Редакция таңдауы
«Сбербанк» нағыз берекеге айналса игі
Батыс санкциясына ұшырап, қызмет ету мүмкіндігі айтарлықтай тежеліп қалған «Сбербанк Қазақстан» еншілес банкін «Бәйтерек» холдингі сатып алды және банкке басқа атау берілді. Қаржы институты бұдан былай «Береке банк» деп аталады. Ал бұған дейін «Альфа-Банк» атанған қаржы ұйымына бірнеше ай бұрын Eco Center Bank атауы берілген еді. Аталған қаржы институты да «Банк ЦентрКредитке» біржола жұтылды.
15 Қыркүйек, 2022
Ғ.Мүсірепов: «Абай» – ұлттық роман»
Ғабит Мүсіреповтің «Абай», «Абай» романы туралы», «Абай» – қазақ операсының жаңа белі», «Абай» – Қарағанды қазақ драма театрының жаңа табысы» атты төрт мақаласы бар. Бәрі де, аттары айтып тұрғандай, Абай тақырыбына, М.Әуезовтің шығармашылығына арналған.
15 Қыркүйек, 2022
Толқытып Толағайдың мақпал түні...
Жұдырықтай ғана жүректен туған ән алыстарға аттанады. Құрлық асқаны былай тұрсын, ғасырлардан ғасырларға көшіп, адам рухымен бірге өмір сүре береді. Атақты Илья Жақановтың «Толағай» әні Жапонияның Токио қаласындағы әлем халықтары музыкаларының музейінде сақтаулы тұрғанын әнші Қайрат Байбосыновтың өзі айтады. 1990 жылдардың ішінде Сматай Үмбетбаев екеуін Жапонияға арнайы шақыртқанда, Қайрекең әлгі музейге осы әнді жаздырып кетіпті.
15 Қыркүйек, 2022
Тағдырының талқаны ерте таусылған таланттар аз емес. Кісі сөзінде кие бар екендігіне де талас жоқ. Кейде сандардан сыр іздеу қажет пе деп те ойлайсың. Николай Гумилев түсін жорығанда неге өліммен сабақтастырды екен? Ол түсінде 3 және 5 сандарын көрді. Онысын әйгілі ақын, жары Анна Ахматоваға былай деп әңгімелейді: «3 және 5 сандары тағдырыммен байланысты. Мен не 35 не 53 жасымда дүниеден көшетін шығармын». Ол расында да 35 жасында бақилық болды.
15 Қыркүйек, 2022
Алаш ардақтылары армандаған тәуелсіздік идеясы қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де өшкен емес. Оны ақын-жазушыларымыз өз шығармаларындағы кейіпкер бейнесі немесе сонда қозғаған ұлттық құндылықтар арқылы астарлап болса да сыналап кіргізіп, халқымыздың намысын қайрап, жігерін жанып, азат рухын асқақтатты. Осындай мазмұн сол кездегі қазақ киносында да көрініс тапты. Сондай тұғыры биік туындының бірі, 1981 жылы экранға шыққан «Ақырғы аманат» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценарийін көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Олжас Сүлейменов жазса,түсірген – айтулы режиссер, марқұм Амангелді Тәжібаев.
15 Қыркүйек, 2022
Семей ядролық полигоны кесірінен қолсыз мүгедек болып туған Кәріпбек Күйіковтің картиналары әлем назарында қазір. АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, тағы басқа өркениетті елдерде көрмелері өтіп тұрады. Суретші бұрынырақта Нобель сыйлығына үміткер ретінде ұсынылған. Біз бүгін қылқаламды тісімен тістеп салатын автордың туындысына тоқталмақпыз.
15 Қыркүйек, 2022
Бірлігіміз – берекелі қоғам бастауы
«Еліміздің басты құндылығы – адам» деп атап көрсетеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жақында халыққа арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында. Иә, біз адамдар болып мемлекет құрамыз, бұл – Қазақстан мемлекеті. Ұлт біріктіреміз, бұл – қазақ ұлты. Сонымен бірге, бүкіл Қазақ елі болып жұмыла жүріп, берекелі қоғам құрамыз. Ал бұл мақсатқа жеткізетін бірлігіміз болуға тиіс.
15 Қыркүйек, 2022
Президент Рим Папасына домбыра сыйлады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискке қонақжай қазақ жерінен естелікке домбыра сыйлады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы ай басынан бері 0,3%-ға, жыл басынан бері 19,3%-ға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2022
Елорда атауын ауыстыруға қатысты қалалық мәслихатта қоғамдық тыңдау өтті
Елорда мәслихатында Нұр-Сұлтан қаласының атауын Астана деп өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне қатысады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қыркүйек, 2022
Астана декларациясында ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер ортақ құндылықтар негізінде еуроатлантикалық аймақта бөлінбейтін қауіпсіздік қауымдастығын құруға ниет білдірді. Сонымен бірге декларация дискриминациямен және төзбеушілікпен күресу үшін қосымша күш салу қажет екенін атап өтті. Декларацияда бейбітшілік мақсатымен диалогті қолдау үшін бәрін жасау керектігі айтылған.
15 Қыркүйек, 2022
Дін өкілдері арасында алауыздық жоқ
Әлемдік дін көшбасшылары жиналған съезге қатысу – мен үшін үлкен мәртебе, Қазақстанның ғажайып жерінде, барлық этностың арасында өзара құрмет орнаған жерде болу – зор құрмет.
15 Қыркүйек, 2022
Кеше Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Онда бірқатар ратификациялық заң жобасы мақұлданды.
15 Қыркүйек, 2022
Халықаралық ережелерге сәйкес бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынғаны белгілі. Шынында да, әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру жолында халықтың жаңа сенім мандаты қажет.
15 Қыркүйек, 2022
Рим Папасы Франциск EXPO халықаралық көрме орталығының аумағында Месса рәсімін өткізді. Содан кейін понтифик сөз сөйлеп, Қазақстанға әрі қарай да бауырластық пен түсіністікте өмір сүруді тілеп, өз тарихын қадірлеп-қастерлеуге шақырды.
15 Қыркүйек, 2022
Халықаралық институттардағы дипломатиялық қарым-қатынастардың босаңсуына қарамастан дінаралық байланыстардың маңыздылығын жоғары қоямыз. Ғылыми-технологиялық прогрестің дамуы барысында өркениетаралық қақтығыстардың жөнсіздігі айқын көрінеді.
15 Қыркүйек, 2022
Діни бостандық шектелмегені жөн
Халықаралық Парламентаралық одақ 1897 жылы құрылды. Біз парламенттік қызмет арқылы бүкіләлемдік келісімді қамтамасыз етеміз. Одақ адамзат алдында тұрған жалпы ортақ проблемаларды шешудегі негізгі түйткілдерді қарастырады.
15 Қыркүйек, 2022
Ұлтына, дініне қарамастан планетадағы әр адам бір-біріне бауыр. Қазіргідей алмағайып заманда адами құндылықтардың жиі аяққа тапталатынын көріп жүрміз. Дін өкілдері саясаткер болмасақ та шиеленіскен жағдайдың бейбіт түрде шешілуіне ынталымыз.
15 Қыркүйек, 2022
Дін әлемді қауіптен сақтауы қажет
Жаһанда әскери шығындардың көлемі артқан сайын, адамдардың да санасы уланып, соғыс туралы ойға жетелейді. Өкінішке қарай, қару-жараққа триллиондар жұмсалуда. Ал бұл шығындар шын мәнінде, әлемнің әртүрлі бөлігінде, әсіресе Африка елдерінде нан, суға зәру кедейлікке тап болған миллиондаған халықтың барлық әлеуметтік гуманитарлық мәселесін шеше алар еді.
15 Қыркүйек, 2022