Редакция таңдауы
Ел экономикасында стратегиялық маңызы басым Атырау облысында 123 жыл бұрын «қара алтынның» алғашқы бұрқағы атқылаған. Содан бері бұл өңірде мұнай-газ өнеркәсібі кең қанат жайды. Жаңа кен орындары ашылып, халықаралық жобалар іске асырылып жатыр. Энергетика министрі Болат Ақшолақов атыраулықтармен кездесуде мұнайлы өңірдің мүмкіндігі мен мұнай-газ саласының негізгі көрсеткіштері туралы айтып берді.
15 Тамыз, 2022
Ауылдағы ағайынның «Ауыл аманаты» жобасынан үміті мол. Сан мәрте жақсылықтан дәмеленіп, күдері үзілмей келе жатқан ауыл тұрғындары нақ осы жолы бір жақсылық болар деп дәметеді.
15 Тамыз, 2022
Кадрларды қаншалықты бағалап жүрміз?
Қай жүйеде болсын өзектілігін жоймай келе жатқан ұранның бірі – «Бәрін де кадр шешеді» деген сөз. Әсіресе, мемлекеттік қызмет саласында бұл ұранның өзектілігі орасан. Мемлекет басшысы елдің экономикалық жағдайын, әлеуметтік ахуалын, қорғаныс қуатын жақсарту туралы қандай да бір жақсы шешімдер қабылдаса да оны іске асыратын кадрлар табылмаса бәрі де аяқсыз қала береді.
15 Тамыз, 2022
Аутизм сырқаты бар балаларға ерекше күтім қажет
Ақтөбе облысында ерекше қажеттілігі бар кәмелет жасына жетпеген 6 700 бала тіркелсе, соның ішінде 648 бала аутизм дерті бойынша есепте тұр. Егер де 2000 жылдардың басында Ақтөбе облысында туабітті мүгедектігі бар 2 мыңға жуық бала болса, қазір олардың саны үш есе өскеніне куә болып отырмыз. Әрине, аутизм дертіне шалдыққан сәбилер қатарының жылдан-жылға көбейіп бара жатқаны алаңдатады. Ақтөбе облысында аутизм дертіне шалдыққан 648 баланың 465-і – облыс орталығында, 183-і аудандарда тұрады.
15 Тамыз, 2022
Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізудің стратегиясы дайындалды. Жалпы, NEET тобындағы 15-28 жас аралығындағы жастар 6,2 пайызды құрап отыр. Бұл стратегия өскелең ұрпақтың баспанаға қол жеткізу мен жұмыссыздық сияқты әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
15 Тамыз, 2022
Кеше Бурабай баурайында бірінші Орталық Азия волонтерлер форумы ашылды. Ілкімді ізгілікке негізделген, жан жадыратар жақсы істерге ұйытқы болып отырған волонтерлердің қатары күн өткен сайын көбейіп, мүмкіндігі артып, қарымы молайып келеді.
15 Тамыз, 2022
Кітап оқу – талғамнан. Кім қандай шығарма оқыса да, оны қалай бағаласа да өз еркі. Талғамда әділет жоқ. Бір оқырман естен тана оқыған ортақол дүниенің көркемдік осалдығын қалай дәлелдейсің. Жазушының қаламы қай тұста әлсіреп, қай тұста қоюлана түскенін қалай түсіндіресің. Мұндайда бәрі «талғамға талас жоқ» деп дауласады. Дегенмен бұл ақталу әдебиетке, көркем өнерге өте ме? Жазуға да, оқуға да биік талғам керек дейтініміз де содан.
15 Тамыз, 2022
Алматы облысында өндіріс пен агроөнеркәсіп кешені қатар дамып келе жатыр десек артық айтпаспыз. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы өнім өндіру көлемінде ілгерілеушілік бар. Бұл бағытта биыл 670 млрд теңгенің өнімін өндіру міндеті тұр.
15 Тамыз, 2022
Қостанайдың іргесінде жатқан Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында ұлттық ат спортынан ел чемпионатының аймақтық іріктеу жарысы өтті. Дүбірлі додада Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларымен қатар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Абай облыстарынан келген сәйгүліктер бәйгеге түсті.
15 Тамыз, 2022
Абай облысының Аягөз ауданында сақ дәуіріне тиесілі ескерткіш табылды. Бозай ауылының маңында жүргізіліп жатқан археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде біздің заманымызға дейінгі VII-VI ғасырға тән, яғни ерте темір дәуірінің жерлеу-ғұрыптық ескерткіші анықталды.
15 Тамыз, 2022
Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені қорында қос жазушының кітаптары, қолжазбалары, қойын дәптерлері, хаттары, фотосуреттері, тұтынған заттары, сыйлық заттар, қолөнер туындылары көп сақталған. Сондай жәдігердің бірі – Ғ.Мүсіреповтің күріштен жасалып, бояумен әрленген портреті.
15 Тамыз, 2022
Жалған дипломмен лауазымды қызметке орналасқандар анықталды
Шығыс Қазақстан облысында лауазымды қызметке жалған құжат арқылы орналасқан тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2022
Солтүстік өңірлерде қант қымбаттады
Солтүстік Қазақстан облысында биыл шілде айында қант өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 80 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2022
Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қосылды
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарына қайта кірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Тамыз, 2022
Еуропалықтар суды үнемдей бастады
Францияда құрғақшылық қаупі жарияланып, суды пайдалануға шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz еuronews-ке сілтеме жасап.
15 Тамыз, 2022
Корей халқының қазаққа деген құрметі бөлек. Әсіресе ата-бабалары кер заманда Жетісу жұртын паналаған олар күні бүгінге дейін достық пейілін төгіп келеді. Соған орай Қаратал ауданына қарасты Бастөбе ауылында Оңтүстік Корея жұртшылығының атынан «Достық» монументі мен мемориалы ашылды.
15 Тамыз, 2022
Ерекше балаларға қамқор орталық
Ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар кішкентайының қатардан қалмай, дүниетанымы, өмірге бейімделу дағдысы қажетті деңгейде қалыптасқанын қалайтыны анық. Осы санаттағы отбасылардың қасынан табылып, жан-жақты қолдау көрсететін орталықтардың қатары көбейіп жатқаны қуантады. Жақында Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, олардың ата-анасына да қажет көмек түрлерін көрсететін орталық ашылды.
15 Тамыз, 2022
Елордада біраз жылдан бері дәстүрге айналған «Азия жаңғырығы» атты XIII цирк өнері фестивалі қайта жаңғырды. Әлемді жайлаған індетке байланысты екі жыл үзілістен соң қайта бастау алған айтулы байқауға әлемнің 13 еліндегі цирк өнерінің үздік әртістері келді. Ауқымды мәдени іс-шараны өткізуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдау көрсетті.
15 Тамыз, 2022
Әкімдік мұқтаж балаларға мектеп формасын әпереді
Қазіргі кезде еліміз өңірлерінде республикалық «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. Алматы қаласында да қарқын алған бастама аясында мұқтаж отбасылардан шыққан 19 мың оқушыға көмек көрсетіліп, оларға әкімдік тарапынан мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алуға қолдау көрсетіледі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 800 млн теңге қарастырылып отыр.
15 Тамыз, 2022
Елімізде бұқараның әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға серпін беретін «Ауыл – ел бесігі» жобасы бар. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбековтің мәліметінше, биыл осы жобамен Атырау облысының 30 ауылында әлеуметтік нысандар мен жол салу секілді 41 жобаны іске асыруға 11,2 млрд теңге бөлінген.
15 Тамыз, 2022