Редакция таңдауы
54 мың жыл бұрын өмір сүрген адам
Жуықта генетик ғалымдар Ресей Федерациясының оңтүстік Сібір аймағындағы Алтай тауының қойнауында орналасқан Шағыр және Окладников үңгірлеріне ұзақ жыл жүргізген зерттеу нәтижесінде неандерталь адамның генін анықтаумен қатар, тұңғыш рет олардың геномдық сызба бейнесін жасап шықты.
27 Қазан, 2022
Жайна Сламбек: «Мемлекет - адам үшін» қағидасы сақталуы керек
Astana Media Week-2022 екінші күнінде «Журналистің кәсіби құзыреттілігінің өзгеруі» тақырыбында жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2022
Қазақстан мен Еуропалық Кеңес президенттерінің баспасөзге арналған бірлескен мәлімдемесі
Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуы қарсаңында бүгін Астана қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельдің кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
27 Қазан, 2022
Қаңтар оқиғасына қатысқандарға рақымшылық жасалады
Парламент Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында «Рақымшылық туралы» ҚР Заңын қабылдады, оған сәйкес қаңтар оқиғасына қатысушылардың бір бөлігі босатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2022
Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловты қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қазан, 2022
Балалардың қатысуымен болатын өрт оқиғалары азаймай тұр. Әсіресе мектеп демалысы кезінде жағымсыз жағдайлар жиі тіркеледі. Егер өрттің себебі ата-аналардың балаларды дұрыс қадағаламауы себебінен туындаса, бұл үшін заңда жаза қарастырылғанын естен шығармаған жөн.
27 Қазан, 2022
Президент биылғы Жолдауда монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тарифі саясатына көшу керектігін тапсырған еді. Мұның қалай жүзеге асатынын Энергетика министрі Болат Ақшолақов түсіндіріп берді.
27 Қазан, 2022
Елімізге сүйіншілеп жеткізетін жаңалықтың куәсі болып отырмыз. Мәдениет және спорт министрлігінен арнаулы мемлекеттік тапсырыс аясында Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық мұрасы жарыққа шықты.
27 Қазан, 2022
Қазақстанда цифрландыру деңгейі жыл санап артып келе жатыр. Былтыр еліміз электронды үкіметті дамыту бойынша 193 елдің арасынан 28-орын алған. Мемлекет индексі (E-Government Development Index, EGDI) 0,86 тармақты құраған. Бұл – Орталық Азия мен ТМД елдерінің ішіндегі ең озық көрсеткіш. Сонымен бірге біздің ел Ирландия, Канада, Италия, Бельгия, Чехия сияқты дамыған елдерді де басып озады.
27 Қазан, 2022
Қоғамдық штаб жұмысымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабқа барып, үгіт-насихат және талдау орталықтары, қоғамдық қабылдау бөлмесі, медиа штаб, сенімді өкілдердің жұмысын үйлестіру орталығы, байқаушылар штабы мен жастар алаңының жұмысымен танысты.
27 Қазан, 2022
Сенат Бюросының мүшелері бүгін өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті. Соған сәйкес сенаторлар ертеңгі отырыста екі заң жобасын қарайды.
27 Қазан, 2022
Елордада медиа саласының өкілдеріне арналған Astana Media Week-2022 апталығы басталды.
26 Қазан, 2022
Жер учаскелерін бөлу жеңілдетіледі
Кеше Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру мәселесін талқылады. Сондай-ақ әйелдердің зейнеткерлікке шығуын 61 жас деңгейінде белгілейтін заң жобасы мақұлданды.
26 Қазан, 2022
Транскаспий бағытының мүмкіндігі
Азия мен Еуропаны байланыстыратын алтын көпір – Қазақстанның логистикалық әлеуеті әу бастан жоғары. Алайда соны толық пайдалана алмай отырған жайымыз бар. Енді, міне, әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайға байланысты сол бір тамаша мүмкіндіктің игілігін көретін сәт туып тұр. Дағдарыстың бір аты – мүмкіндік деген, осы.
26 Қазан, 2022
Қазақстанның қаржы секторы өткелектерден аман өтіп келе жатқан, тәуелсіздік алғалы 30 жылдың ішінде шарықтауды да, құлдырауды да бастан кешкен, жұмысы жүйеленген салаға айналды. Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда бұл салада кідіріс көп болғаны рас. Тек 2000 жылдан кейін жұмыс бір ізге түсіп, банк секторы қарқын ала бастады. Сақтандыру, микроқаржы ұйымы және қор нарығы да біртіндеп төрт аяғын тең басқан салаға айналып келеді. Отандық қаржы секторы қазір дамудың қалыпты жолына түсті десек болады.
26 Қазан, 2022
Мойынқұм ауданы Жамбыл облысының жартысына жуық жерін алып жатқан киелі мекен. Бұл жер кешегі Керей мен Жәнібек хандар қазақ хандығының алғаш туын тіккен, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың кіндік қаны тамған, күні кеше ғана Қазақстанның Еңбек Ері атанған атақты сазгер Шәмші Қалдаяқов «Мойынқұмда ауылым» әнін арнаған, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, малшылардың маршалы атанған, қазақтың қасиетті қара шалы Жазылбек Қуанышбаев пен ел Тәуелсіздігінің бастауы болған «Желтоқсан» оқиғасының құрбаны, қазақтың қайсар ұлы, «Халық қаһарманы» Қайрат Рысқұлбековтің елі екенін әрқашан мақтан етеміз.
26 Қазан, 2022
Электронды коммерция: Тұтынушы сұранысы қалай өзгерді?
Сарапшылардың бағалауынша, бөлшек электронды коммерция нарығында айтарлықтай өсім бар. Бұған PwC Kazakhstan компаниясы мен Цифрлы Қазақстан қауымдастығы бірлесіп дайындаған «Қазақстан Республикасындағы бөлшек электронды коммерция нарығына талдау» деп аталатын зерттеу нәтижесі дәлел. Талдау 2022 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша жасалып отыр. Зерттеу барысында нарыққа шолу жасалып, сатылым көлемі мен транзакциялар саны, орташа чек пен ондағы өзгеріс, электронды коммерциядағы маркетплейс рөлі негізге алынған.
26 Қазан, 2022
Тауар сатудағы түрік маркетплейсі
Қазақстан мен Түркия арасындағы келісімге сәйкес енді біздің тауарлар ірі түркиялық маркетплейс – Trendyol арқылы сатылатын болды. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
26 Қазан, 2022
Елорда іргесіндегі көне Бозоқ қалашығын қайта құру және археология ескерткішінің түпнұсқасын сақтап ботай, сақ, ғұн, түркі тарихи кешендерін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды жоба – «Бозоқ» ұлттық паркінің құрылысы басталды. Мазмұнды шара аясында игілікті істің басталғанын бейнелейтін «Уақыт капсуласына» естелік жазба қалдырылды. Оған Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, Мемлекет тарихы иинстиутының директоры Еркін Әбіл, белгілі археолог Зейнолла Самашев т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.
26 Қазан, 2022
TikTok қосымшасы қазақ тілінде қолжетімді болады
TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылады. Сондай-ақ осы жылдың күзінде сервис Астана және Алматы қаласында екі өкілдігін ашады. Бұл туралы Astana media week апталығында Tik Tok Қазақстан Бас директоры Анастасия Панина хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
26 Қазан, 2022