Редакция таңдауы
Қызанақтағы вирусты жоққа шығарды
Жуырда Ресейдің фитосанитарлық қызметі Қазақстанда өсірілген қызанақтан вирус табылды деп хабарлаған болатын. Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
19 Қаңтар, 2021
Күрделі кезеңде күш алған сала
Экономиканың бірқатар секторына салқынын тигізген коронавирус пандемиясы отандық автомобиль өнеркәсібіне оң әсер етті. Қаржы секторындағы тұрақсыздықтан туындаған әлемдік дағдарыс саланы жүрісінен жаңылдырған жоқ. 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның автоөнеркәсібі өндіріс пен сатылым бойынша айтарлықтай өсім көрсетті.
19 Қаңтар, 2021
Қарт Алтайда қысқы туризм дамып келеді
Байқайсыздар ма? Бір демалыстың өзінде күйкі тірлікті ысырып қойып, табиғатқа шығып кететіндер көбейген. Мәселе үй-жайына қарамауда емес, тұрғындарда демалу мәдениеті қалыптасып келеді. Қыстың күні де шаңғы-шаналарын арқалап, беткейлерді бетке алады.
19 Қаңтар, 2021
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» стратегиялық мақаласында тәуелсіздіктен тағылым алу керектігін айтты. Президент осы мақаласында елдің көкейінде жүрген, халық күткен мәселелерді қозғап, алда атқарылатын бірқатар іс-шаралардың басты бағдарын құрып берді.
19 Қаңтар, 2021
Архивтік құжаттар алтын бастау бола алады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы көпшіліктің көңілінен шығып, халықтың қолдауына ие болуда. Оның себебі түсінікті де. Президент өз мақаласында қазір халықтың көкейінде жүрген көптеген мәселені тап басып тауып, нақты шешу жолдарын ұсынған.
19 Қаңтар, 2021
Ұлылар трагедиясын айшықтаған («Абай жолы» телесериалы – ұлттық киноның табысы)
Кез келген өнер туындысының әдебиет, театр, кино болсын бәрібір, адамның сезімін толқытып, жүрек түкпіріне дейін қатты әсер ете алуы – оның сәтті шыққандығының басты белгісі. Бұл орайда алты тараудан тұратын «Абай жолы» телесериалы осы талаптың үдесінен шықты деп айта аламыз.
19 Қаңтар, 2021
Ақтаңдақты емдеудің жаңа әдісі
Поп музыканың патшасы Майкл Джексонды танымайтын жан жоқ шығар. Бірақ оның табиғи терісін неліктен ағартқанын көбі біле бермейді. Ол тумысынан қара нәсілді талант еді. Бертін келе Майкл витилиго (терідегі ақтаңдақтардың пайда болуы) ауруына шалдығып, соның салдарынан денесінде ақтаңдақтар пайда бола бастады. Поп музыканың королі қаражаты жеткілікті болғанымен, ғылымда ақтаңдақтарды жоюдың жолы, тіпті тоқтатудың технологиясы болмағандықтан, амалсыздан денесінің басқа бөліктерін де химиялық әдістермен ағартуға көшкен. М.Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының ғылыми қызметкері Жүсіпбек МҰҚАТАЕВ дәл осы витилиго, қарапайым тілмен айтқанда ақтаңдақтың алдын алу технологиясын тапты. Ғылымдағы осындай еңбегі үшін 29 жасқа дейінгі жас таланттарға берілетін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғылым» аталымы бойынша иегері атанды.
19 Қаңтар, 2021
Қазақстандық ғылым коронавируспен күреске қауқарлы ма?
Біз осыған дейін дүниені дүрліктірген COVID-19-бен күресте отандық ғалымдардың жан аямай жұмыс істеп, коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеп жатқанын жазғанбыз. Бірақ бұл – жер-жаһанды жайлаған індетпен күреске жеткіліксіз жұмыс. Себебі аурудың алдын алумен іс бітпейді. Вирус жұқтырған науқасты емдеуге де қаншама дүние (дәрі, ауруға төтеп берер иммунитетті көтеретін биологиялық белсенді қоспалар, түрлі медициналық техникалар, тағысын тағы) қажет. Бұған ғалымдарымыздың бір ойлағаны бар ма? Әлде бұрынғыдай шетелдік өнімге көз салып, «дайын асқа тік қасық» боламыз ба?
19 Қаңтар, 2021
Солтүстік Қазақстан облысы жаман індеттің кесіріне қарамай былтырғы жылдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында өсімге қол жеткізді. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста айтылды.
19 Қаңтар, 2021
Қапталмаған құбыр – жылудың соры
Өткен аптаның басында болған аязды күндер кеншілер астанасында тұрғын үйлерді жылыту саласында тоң болып қатқан талай мәселенің барына көз жеткізді. Қаладағы көптеген көп қабатты үйлердегі пәтерлер азынап кетіп, ел әкімдік жаққа арыз-шағымды қарша боратты. Ресми дерекке сенсек, аязды күндері қаладағы жылу берумен айналысатын мекеменің диспетчерлік қызметіне қарағандылықтардың 457 шағымы тіркеліпті. Арыз-шағым негізінен Сұрыптау, Пришахтинск, Майқұдық елді мекендерінен және Оңтүстік-Шығыс шағын ауданынан келіп түскен.
19 Қаңтар, 2021
Салаға серпін берген бағдарлама
Туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанына алдағы мамыр айында екі жыл болады. 2019 жылы қолға алынған жоба қабылданған сәттен бастап бүгінге дейінгі істелген жұмысты сараптап, баға беруі әзірше ерте. Дегенмен еліміздегі экотуризмді дамыту жөніндегі жаңа бағыт қазірдің өзінде нәтиже беріп жатқанын анық аңғаруға болады.
19 Қаңтар, 2021
Ұлттық экономика министрі тағайындалды
ҚР Ұлттық экономика министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жариялаған Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Жарлықта «Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі» делінген, деп жазады Egemen.kz.
18 Қаңтар, 2021
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды
Серік Жамбылұлы Шәпкенов Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 Қаңтар, 2021
Ұлттық кеңестің бесінші отырысы қашан өтетіні айтылды
Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысы қашан өткізілетінін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қаңтар, 2021
Алматыда Қуат Хамитовтың соты өтіп жатыр
Алматыда аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовтің соты өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қаңтар, 2021
«Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды
Еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қаңтар, 2021
Экс-депутат бас басылымға қызметке келді
Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған Кәрібай Мұсырман «Egemen Qazaqstan» РГ АҚ Бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қаңтар, 2021
Үйді бөлісе алмаған балалары анасын соққыға алған
Шымкент қаласында қарт ананы қыздары мен күйеу балалары үйді бөлісу үшін ұрып-соққан, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қаңтар, 2021
Covid-19: Вакцина салдырған 13 адамның беті сал болып қалған
Израильдің 13 жергілікті тұрғыны Pfizer вакцинасының алғашқы дозасын салдырғаннан кейін бет жүйкесі біржақты сал болып қалғанын байқаған, деп хабарлайды Egemen.kz
18 Қаңтар, 2021
ХҒС Қазақстанның ғарыштан түсірілген фотосын жариялады
Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан жер аумағының ғарыштан түсірілген фотосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ХҒС ресми парақшасына сілтеме жасап.
18 Қаңтар, 2021