
27 Қараша, 2022
Елордада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды
Ертең елордада бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушыларына арналған сабақтар онлайн форматта өтеді. Бұл туралы Астананың білім басқармасы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
27 Қараша, 2022
Мен жақында ғана Сыр өңірінің Жаңақорған ауданында болып қайттым. Дәлірек айтқанда, қарт Қаратау етегіндегі «Шалқия» шипажайында емделіп. Бұл жер де маған жақсы таныс. Өгіз-мүйіз жотасы, Құттықожа бұлағы. Қазақ тауларының бабасы, қариясы, данасы Қаратаудың оңтүстік шығысқа қарай көлбеген қия-жоталары түрлі ойға түсіріп, өмір, өнер туралы түйсік түсініктер тереңіне жетеледі.
27 Қараша, 2022
Құрылысты цифрландыру деңгейі төмен
Қазақстандағы құрылыс саласы небәрі 5 пайызға ғана цифрландырылған. Бұл туралы Астанада өткен ТМД елдерінің құрылыс саласын цифрландыру форумында айтылды.
27 Қараша, 2022
Роналду рекорды, Максимович және алаңдағы 12 ойыншы...
Өткен жұмада футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық турнирінің екінші туры басталды. Осы орайда «алғашқы кезең несімен есте қалды?» деген сауалдың туындауы заңды. Бұл турда 16 кездесу өтіп, 41 гол соғылды. В және Е топтарында өнер көрсететін ойыншылар 10 реттен нысананы дәл көздеді. Ең көп гол Англия мен Иран (6:2) және Испания мен Коста-Рика (7:0) арасындағы матчтарда соғылды. Ал F тобындағы ойындарда ондай сәттер тым аз болды. Бұл бәсекелерде Бельгия Канаданы 1:0 есебімен ұтса, Марокко мен Хорватия матчында есеп ашылған жоқ.
27 Қараша, 2022
Бақыттың мекенін ұлықтаған жоба
Кейінгі кезде елімізде жас отбасылардың қоғамдағы рөлі мен беделі артып келеді. Бұл құндылықтың маңызының артуына «Отбасы – бақыт мекені» жобасының берері мол. Жоба бойынша көптеген ілкімді іс-шара атқарылып жатыр. Соның бірі «Үздік жас отбасы» байқауы елордадағы жас отбасылар институтын нығайтуға септігін тигізіп отыр.
27 Қараша, 2022
Энергетика министрлігі Екібастұздағы ЖЭО апатына қатысты пікір білдірді
Бүгін Екібастұз ЖЭО-да сағат 01.30-да жылу желілеріндегі зақымдануларға байланысты желілік судың қысымы төмендеді, нәтижесінде №11, 13, 14, 15 су жылыту қазандықтары тоқтатылды, сондай-ақ №8 энергетикалық қазандық қолмен тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қараша, 2022
Белгілі жазушы Мархабат Байғұт дүниеден озды
Жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт дүниеден өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
26 Қараша, 2022