Редакция таңдауы
Ана тілінде оқудан неге қашады?
Жаңа оқу жылы жақындаған сайын көп көңілді күпті ететін бір жай бар. Ол – қазақ баласының орыс тілінде білім беретін бастауыш сыныптың табалдырығынан аттауы. Кешегі кеңес заманында Көкшетау өңірінде жергілікті ұлт тілінің шала-жансар күйге еніп, кірпігі ғана қимылдағаны жалпақ жұртқа мәлім. Тәуелсіздік алғалы да ұлттық рухани әлемнің, әсіресе білім саласындағы тоқыраған ағыс арнасын аша алмай жатыр.
11 Тамыз, 2022
«Абай күні» мерекесі еліміздің түкпір-түкпірінде өз деңгейінде атап өтілді. Ақынның туған күніне орай ел астанасында да бірқатар мәдени іс-шара болды. Рухани мереке елордалық зиялы қауымның Абай ескерткішіне гүл қою рәсімінен басталды.
11 Тамыз, 2022
Energyprom аналитиктері 2022 жылдың қаңтар-наурыз аралығында отандық кәсіпорындардың етті қайта өңдеу және консервілеу, сондай-ақ ет өнімдерін өндіру көлемі 101,1 млрд теңгені құрағанын, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 28,8 пайызға көп екенін мәлімдеген еді. Халықаралық сарапшылар да ет өндірісі бойынша Қазақстанның әлеуеті айтарлықтай жоғары екенін айтады. Дегенмен бұл саладағы жетістігіміз де, әттеген-айымыз да бір-бірімен иық тірестіріп тұр.
11 Тамыз, 2022
Зейнетақы қаржысын әлі пайдалануға болады
Зейнетақы қорындағы шекті сомадан асатын қаражатты пайдалану акциясы әлі жалғасып жатыр. Иә, былтырғыдай белсенді емес. Себебі биыл сәуір айынан бері шекті сома мөлшері екі есе өсіп кетті. Сөйтіп, көп адам қордағы ақшаны алу мүмкіндігінен айырылды.
10 Тамыз, 2022
Қоғам жұмыла кіріссе, қоқыстан тазарамыз
Қазіргі таңда Қазақстанда ғана емес, әлемдегі басты мәселенің бірі – қоқыс. Жыл сайын адамзат 2,2 млрд текше тонна қоқыс шығарса, соның 20 пайыздайы ғана өңделеді екен. Өкінішке қарай, миллиардтаған тонна қоқысты түгелдей кәдеге жарату бүгінде мүмкін болмай тұр.
10 Тамыз, 2022
Ұрпақ тәрбиесіндегі алтын қазық
1950 жылдары КСРО алғаш рет ғарышқа жер серігін ұшырғанда АҚШ қызыл империяның бұл салада қалай демократиялы елден алға озып кеткеніне қайран қалған. Сөйтіп, бұл мәселені зерттеп, балаларға кішкентай кезінен түрлі ғылым саласы бойынша ілім-білім оқыту керек деген тұжырымға келген. Осыдан кейін АҚШ-та 1960 жылдары базалық жобалар ілімі, яғни Project Based Learning жобасы қолға алынды.
10 Тамыз, 2022
Арзан бензин көршілерге кетіп жатыр
Көршілес елдер Қазақстан бензинін заңсыз жолмен тасымалдап жатыр. Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының айтуынша, біздің елде бензин бағасы арзан көрінеді. Алайда арзан бензин тасымалдаушылар рұқсат қағазының жоғынан шекарадан асып кете алмай, құқық қорғаушылардың құрығына ілінуде.
10 Тамыз, 2022
Учаскелік инспектор халықтың көңілінен шыға ма?
Күні-түні дамыл таппай шапқылап жүретін учаскелік инспекторлардың жұмысы жеңіл деп айта алмаспыз. Үйдегі былықты да, қорадағы ұрлықты да, ауыл ішіндегі сұмдықты да тәртіп сақшысының көмегімен шешуге асықпыз. Әйтсе де, «Керек кезінде таппай қаламыз» деген тұрғындардың шағымы да шаш-етектен. Бүтін бір ауылдың тәртібіне жауапты учаскелік инспектор міндетін мінсіз атқарып жүр ме?
10 Тамыз, 2022
Ұлт ұстазы және Батпақты мектебі
1895 жылы Орынбордағы орыс-қазақ мұғалімдер семинариясын аяқтаған 23 жастағы Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе уезі Самбай болысында жаңа ашылған ауыл мектебінде екі жыл жұмыс істеп, 1896 жылдың қара күзінде Қарқаралыға жол тартады. Ұлт ұстазы 1895-1909 жылдар аралығында үлкен саясатқа араласқанға дейін Ақтөбе, Қарқаралы, Қостанай уездеріндегі мектептерде, екі кластық училищелерде сабақ берген. Самбай мектебінде оқыған алғашқы шәкірттері кімдер? Кейін Кеңес өкіметінен Байтұрсыновтан дәріс алған қанша ауылдың момын жастары зардап шекті? Олардың кейінгі тағдыры қалай болды? Бұл – жиналмай қалған деректер.
10 Тамыз, 2022
Торғай музейлері кешенінде тұрған құнды жәдігердің бірі – аласапыран заманның қиын-қыстау кезеңдерінде Алаш қайраткерлері бір-бірімен хабар-ошар алмасу барысында пайдаланған құпия белгі. Көлемі шағын болғанымен, жұмбағы ашылмай қалған талай тарихтың тылсым сырын бойына бүккен құпия белгінің бір жақ беті араб қарпімен әдіптеліп, жіңішке жібектен алқа жіп тағылған.
10 Тамыз, 2022
Архивті ақтарсаңыз әртүрлі оқиғаға тап боласыз. Әуелде сенбейсіз, артынан алай-дүлей күй кешесіз. Таным дерегіңіз тағы бір сатыға өседі. Сол сырлы да мұңлы мұрағаттарды тозаңнан тазартсаңыз, ар жағында ұлттың рухы менмұндалап шығады. Сөзімізге дәлел – қазақ батырының ерлігіне қайран қалған орыс ақынының өлеңі. Кімге арнаған дейсіз ғой? Шығыстан шыққан жалғыз ұшқыш – Талғат Бигелдиновке! Бізді тебіренткен сол жырдағы қазақ баласының жасампаз жігері.
10 Тамыз, 2022
Фильмге арқау болған жанкешті ерлік
Жақында отандық бір телеарнадан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елімізден қиырдағы Украинаға мал айдап барған қазақстандықтар туралы «Ұзақ құс жолы» атты көркем фильм көрсетілді. Бұл туынды 1983 жылы жарыққа шыққан, оны түсірген – қазақ киносының қазынасын «Ақырғы аманат», «Охрана бастығы», «Ебелек», «Кімсің сен, шабондоз?» атты бірегей туындыларымен байытқан айтулы режиссер Амангелді Тәжібаев еді.
10 Тамыз, 2022
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтарды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін насихаттау жолындағы мақсатымыз – ұлттық санамызды бір жүйеге келтіру. Ұлттық тәрбие, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуына, ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін меңгеріп және ұлттық салт-дәстүрлерді бойына сіңіру негізінде қалыптасады деп қарастырғанымыз да жөн болар.
10 Тамыз, 2022
Ұлттық тәрбие – асыл қазынамыз
Халқымыздың рухани мұрасы аса бай. Ол ұшы қиырсыз Қазақ елінің ғасырлар тереңінен бастау алады.
10 Тамыз, 2022
Кенеп боялмаса да оның айтар ойын ұғуға болады. Кейде мыңдаған түсті бір картинаға жинасаңыз да, сіздің жүрегіңізді селт еткізбеуі мүмкін. Мұны француз импрессионист суретшісі Жорж-Пьер Сера жақсы түйсінді. Содан да болар «Циркті» аяқтай алмады. Соңғы бөлігін жазуға оқталғанда, шеберхана есігін ажал келіп қағады.
10 Тамыз, 2022
Тамызда өтетін Ұлттық біріңғай тестілеу басталды
Тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Тамыз, 2022
Жансая Әбдімәлік Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қола медаль алды
Танымал қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік 2022 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында алғашқы тақталар арасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
10 Тамыз, 2022
Қазақстанда «Ланъя» вирусы тіркелген жоқ
Жан-жануарлар арқылы таралатын «Ланъя» жаңа генипавирусы Қазақстанда тіркелмеді, деп хабарлайды Egemen.kz ВАК-қа сілтеме жасап.
10 Тамыз, 2022
Қазақстандықтардың орташа жалақысы 312 мың теңгеден асты
Қазақстанда 2022 жылдың екінші тоқсанында атаулы орташа жалақы 312 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
10 Тамыз, 2022
Алматы облысында әскери қызметкер қаза тапты
Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 5571 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҰ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 Тамыз, 2022