Редакция таңдауы
Алматыда дабыл белгісі іске қосылады
Бүгін түскі сағат 12:55-те Алматыда дабыл (сирена) белгісі іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде Ахуалдық орталығы ашылды
Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ұйымдастырылған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанындағы биржа комитетінің Ахуалдық орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Бүгін күн күркіреп, жаңбыр жауады
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал, батыста және оңтүстік-шығыстағы тауларда бұршақ жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Елбасының сенімді серігі: «Преодоление» (Беласу) телефильмін көргендегі ой
Қандай дәрежедегі биліктің беделін көтеретін де, түсіретін де сол билік лауазымын иеленген нақты тұлға екені хақ. Биліктің қайнар көзі халық екендігі де мемлекеттік тарихымыздың тереңінен қалыптасқан дәстүр. Бұл ұғым жаңа дәуірдегі дамуымыздың жаңа Ата Заңында да бекітілген.
17 Маусым, 2021
EURO-2020: Италия алғаш болып келесі кезеңге шықты
Италия құрамасы қатарынан екінші матчта 3:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жолы «Скуадра Адзура» Швейцарияны тас-талқан етті. Осылайша, Италия алғаш болып келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Маусым, 2021
Алматының төріндегі Есентай өзені осыдан 3-4 жыл бұрын қайта жаңғыртылып, жан-жағы абаттанып, таудан құлаған суы сылдырай ағып, өзен табаны тақтайдай тегіс бетондалып, Хамит Ерғали жағалауының үстіңгі жағы жайнап шыға келіп еді. Қос жағалауы асфальтталып, ашық алаңқайларына түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, түрлі-түсті гүлдер өсіріліп, жайқалған жасыл жағалау сонда орнатылған арнайы шлангілерімен суарылып, әдемі кейіпке түскен болатын.
17 Маусым, 2021
Қауіпсіздік Кеңесінде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды
Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын қорғау мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
16 Маусым, 2021
Арман Қожахметов Мәжіліс комитетінің төрағасы болып сайланды
Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңына сәйкес Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасына депутат Арман Қожахметовтің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2021
Қазақстандық ғалымдар тағы бір вакцинаны клиникалық сынақтан өткізе бастады
Тараз қаласындағы көпбейінді қалалық ауруханада 18-50 жас аралығындағы еріктілердің қатысуымен QazCoVac-P суббірлікті вакцинасының клиникалық сынағы басталды. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ресми сайты жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2021
16 маусымға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжауынша 16 маусым күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батыс, солтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда найзағай, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Маусым, 2021
Грек-рим балуандарының әлеуеті қандай?
Газетіміздің өткен 8 маусым күнгі №106 санында Токио-2020-ға жолдама алған еркін күрес балуандары жайлы сараптама мақала жазған едік. Бұл жолы күрестің грек-рим стилі бойынша Олимпиада кілемінде өнер көрсететін жігіттердің жеткен жетістіктері мен оларға қарсылас атанушы спортшылардың әлеуеті туралы басылым оқырмандарын хабардар етуді жөн көрдік.
16 Маусым, 2021
Жуырда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Дала фольклоры мен музыкасының 1000 жылы» жобасының күй өнеріне арналған 2-томы жарық көрді. Жинақтың электронды және аудионұсқаларының сапасы әлемдік стандарттарға сай. Бұл Антологияны – ұлттық музыкамыздың ғасыр жаңалығы деп бағалауға болады. Мұнда қазақтың күй мұхитына құйылған теңіздей мол мұра жарыққа шығып отыр.
16 Маусым, 2021
Биыл еліміздегі 836 ауылдың әкімі тікелей дауыс беру арқылы сайланбақ. Осылайша, ауыл басшысын әр тұрғынның өз таңдау құқығын пайдалана отырып, сайлауы алғаш рет жүзеге асырылады.
16 Маусым, 2021
Мұқтаж жандардың несібесіне ортақтасқандар «Нұрлы жер» бағдарламасынан да байқалды
Баспанаға мұқтаж азаматтарды үймен қамту үшін мемлекет бірталай бағдарламаны жүзеге асырып жатыр: «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «7-20-25», «Баспана-хит», «5-10-20»... Бұл бағдарламаларға құйылып жатқан қаражат та қомақты. Мысалы, былтыр тек «5-10-20» бағдарламасына 390 млрд теңге бағытталса, «Баспана-хит» бойынша – 431 млрд теңге, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін 309 млрд теңге займ алынған.
16 Маусым, 2021
G7: Жаһанды алаңдатқан сауалдарға жауап
Өткен аптада әлем жұртының назары Англияның Корнуолл қаласына ауды. Қарапайым халық қана емес, ірі саясаткерлер мен сарапшылар ең ірі экономикаға ие көшбасшы мемлекеттер жетекшілерінің, яғни «Үлкен жетіліктің» кезекті кездесуін жіті бақылады. Мұның себебі көп.
16 Маусым, 2021
Салық түсімдері – экономика барометрі
2020 жылы Ақтөбе облыстық бюджетіне 123,7 млрд теңге түссе, осы жылдың бірінші тоқсанындағы түсім 47,9 млрд теңгені құрады. Былтырдан бастап заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы республикалық бюджеттен алынып, жергілікті бюджетке аударыла бастауы аймақтардағы салық базасының біршама кеңеюіне әкелді. Айта кету керек, табиғатты ластаушылардың төлейтін эмиссиясы жергілікті бюджет түсімінің 10%-ын, әкімшілік айыппұлдар 28,6%-ын құрайды.
15 Маусым, 2021
МАНИЛА/БАНГКОК. Коронавирус пандемиясының жалғасып жатқанына екінші жыл болғандықтан, мектептерді қауіпсіз түрде қайта ашу кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. Мектепке бару балалардың білімі мен өмірлік ұстанымын қалыптастыруда өте өзекті. Оқу орындарын ұзақ мерзімге жабу балалар үшін де, қоғам үшін де қиынға соғып, оның салдарымен күресуі қымбатқа түседі.
15 Маусым, 2021
Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған «Бақыт туралы жыр» атты мерейтойлық көрме есік ашты. Ғибратты ғұмыр иесінің өмір өрнегінен сыр шертетін көрмеге өнер музейінің қорында сақталған 30-дан астам кескіндемелік, графикалық және мүсіндік туындылар қойылған.
15 Маусым, 2021
Құнды жәдігерлермен қауыштырған жоба
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі бастаған «Құнды жәдігер» жобасының жаңалығы көп болып тұр. Сыр еліндегі әулие-әнбиелер, ахун-ишандар, билер мен батырлар пайдаланған, халық қасиетті санайтын дүниелерді зерттеу мен насихаттауды көздеген идея авторы – облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкері Асхат Сайлау.
15 Маусым, 2021
«Астана Операда» Миланнан келген маэстро, Форо Бонапарттағы музыкалық академияның профессоры және Гаэтано Доницетти атындағы музыкалық академияның камералық ән айту бөлімінің меңгерушісі, вокалистер арасында үлкен беделге ие Анатолий Гусевтің шеберлік сабағы мен жеке жаттығу бағдарламасы өтеді.
15 Маусым, 2021