Оқи отырыңыз
Болат Сембин – тәуелсіз еліміздегі құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан, қылмыстық іс жүргізу саласында білікті маман ретінде танылған көрнекті заңгерлердің бірі. Ол өзінің өмір жолында талай биікті бағындыра отырып, тарихи кезеңдерде заң үстемдігінің орнығуы үшін ерен еңбек ете білді.
11 Наурыз, 2024
Жазушының шеберлігін айтамын да, бір ғана «кеш» сөзінің астарында оқырманға салған үш түрлі пәлсапалық ой бар сияқты көрінді. Кеш. Ерсайын деген ақын азаматты еске алу кеші өткен. Кеш деп, әйелі Сәбира өмірден қайтқан күйеуінен кешірім сұрағандай егіліп жылаған, өткенді ойлап өкінген. Алайда бәрі кеш еді. Кеш.
11 Наурыз, 2024
Ғабит Мүсірепов: Мен қазақтың қазақтығына жетерлік ештеңе бар деп ойламаймын
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстарға және адам мінезіне деген көзқарастағы анықтық, ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы ойларын ұсындық.
11 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Рамазан айы адамзатты ізгілікке үндейді
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Рамазан айының басталуына орай әлеуметтік желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Наурыз, 2024
Бишімбаевтың ісі: прокурор қандай мәлімдеме жасады?
Бүгін, 11 наурызда Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Наурыз, 2024
- 20 градус. Қазақстанға аяз қайта оралады
«Қазгидромет» РМК 12, 13, 14 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде Қазақстан аумағында ауа температурасы күрт суытады. Кейбір өңірлерде - 20 градус аяз болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
11 Наурыз, 2024
«Қазақ даласының жұпар иісі бар»: 5-сынып оқушысы әтір жасап шығарды
Ақмола облысының Ақкөл ауданына қарасты Кеңес ауылының 5-сынып оқушысы Альбина Айдарханова жетекшісімен бірге қазақ даласының хош иісі сақталған әтір шығарды. Оқушыны «Жусанда туған жердің иісі бар» деген қанатты сөз (Сұлтан Бейбарыс туралы аңыздағы) шабыттандырған екен, деп жазады Egemen.kz.
11 Наурыз, 2024
Бүгін 7 боксшымыз Олимпиада жолдамасына таласады
11 наурыз - Әлемдік лицензиялық турнирдің тоғызыншы күні. Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокс бәсекесінде ширек финалдық кезеңдер келіп жетті. Демек, бүгін Олимпиада жолдамасының тағдыры шешіледі. Бұл кезеңде 7 ел спортшысы бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.
11 Наурыз, 2024
Іздеу жұмыстары неге тоқтатылды?
«Майқайыңалтын» АҚ кенішіндегі қайғылы оқиғаның болғанына екі айдан аса уақыт өтті. Құтқарушылар алғашқы күні екі құтқарушының мүрдесін жер бетіне көтеріп алып шыққан еді. Алайда өзге екі азамат сол күйі табылмай жатыр.
11 Наурыз, 2024
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров пен комиссия мүшесі Сәбила Мұстафина жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан, Абай облыстарына барды.
10 Наурыз, 2024
Мемлекет «Отау» деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарламаны жариялады. Әрине, бағдарлама болған соң бірқатар талабы бар, дегенмен негізгі шарты – үміткердің басында кейінгі бес жылда үй болмауы керек. Барлық шарттан іркілмей өткен азамат тек «Отбасы банкпен» келісімшартқа отырған, «Қазақстан тұрғын үй компаниясының» кепілдігін алған компаниялардың ғана пәтерін қарастыра алады. Бір қызығы, қазірдің өзінде осы кепілдікке ие үйлердің бағасы өсе бастады деген ақпарат тарап жатыр.
10 Наурыз, 2024
Тәуелсіздікпен бірге іргесі қаланып, содан бері талай сындарлы кезеңнен сүрінбей өткен «Сыма» шаруа қожалығы бүгінде Торғай өңіріндегі Көлқамыс ауылының ажарын кіргізіп, ырыс-берекесін еселеп отыр. Шалғай түкпірдегі иен далаға иелік етіп, төскейді төрт түлікке толтырған шағын ғана шаруашылық енді татыр далаға дән егіп, біртіндеп суармалы егістікті қолға алудың қамына кірісіп жатыр.
10 Наурыз, 2024
S&P рейтингтік агенттігі еліміздің кредиттік рейтингін «BBB–» деңгейінде «тұрақты» болжамымен растады. Сыртқы резервтердің елеулі көлемі және бюджеттік тұрақтылық осындай болжамды бекітуге ықпал еткен.
10 Наурыз, 2024
Жетісулық дәрігерлер инсульт алған 76 жастағы науқасқа бірегей операция жасап, ажалдан арашалап қалды. Ми тамырының қысылуымен ауруханаға түскен қарияға дер кезінде көмек көрсеткен ақжелеңділер жаңа медициналық әдісті пайдаланған. Қазір науқастың жағдайы қалыпты.
10 Наурыз, 2024
«Киікті» стансасынан өткен сайын қазақтың даңқты композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы жерден Алматыға арман арқалап кеткен шығар деген ойға түсем. Оның кіндік кесіп, кір жуған жері қазақтағы ғажайып та, қасиетті топырақтың бірі һәм бірегейі десе болады. Үш мыңжылдық көшпелілер мәдениетінің толғағы жетіп, тоғысқан жері – бұл. Сарыарқаның саз қонған аймағында уызына жарыған сазгер күні кешегі Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Әбікен, Аққыз, Итаяқ, Мақаш, Бегімсал дәстүріндегі шертпе күйдің қазанында қайнап, қаймағына кенелген біртуар тұлға еді. Оның «Шаттық Отаны» поэмасында сол терең де, ерен тылсым сиқыр алыстан айқұлақтанып, құлаққа шалынады. Қазақтың ұлы композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы туындысын музыкалық поэма деп атаған екен. Шын мәнінде бұл – бір дәуір, бір заманның марапат жыры. Қазтуғанның «Мадақ жырындай» патетикалық поэма.
10 Наурыз, 2024
«Әміре ән салғанда, қандай күшпен, айқаймен бірнеше әндер айтқанда, түсі бұзылмас еді. Күшпен айтатын әндерді айтарда, барлық демін бір-ақ жиып алатын. Оң жақ алқымында мойнының қалтасы бар еді. Соған бар демді толтырып ап, үнемдеп шығарып көпке дейін демалмайтын. Әміре әнді ылғи сүйіп, ұнатып, өзі әнге ғашық болғандай боп айтатын. Халық көп болса, делебесі қозып кететін. Құйындай ұйытқып, құландай ойнақтап жүйткіп, дабылдай саңқылдап, кішірек театрға сыймай, далада болса жер мен көктің арасын жаңғыртар еді. Аса көтеріліп ән салғанда, жеке келе жатқан бәйге атындай жарқылдап, ойнақтап кетер еді».
10 Наурыз, 2024
Екпінді жел, қар. 10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер дүйсенбі, 11 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК ертең елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райы болжанғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
10 Наурыз, 2024
Геннадий Головкин бокстан ұлттық құрама өкілдерімен кездесті
Ұлттық олимпиадалық комитет басшысы Геннади Головкин Италияға барып, ұлттық құрама боксшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
10 Наурыз, 2024
Асу Алмабаевтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі қалай аяқталды?
10 наурыз таңертең UFC 299 турнирінде отандасымыз Асу Алмабаев (19-2) америкалық Си Джей Вергараға (12-5-1) қарсы жекпе-жекке шықты, деп жазады Egemen.kz.
10 Наурыз, 2024
6 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен ер адам табылды
Ақмола полицейлері жоғалған елорда тұрғынын облыс аумағында тапты. Қорғалжын аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Шалқар ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың хабар-ошарсыз кеткен 40 жастағы тұрғыны орналасқан жерді анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz aqmola_pd инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
09 Наурыз, 2024