Редакция таңдауы
Экс-министр Елжан Біртановтың ісі қайта қаралады
Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің қылмыстық ісі Сарыарқа аудандық №2 сотының қарауына түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Мамыр, 2022
Отандық ғалымдар сүйекті қалпына келтіретін биоматериал әзірледі
Қазақстан ғалымдары сүйектерді қалпына келтіруге арналған биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Мамыр, 2022
Жеңіліс жеңіске қамшы бола ма?
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрмасы Ригадағы екінші оқу-жаттығу жиынын аяқтап, әлем чемпионатына қатысу үшін Финляндия астанасы – Хельсинкиге аттанды. Жерлестеріміз әлем біріншілігіне дайындық жұмыстары аясында Латвияда 8 және 9 мамыр күндері жергілікті хоккейшілерімен екі мәрте жолдастық матч өткізіп, өкінішке қарай, екі ойында да қарсыластарынан ірі есеппен жеңіліп қалды. Маңызды дода алдындағы бұл екі жеңіліс Юрий Михайлис шәкірттерінің әлемдік жарыстағы жарқын жеңістеріне бастайды деген үміттеміз.
11 Мамыр, 2022
Алматы облысындағы Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуіне байланысты салтанатты іс-шара легі жалғасуда. Бұған дейін Талдықорған қаласында біртуар тұлғаны еске алу рәсімі өткен болатын. Жиында жиналған көпшілік Дінмұхамед Ахметұлының ескерткіш мүсініне гүл шоқтарын қойып, елі үшін тер төккен тұлғаның еңбегі мен өнегелі істерін тебірене еске алған-ды.
11 Мамыр, 2022
Қазір Павлодар қаласының билігі шыбын-шіркейдің мәселесімен әлек. Шалыс басса, тұрғындардың наласына ұшырайтынын жақсы түсінеді. Бастан өткен соң барынша қамданып жүр. Бұл – мезгіл мәселесі. Шаһарда одан да маңызды проблемалар аз емес. Жылу құбырларының тозуы, жолға асфальт төсеу сияқты коммуналдық бағыттағы жұмыстар шашетектен. Сәйкесінше, шағым да көп.
11 Мамыр, 2022
Ардагерлерді мерекемен құттықтады
Елорда әкімі Алтай Көлгінов Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатысушыларын Жеңістің 77 жылдығымен құттықтады.
11 Мамыр, 2022
Референдумға қатысу – перзенттік борышымыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеуі көптің көкейіндегісін дөп басқан маңызды мәлімдеме болды.
11 Мамыр, 2022
Жаңа Қазақстанның маңызына тоқталды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 мамыр күні Қазақстан халқына арнаған үндеуінде конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталып, 5 маусым күні бүкілхалықтық референдум өтетінін тілге тиек еткен болатын.
11 Мамыр, 2022
Біздің бүгінгі әңгімеміз Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының іргетасын қалаушы, академик Ахмет Жұбанов сынды тұлғалардың ізбасары, музыкатанушы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, ұлағатты ұстаз Пернебек Момынұлы жайлы болмақ.
11 Мамыр, 2022
Көкшетауда Алаш ардақтысының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы – әлемдік руханият кеңістігінде» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді.
11 Мамыр, 2022
Қазақстан мен Түркия қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету жолдарын талқылады
ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Анкарада Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акармен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.
10 Мамыр, 2022
Үкімет басшысы азық-түлік бағасын ұстап тұру туралы кеңес өткізді
Үкіметтің цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын ұстап тұру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
10 Мамыр, 2022
Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды
Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Мамыр, 2022
Әлихан Смайылов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
Үкімет басшысы қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
09 Мамыр, 2022
Мемлекеттік хатшы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойды
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Екінші дүниежүзілік соғыс қаһарманы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Мамыр, 2022
Үлкендердің «е заман-ай» деп, өткенге күрсініп, келешекке тыныштық тілеп отыратынын кейінгі жылдары шын түсіндік. Әйтпесе сонау жылдардағы ашаршылық, репрессия, Екінші дүниежүзілік соғыс біздерге елес секілді еді. Жер үшін, ел үшін бабаларымыздың баудай қырылғанын біле тұра, бейбіт те бейғам өмірдің бағасын сезбеппіз ғой. Кейінгі жылдары деп отырғаным, жер әлемді дүрліктірген пандемияның кесірінен туған-туыс, дос-жарандармен қауышудан қалдық. Оны қойшы, аты жаман індеттің кесірінен жарқылдап жүрген жақындарынан көз жазып қалғандар қаншама?! Иә, мұндай аласапыранды ел Желтоқсан оқиғасынан кейін көрген жоқ шығар. Желтоқсан демекші, індеттен енді құтыла бергенде «Қаңтар қасіреті» шырқымызды бұзды... Міне, осынау дүрбелеңдерден соң кешегі өткен батырлардың, зиялылардың мемлекет мүддесі деп құрбан болып кеткендеріне еріксіз бас шайқайсың, бас иесің. Бірақ бағасына жете алып жүрміз бе, оның бәрін уақыт өзі реттейді. Жетпіс жыл бұрын одақты қорғап, 397 фашистің көзін жойған батыр Төлеуғали Әбдібековтің өзіне кеше ғана Президент «Халық қаһарманы» атағын берді. Иә, әбден лайық. Кеш те болса, ерлігі еленіп жатқанына күллі қазақ қуанды.
09 Мамыр, 2022
Жаңа Қазақстанның жаңа келбеті
Мемлекет басшысы 5 маусым күні жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Референдум – саяси реформаларды жүзеге асыру бағытындағы басты құжат.
09 Мамыр, 2022
Қажымұқанға арналған кешен құрылысына қаржы табылмай тұр
Спорттағы өнері аңызға айналып, даңқы алысқа кеткен, күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалағаны туралы дерек бар. Сонымен қатар Қажымұқан ел есінде бозкілем төріндегі балуандығымен қатар, домбыра шертіп, ән салған сегіз қырлы, бір сырлы тұлға ретінде қалған. Қажымұқанның бойындағы асыл қасиеттерінің бірі – қолының ашықтығы мен көпшілдігі екенін айтушылар да аз емес. Кей деректерде Қазан төңкерісінен кейін Қажымұқанның өзі ұйымдастырған турнирлерде өнер көрсете бастағаны, тапқан табысын жергілікті халыққа мектептер мен ауруханалар салуға беріп, өзіне және жақындарына өте аз қаражат жұмсағаны айтылады. Қайырымды жанның жақсылығы ұмытылған жоқ, алайда есімін ел есінде қалдыру ісінде бүгінгілердің әрекеті көңіл толарлықтай емес.
08 Мамыр, 2022
Қапшағай қаласына Қонаевтың аты салтанатты түрде берілді
Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілуіне байланысты шаһарда салтанатты шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
08 Мамыр, 2022
Ардагерді мерекемен құттықтады
«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басшысы Дархан Қыдырәлі абыз басылымда айшықты еңбек еткен тыл ардагері алматылық Хамит Біржановқа арнайы барып, айтулы мерекесімен құттықтады.
08 Мамыр, 2022