Редакция таңдауы
Екібастұзда қоныс аудару мәселелері талқыланды
«Өңір» депутаттық тобы мүшелерінің аймақтарға сапары жалғасуда. Бұл шара азаматтарды жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күшіне зәру өңірлерге қоныстандыру мәселесі бойынша отырысқа дайындық аясында қолға алынған болатын. Сенаторлар Ерік Сұлтанов, Әлімжан Құртаев және Алтынбек Нұхұлы бүгін Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында болды.
22 Қараша, 2021
Тиімділігін дәлелдеген бағдарлама
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына дәл осындай баға берді. Шынында да, аты қарапайым болғанымен, заты маңызды бағдарлама пандемия кезінде ел азаматтары мен кәсіпкерлеріне ауқымды әрі жедел қолдау көрсетті.
22 Қараша, 2021
Адам құқығы қылмыстық-атқару жүйесінде қатаң сақталуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты өткен жылғы Жолдауында азаптаумен күрес жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Бұл мәселе әлі күнге дейін өзектілігі мен маңыздылығын жойған жоқ. Өйткені елімізде азаптау, ар-намысты аяққа таптау кең сипат алмаса да әлі күнге өзектілігін жоймай келе жатқан мәселе. Қазіргі таңда адам құқықтарын қамтамасыз ету және азаптаулардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттары болып табылады. Ал негізінде құқықтық мемлекетте азаптау деректері мүлде болмауы тиіс.
22 Қараша, 2021
Банк секторы бәсекеге түскен үш онжылдық
Тәуелсіздік алған соң Қазақстан дербес банк жүйесіне көңіл бөлді. Ел – егемен, төл валюта – теңгемен, енді бәрін де жаңадан бастау керек еді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл қолдауы, сын сағаттарда Ұлттық қордан триллиондаған қаржы бөліп, банк секторын аман сақтап қана қалмай, артық табыс табуға жол ашып беруінің арқасында отандық банк секторы еңсесін тіктеді. Қазір біздің банк жүйесін халықаралық агенттіктер тәуір бағалайды. Активтері де жыл санап өсіп жатыр. Жаппай цифрлану олардың қызметін бұрынғыдан да қолайлы ете түсті. 2008-2009 жылғы дүниежүзілік дағдарыс сәтінде мемлекет қаншама банкті тікелей жетелеп, сауықтырды. Кейін оларға қатаң талап қойып сілкілеп те алды. Қазіргі банк жүйесін талай сын-қатерлерді көріп пісіп-шыныққан, алды-артын бажайлай алатын, клиент үшін тиімді саясат ұстануға құштар қаржы институттары құрап тұр.
22 Қараша, 2021
Қазақстанда жол төсемдері мерзімінен бұрын бұзылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың жолаушылар және жүк тасымалын дамыту бағытындағы жұмысы көңіл көншітпейді. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Партиялық бақылау комитетінің кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2021
Қазақстандық теннисші эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик эйс жасаудан әлемде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2021
Нидерландыда наразылыққа шыққан 100-ден аса адам ұсталды
Нидерланды елінің бірнеше қаласында коронавирус дертіне байланысты енгізілген шектеулерге қарсы наразылық акциялары өтті. Полиция өткен түнде covid-19 шектеулеріне қарсы наразылық білдірген 30-ға жуық адамды құрықтады. Жалпы үш түнде ұсталғандардың саны 100-ден асты, деп хабарлайды Egemen.kz Нидерланды телерадио корпорациясына сілтеме жасап.
22 Қараша, 2021
43 шенеунік жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Тартылған 43 адамның 5-і облыстық, 5-і қалалық және 6-уы аудандық деңгейдегі басшылар. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Арман Рахимов 2021 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша онлайн-брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2021
Шортандыдағы жарылыстан көз жұмған бала туралы жаңа деректер айтылды
Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шегіп ауруханада көз жұмған 12 жасар бала муайтайдан Қазақстан Республикасының чемпионы болған. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлімет етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2021
Танымал журналист Ерлан Игісінов жаңа қызметке тағайындалды
Ерлан Құсманұлы Игісінов «Жетінші арнаның» бас директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2021
«Депутаттың штаттан тыс кеңесшісі» алаяқ болып шықты
Нұр-Сұлтан қаласында өзге адамдардың атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
22 Қараша, 2021
Елбасы тұлғасы – қылқалам ұшында
Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасында «Тұлғаның тылсым сыры» атты көрменің ашылуы өтті. Іс-шараға Парламент Сенатының депутаттары қатысты. Көрме Елбасы кітапханасының музей коллекциясындағы бейнелеу өнерінің туындылары мен ыдыс-аяқтар топтамаларының «портреттер» тақырыптық тобынан дайындалды.
22 Қараша, 2021
Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан 16,4 млн тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 10,3 центнерді құрады.
21 Қараша, 2021
Ресейге танымал бренд өнімдері Ozon, Amazon маркетплейстеріне де шыға бастады
Көк күртенің тұтас арқасы мен екі жан қалтасында басына қарқарадай етіп орамал салған, әлде биік етіп кимешек киген қазақтың сұлу қызы асыл тастардан сақина салған сүйрік саусақтарымен үлбіреп гүл ұсынған суреті тұр.
21 Қараша, 2021
Әлем чемпиондары мен жүлдегерлері марапатталды
Өткен аптада Алматы қаласында Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстан бокс федерациясы Сербия астанасы – Белградта өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сонымен қатар спортшылардың табысты өнер көрсетуіне мүмкіндік жасаған жаттықтырушылар мен ғылыми-кешенді топтың мүшелерін қаржылай сыйақымен марапаттады.
21 Қараша, 2021
Түркістан облысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын табысты түйіндеп отыр. Өңірде әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар сәтті жүзеге асырылды. Олардың қатарында кеңестік заманда жүзеге аспай, қағаз күйінде қалған жобалар да бар.
21 Қараша, 2021
Елордада алғаш рет шаруалар құрылтайы өтті. Shopan ata ұлттық мал өсірушілер қауымдастығы ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен мал шаруашылығын кәсіп еткен азаматтар қатысты. Әрқайсысының соңында аманат айтқан ел, соған орай құшақ-құшақ шағымы бар.
21 Қараша, 2021
«Байқоңыр» ұшу алаңына ресейлік модульдегі соңғы зымыран орнатылды
24 қарашада «Причал» ХFC ресейлік модульдегі «Прогресс» жүк кемесі ұшыруы тиіс «Союз-2.1б» зымыраны шығарылып, «Байқоңыр» ұшу алаңына орнатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2021
Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды
Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қараша, 2021