Оқи отырыңыз
Бұл күндері Испанияның Костельеон қаласында бокстан халықаралық Boxam турнирі өтіп жатыр. Еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары қатысып жатқан жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан үш қазақстандық жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.
04 Наурыз, 2021
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізіп, Беларусь футзалшыларын айқын басымдықпен ұтты.
04 Наурыз, 2021
Тасқынға – тосқын күн тәртібінен түспейді
Оқырманның есінде болса, ақпанның басы жылымық болып, Солтүстік Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі сол кезден қарғын судың тасқынына қарсы шараларды белгілей бастағанын «Егеменге» жазған болатынбыз. Бірақ ақпан алдап түсірген екен. Басы жұмсақ болғанымен 4-5 күннен кейін 30-35 градусқа дейін жететін аяз болып, ат құлағы көрінбейтін дүлей борандар соғып, ақпан ақырып берді. Үймелеп түскен қармен арпалыс тіпті қарғын суын да ұмыттырып жіберген еді. Алайда наурыздың күні күлімсіреп туып, тасқынның алыста емес екенін қайта еске түсірді. Осыған байланысты облыстық әкімдіктің кезекті отырысы тасқынның алдын алу шараларына арналды. Онда тиісті қызметтер тасқынның өздеріне қатысты мәселелерін баяндап берді.
04 Наурыз, 2021
Жарылысқа газ баллондар себеп болды
24 ақпан күні түнге қарай Мұғалжар ауданы Мұғалжар елді мекеніндегі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, осы үйдің 11 жастағы баласы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта 52 жастағы үй иесі мен оның 22 жастағы үлкен баласы облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Қайғылы оқиғаға үй иесінің далада аязда сақталған 50 литрлік газ баллонын үйге кіргізуі себеп болған. Тығыздалып толтырылған жабық ыдыс бір жарым сағаттан кейін жарылысқа әкеп соқтырған.
04 Наурыз, 2021
5-7 наурыз күндері Нидерландтың Дордрехт қаласында шорт-тректен әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Айтулы жарыс барысында спортшылар әдеттегідей 500, 1 000, 1 500 және 3 000 метрлік қашықтыққа жүгіріп, жүлделерді өзара сарапқа салады. Соның қорытындысы бойынша көпсайыстың жеңімпазы анықталады. Одан бөлек, әйелдер 3 000 және ерлер 5 000 метрлік эстафетада бақ сынайды.
04 Наурыз, 2021
Ішкі туризмді «үштік» өркендетеді
Мәдениет және спорт министрлігі «Атамекен» ҰКП және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2021 жылға арналған ұлттық туристік өнімді дайындау жөніндегі үшжақты жол картасына қол қойды.
04 Наурыз, 2021
Мансура ЖАКЕН: Қалаларымыздың келбеті қазақи болуы керек
Қалалар да адамдар сияқты. Мағыналы өмір сүрген жандар іспетті мазмұнымен, қайталанбас тұтас сұлулығымен тартып тұратын көне шаһарлар бар. Жолы түскендер қайта-қайта оралуды көксеп тұратын сол кенттердің құпиясы нендей? Туристер тартуда, тарихи қалаларымыздың тамаша бейнесін жасауда талантты отандастарымыз не істей алады? Осынау сауал көпшілігімізді мазаласа-дағы, бұл мәселемен нақты айналысып жүрген және оның түйткілдерін білетіндер жоқ емес. Солардың бірі сәулет дизайнері әрі кәсіпкер – Мансура Жакен. Мансура архитектуралық дизайндағы «NeoQazaqStyle» атты тармақтың авторы және негізін қалаушысы. Оның идеясының тұжырымдамасы – заманауи архитектураға қазақтың ұлттық нақыштары мен ерекшеліктерін үйлесімді түрде қосып, симбиоз жасау. Біз осыған байланысты сауалдарды өз авторлығымен қазақтың оюларымен нақышталған есік және үй жиһаздарының коллекцияларын шығарып, еліміздегі бірқатар мәдени ғимараттардың ішкі дизайнының авторы Мансура Жакенге қойған едік.
04 Наурыз, 2021
Қарағай үй қалпына келтіріледі
Ауылдың аяқ жағындағы қос қабатты қарағай үйдің қаңырап тұрғанына жиырма-отыз жыл болды-ау деймін. Әу баста шіркеу ретінде салынғандықтан, катонқарағайлықтар оны солай атап кеткен.
04 Наурыз, 2021
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR-код көмегімен төлемдерді жүзеге асыратын мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейткенін жариялады. Енді қазақстандықтар бұрын сағаттап уақыт алатын қызметтерге санаулы секунд ішінде төлем жасай алады.
04 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы – бизнестің қалауы
Пандемия жағдайында бизнес субъектілерінің жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға арналған, халықтың қауіпсіздігін сақтауға мүмкіндік беретін Ashyq мобильді қосымшасын әзірлеуге бюджет қаржысы жұмсалған жоқ. Демек, ел аузында жүрген алып-қашпа әңгімелерге құлақ түрудің де қажеті шамалы.
04 Наурыз, 2021
Асығыс шешім қателікке ұрындырмасын
Жаман індеттің құрықтала бастауымен қатар мектеп оқушылары жаңаша оқу форматына шұғыл көшіріліп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова: «Өңірдің «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты білім беру ісін ұйымдастыруда қалыпты режімге біртіндеп көшу басталды», деді.
04 Наурыз, 2021
Бейбіт күннің батырлары марапатталды
Ізгілік пен мейірім әлемді құтқарады. Қоғамда өзгенің өмірі үшін өз басын қатерге тігетін бейбіт күннің қаһармандары аз емес. Олардың еңбегін елеп, басқаларға үлгі ету жақсылыққа жол ашады. Алғашқы қазақстандық «Adam Bol Awards» сыйлығы өмірде ерлікке әрдайым орын бар екенін өз ісімен шынайы көрсете білген жандарға тапсырылды.
04 Наурыз, 2021
Жемқорлық заңға құрмет көрсетпеуден туындайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың «Есеп комитеті – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесін ашу бойынша екіжақты кездесуі өтті.
04 Наурыз, 2021
Соңғы екі жылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрған 400-ге жуық азамат жалпы сомасы 58,9 млн теңгемен ынталандырылған. Өткен жылы ақшалай марапатталған 122 адам ауыр қылмыс туралы хабарласа, 55-і ауырлығы орташа істер бойынша мәлімет берген. Ал биыл жемқорлық деректері туралы мәлімет берген 213 адамға 33,9 млн теңге төленген.
04 Наурыз, 2021
Елбасы бастамасы өңірлерде оң нәтиже беруде
Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Тараз қаласына және Шымкент қалаларына барды. Бұл сапар кезінде Дариға Нұрсұлтанқызы Елбасының «Қамқорлық» бастамасының іске асырылу барысымен танысты.
04 Наурыз, 2021
Мемлекеттік тілде әзірленген заң жобасы
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева және Парламент депутаттары, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылау бойынша онлайн режімде дөңгелек үстел өтті.
04 Наурыз, 2021
Дәуірлермен бірге жасайтын тұлға
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алаш қозғалысының көсемі, Алаш Орда үкіметінің төрағасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедист-ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толуына орай халықаралық онлайн конференция өтті.
04 Наурыз, 2021
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген
Түркістанда жыл басынан бері 124 адамға әлеуметтік көмек көрсетілген. Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» әлеуметтік қызметкер саны 25-ті құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Наурыз, 2021
Қызылордада вакцина егудің екінші кезеңі басталады
Қызылордаға коронавирус инфекциясына қарсы егілетін 6200 дана «Спутник V» дозасы келді. Оның 3600-і - бірінші компонентте, 2600-і - екінші компонентте егіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
03 Наурыз, 2021