Оқи отырыңыз
Оралда жүргіншіні көлікпен қағып кеткен полиция қызметкері жұмыстан қуылды
18 қараша күні кешкі сағат 22.30.-да Орал қаласындағы Жәңгір хан мен Брусиловский көшелерінің қиылысында полиция қызметкері қызметтік көлікпен келе жатып 21 жастағы қыз баланы қағып кеткен.
19 Қараша, 2019
Сенатта Қазақстан мен Түркия арасындағы Әскери ынтымақтастық мәселелері қаралды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Биыл ең көп табыс тапқан кәсіпқой боксшылардың тізімі жарияланды
Украинаның Vringe.com порталы биылғы жылы өткен бәсекелер барысында материалдық тұрғыдан ең көп олжаға кенелген кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады.
19 Қараша, 2019
Маңғыстауда экологиялық заңнаманы бұзған тағы бір кәсіпорын анықталды
Жуырда Қарақия ауданы әкімдігінде «Бизнес саласында кездесетін жүйелі мәселелер мен әкімшілік кедергілер» атты ашық сұхбат өткен болатын. Аудан әкімі Қыдырберді Беков төрағалық еткен басқосуда бірқатар кәсіпкерлердің ұсыныстары мен өтініштері қаралды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Экология департаментінен хабарлады.
19 Қараша, 2019
Ольга Рыпакова халықаралық федерацияның комиссия мүшесі болып сайланды
Монакода өткен Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) отырысында қазақстандық спортшы Ольга Рыпакова сол ұйымның комиссия мүшесі болып сайланды.
19 Қараша, 2019
Маңғыстауда «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды
Ақтауда Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы, «Туған жер» бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы бойынша «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өтті. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Ассамблея хатшылығы баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Нұрлан Ноғаев: Рахымжан Отарбаев прозада да, драматургияда да өз орнын тапқан адам
Атыраулықтар бес күн бойы Рахымжан Отарбаевтың III Республикалық фестиваліне келген театр ұжымдарының өнерін тамашалай алады. Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Алина Әділханова көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Шымкентте көркем гимнастикадан спорт интернаттары мен клубтар және балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды. Olympic.kz жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жариялады.
19 Қараша, 2019
Милад Карими спорттық гимнастикадан Германия бундеслигасында топ жарды
Спорттық гимнастикадан Қазақстан командасының үздігі Милад Карими Германия бундеслигасында сынға түсті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
19 Қараша, 2019
Қазақстандық боксшылар Голландиядағы халықаралық турнирге қатысты
Голландияда бокстан дәстүрлі World Port Boxing турнирі аяқталып, қазақстандық спортшылар жүлдеге ілікті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
19 Қараша, 2019
«Egemen Qazaqstan» газетінің 19 қараша күнгі санына шолу (видео)
«Egemen Qazaqstan» газетінің 19 қараша күнгі саны Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдағаны туралы ақпаратпен басталып, тауар айналымына қатысты экономикалық сараптама мақаламен сабақтасқан.
19 Қараша, 2019
«Қазбат» фильмі көрерменге жол тартты
Алматыда «Казбат» көркем фильмінің тұсаукесер көрсетілімі өтті. Фильм Қазақстан Республикасы әскери қызметшілерінің тәжік-ауған шекарасында бітімгерлік қызмет барысында бастарынан өткерген шынайы оқиғаны баяндаған. Туындыны «АЮ СИНЕМА» кинокомпаниясы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының қолдауымен жарыққа шығарып отыр.
19 Қараша, 2019
Қанат Ислам WBO рейтингінің үздік бестігіне енді
WBO (Дүниежүзіліп бокс ұйымы) нұсқасы бойынша боксшылардың жаңартылған рейтингі жарияланды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
19 Қараша, 2019
«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Төрешілер шешімімен «Халықтың сүйіктісі - 2019» ұлттық сыйлығының ақтық дауыс беру қорытындысы бекітілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
19 Қараша, 2019
Елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
19 Қараша, 2019
Елордада 1200 орынға арналған мектеп салынады
18 қарашада елорда әкімдігі, Бахрейн Патшалығының Патшалық қайырымдылық қоры және «Нұрлы Астана» Корпоративтік қоры арасында Нұр-Сұлтан қаласының аумағында мектеп құрылысының жобасын жүзеге асыру туралы үшжақты Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
19 Қараша, 2019
Елордада 34 мыңға жуық бала тұмауға қарсы екпе алды
Елордада азаматтарды тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы егу науқаны аяқталды. Вакцинациямен 7270 медицина қызметкері, 33 789 бала, жүктіліктің екінші және үшінші триместрінде 6000 жүкті әйел, созылмалы аурулар, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйесі ауруларымен ауыратын 47 281 адам қамтылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
19 Қараша, 2019
Маңғыстау хирургиясының негізін қалаушы дәрігер 80-ге толды
Маңғыстаудағы хирургияның негізін қалаушылардың бірі, танымал дәрігер хирург Ахметжан Құсайынов 80 жасқа толды. Достары мен әріптестері «Дәрігер Айболит» атап кеткен Ахметжан Құсайынов Маңғыстау өңірі мен республиканың денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі орасан. Өз тәжірибесінде ол диагностиканың заманауи әдістерін қолдана білді, деп хабарлады Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
19 Қараша, 2019
Алматыда студент ақындардың айтысы өтеді
20-21 қараша күндері сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеттің салтанат залында Алаштың ақтаңгер ақыны Оразалы Досбосыновты еске алуға арналған «Ақынмын сөзі жетер сан ғасырға» атты жас ақындар айтысы өтеді.
19 Қараша, 2019