Редакция таңдауы
Мыңнан астам сауда нүктесі өрттен жапа шекті
Аумағы 2 500 шаршы метр болатын базарда жұма күні таңға жуық болған өрт жетісайлықтарды әбігерге салды. Нақтырақ айтсақ, сағат 03:00-де Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» базарының аумағында ауданы 500 шаршы метр болатын жеке тұрған бір қабатты ғимаратта және ауданы 400 шаршы метр қалқаның астында орналасқан аумақтан өрт шықты. Өрт таңғы сағат 05:20-да ауыздықталып, 07:35-те сөндірілді.
01 Қыркүйек, 2022
Елдің күткені – автобанның біткені
Қарағандыдан басталып, Балқашты басып өтетін күре жолдың құрылысына келгенде тіл күрмеле береді. Осыдан үш жыл бұрын, яғни 2019 жылы басталған төртжолақты бұл автобанның құрылысы сағызша созылып, бүгінге дейін бітпей тұр. «Бұған не себеп болды екен?» деген заңды сұрақ туындайды.
31 Тамыз, 2022
Сайын дала төсіндегі сарғыш тартқан егістік алқаптары теңіздей толқып тұр. Өткен жылғы қуаңшылықпен салыстырғанда, биылғы егіннің жағдайы тәубе дерлік. Көктемде 5,2 млн гектар алқапқа дәнді дақыл тұқымдарын сіңірген ақмолалық диқандар ырыс жорығына аттанып кетті.
31 Тамыз, 2022
Түкірcең – айыппұл арқалайсың...
«Түкіргенім бар» деу қазір қауіпті. Қоғамдық орында шабытыңды шақырып, бақырып айғайлауға болар, бірақ қақырып түкіруге рұқсат жоқ. Аз түкірігің үшін көп айыппұл арқалайсың. Түкірмейтін адамдар «маған түк қатысы жоқ» деп ережені елемейтін шығар. Ал сәт сайын түкіретіндердің қалтасының түбі көріне бастауы әбден мүмкін.
31 Тамыз, 2022
Құран деп сақтап жүргені А.Байтұрсынұлының «Маса» кітабы болып шықты
Керекуде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» кітабының түпнұсқасы табылды. Төте жазумен теріліп басылған көне кітапты жуықта Аққулы ауданының тұрғыны Бұқар жырау атындағы облыстық әдебиет және өнер музейіне әкеліп тапсырған екен. Жәдігердің парақтары әбден сарғайғаны болмаса, жазулары айқын көрінеді. Жергілікті тарихшылар әзірше оның қай жылы шыққанын тап басып айта алмай отыр.
31 Тамыз, 2022
Қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық аспабы – домбыра. Алайда оны жасауға бет бұрған шеберлер көп емес. Сондай шебердің қатарындағы Нұрлыбек Бисембаев домбырашы мамандығын меңгерген.
31 Тамыз, 2022
Илон Маск әлемдегі ең бай адам атанды
Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
Үкімет басшысы Дархан Сатыбалдыға тапсырма жүктеді
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу Түркістан қаласына келіп, облыстың барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
NASA сенбі күні ғарышқа екінші жерсерігін ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2022
Педагогтердің аттестациядан өту тәртібіне өзгерістер енгізілді
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов 30 жылдық педагогикалық өтілі және жаңа аттестаттау жүйесі бойынша санаты бар педагогтер біліктілік тестілеуінен босатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 31 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
Елорда әкімі Конституция күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын Қазақстан Конституциясы күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
30 Тамыз, 2022
Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам құрудың кепілі
Уақыт өте келе, ұрпақ ауысқан сайын Негізгі Заң да өзгеріске ұшырап отырады. Бұл – өмірдің, заманның талабы. Дамудың басты шарты да осы – өзгеріс. Биыл 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысымен жалпыхалықтық референдум өткені баршаға мәлім. Конституцияның үштен бір бөлігі өзгерді. Ең бастысы әрі маңыздысы – қарапайым халық бұл өзгерістерді жылы қабылдады. Өйткені жаңарған Конституцияның негізінде Жаңа Қазақстан, ашық әрі әділетті қоғам құру деген арман-тілек жатыр.
30 Тамыз, 2022
Өңірдегі өзекті мәселелермен танысты
Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Оқушылар сарайының мәжіліс залында облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесу кезінде ТЖ туындаған кезде халықты хабардар етуге, су тасқыны кезеңінде суда және тұрғын үйлерді су басудың алдын алуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға, көп қабатты тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігіне қатысты халық қойған өзекті сұрақтарға жауап берді.
30 Тамыз, 2022
Инсульт алған испандық туристі емдеді
Жазым деген аяқ астында. Испаниядан Қазақстанның көрікті жерлерін тамашалауға келе жатқан Фернандо Боделон ұшақта инсульт алып, трапқа да аяғы тимей, ауруханадан бір-ақ шықты.
30 Тамыз, 2022
Балаға бақыт сыйлаған «Атамекен»
Орал қаласындағы «Атамекен» балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы жазғы демалыс маусымын аяқтады. Жылдағыдай мұнда биыл да мыңдаған бала каникул қызығына батып, керемет демалды. Енді оларды жаңа оқу жылы, білім бәсекесі күтіп тұр...
30 Тамыз, 2022
Елордада пластикалық спектакль қойды
Елорданың «Астана Опера» театрында Түркістан музыкалық драма театры «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін қойды.
30 Тамыз, 2022
Жаңарған Ата Заң – жарқын өмірге қадам
Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығы мен Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасы бірлесіп өткізген «Жаңа Қазақстанның қалыптасуы мақсатындағы конституциялық жаңғырту» тақырыбындағы конференцияда ғылыми қоғамдастық Ата Заңымыздың мәртебесіне қатысты, Жаңа Қазақстанды құруға байланысты ой-пікірлерімен бөлісті.
29 Тамыз, 2022
Өңірде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні айрықша салтанатпен аталып өтті. Салтанатты іс-шара барысында «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңінің, облыстық «Еңбек жолы», «Үздік волонтерлік жоба» байқауларының жеңімпаздары облыс әкімінің Алғысхаттарымен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.
29 Тамыз, 2022
Тарихы қойылыммен айшықталған айтулы күн
Шымкенттіктер 30 тамыз – Конституция күнін атап өтті. Айтулы мереке қарсаңында мегаполистегі «Түркістан» сарайында салтанатты кеш ұйымдастырылып, іс-шараға зиялы қауым өкілдері, өнер қайраткерлері, қарапайым еңбек адамдары, депутаттар мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері және жастар қатысты.
29 Тамыз, 2022