Редакция таңдауы
Кеңес Одағының бұрынғы президенті Михаил Горбачев 92 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
31 Тамыз, 2022
Президент ертең Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 Тамыз, 2022
Конституциялық реформа: Негізгі Заңға өзгерістердің мәні мен маңызын терең түсінген дұрыс
Конституция – еліміздің басты, жоғары мемлекеттік Заңы. Осыған байланысты Конституция күні – республиканың барлық азаматтары үшін айтулы күн. Бұл күні, 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда республикамыздың қазіргі уақытқа дейін қолданылып жүрген Негізгі Заңы қабылданды.
30 Тамыз, 2022
Болашағымыздың бұлжымас бағдары
Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның, азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес, стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Атап айтқанда, Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп, ал оның ең басты құндылығы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды.
30 Тамыз, 2022
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс өзге елдердің саяси бағыттарына біршама өзгеріс енгізді. Бұл өзгеріс екі Скандинавия елінің саяси ұстанымын да айналып өтпеді. Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға 24 ақпанда басып кіруінен кейін ондаған жыл бойы ұстанып келген бейтарап саясатынан бас тартып, осы жылдың 18 мамырында НАТО-ға қосылуға ресми өтініш берді. Екі елдің мүшелігін қабылдауға қарсы болған Түркия мен Скандинавия елдерінің өкілдері келіссөздер негізінде ортақ пікірге келіп, үшжақты меморандумға қол қойылды.
30 Тамыз, 2022
Экономикадағы өсім және инфляцияны төмендету
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі заң жобалары қаралды.
29 Тамыз, 2022
Адам құқықтарын асқақтатқан Ата Заң
Республиканың Негізгі Заңының 1-бабында «Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат құндылық болып табылады» деп көрсетілген. Ал Конституцияға 2022 жылғы 8 маусымдағы конституциялық Заңмен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекетімізде адам мен азаматтың мәртебесі туралы жоғарыда жарияланған негізгі нормаларды іс жүзінде іске асыруға жаңа негіздер береді.
29 Тамыз, 2022
Көмір кезегін қалай реттеуге болады?
Республика бойынша Атырау мен Маңғыстау облыстарынан басқа өңірлердің бәрі жылыту маусымына көмірді пайдаланады. Аталған екі өңір газды қолданады. Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстары да газбен қамтылған. Бірақ бұл өңірлерде де көмір тұтынатын бірнеше аудан бар. Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Абай, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы әр отбасыға жылыту маусымында 5 тонна және одан да көп көмір қажет. Оңтүстік өңірлерде бұл көрсеткіш төмен – қысқы маусымда әр отбасыға шамамен 2 тонна көмір жеткілікті. Алайда бұл өңірде халық көп болғандықтан, тұтыну көлемі де жоғары.
29 Тамыз, 2022
Күні кеше ғана алыстағы Америкадан қуанышты хабар жетті. Штаб-пәтері Пуэрто-Риконың Сан-Хосе қаласында орналасқан Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) орта салмақта күш сынасатын танымал кәсіпқой боксшы, қазақтың мақтан тұтар ұлы Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атанғаны жайында ресми түрде мәлімдеді. Бұл жаңалықты жанкүйерлердің барлығы да қуана қабылдады. Расында да, қандасымыздың ол атаққа әбден лайық екені еш күмән туғызбаса керек. Осылайша, Жәнібектің есімі Қазақстаннан шыққан бесінші әлем чемпионы ретінде тарихта қалды.
29 Тамыз, 2022
VII съезге дайындық жоғары деңгейде
Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев отандық телеарналарға сұхбат берді. Сұхбатта Сенат Спикері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің маңызы туралы айтып, биылғы форумның жаңа геосаяси ахуалдағы ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталды.
29 Тамыз, 2022
ІТ-технология: Әйелдерді қолдауға жасалған қадам
Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия алаңында IT технологиялар және бизнес саласындағы кәсіпкерлермен кездесу-тұсаукесер өтті.
29 Тамыз, 2022
Соломон аралдарының шекарасы жабық
АҚШ кемесі Соломон аралдарының аумағына кіре алмады. Әдетте Америка кемелері аралға аялдап, жанармай құйып, техникалық жағдайын тексеріп алатын. Осы жолы бұлай істеуге мүмкіндігі болмады. Ал Соломон билігі АҚШ-тың ресми сұранысына жауап бермеді. Аралдың көздегені не? Шекараны шектеуде қандай мақсат жатыр?
29 Тамыз, 2022
Алжир-Франция: Қарым-қатынастың жаңа белесі
Алжир президенті Абдулмежит Теббун мен Франция президенті Эмманюэль Макрон бір жылға жуық шиеленістен кейін қайта бас қосты. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жаңа бетін ашуға бел буғандарын мәлімдеді.
29 Тамыз, 2022
Қымбат билеттен әуе хабына дейін: Азаматтық авиация проблемалары қалай шешіледі?
Елімізде 1941 жылдан бері 89 әуе апаты болыпты. Әрине, тым көп. Әріге бармай-ақ, берідегі – 2019 жылы Алматы маңындағы Bek Air, 2013 жылы Алматы облысының Қызыл Ту ауылы тұсындағы Scat ұшақтарының апатқа ұшырағанын ел ұмыта қойған жоқ. Оның арасында демі көк жүзінде таусылған әскери, санавиация ұшақтары қаншама. Әрбір апат болған сайын елдегі азаматтық авиацияға жүйелі өзгеріс қажет екені айтылады. Соның ішінде ұшақ паркін жаңарту, сапа мәселесін қолға алу өте маңызды.
29 Тамыз, 2022
5-11 сыныптарға жаңа міндетті пән енгізілді. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа тәртібі бекітілді. Колледждер енді жұмыс берушілермен бірлесіп оқу бағдарламаларын жасап, оқыту мерзімдерін еңбек нарығына сәйкес бірге анықтай алады. Барлық ізденуші, соның ішінде шетелдік студенттер университетке барып оқиды. Жаңа оқу жылының осы және өзге де өзгерістері мен жаңалықтары жайлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
29 Тамыз, 2022
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен кетті
ҚР Үкіметінің қаулысымен Әділбек Зейнуллаұлы Сәрсембаев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2022
Ертең елордада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда тұрғындарының өтініші бойынша Нұр-Сұлтандағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 30 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
29 Тамыз, 2022
Бүгін «Хабар 24» арнасында «Президент» арнайы телебағдарламасы эфирге шығады
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай facebook-парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Тамыз, 2022
Біздің міндетіміз – бюджет қаражатын тиімді пайдалану - Ә.Смайылов
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі заң жобалары қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Тамыз, 2022
Дизель отынына қатысты шағымдар үшін жедел желі іске қосылды
Энергетика министрлігі мен жанар-жағармай құю станциялары желілерінде дизель отыны мәселесі бойынша азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін қабылдауға арналған сенім телефоны іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
27 Тамыз, 2022