Оқи отырыңыз
Ауылдан ұзамай-ақ салған әні алты қырдан асқан, шерткен күйі шебер шығатын небір дарын өнерді өлтірмей, өрістетіп отыр. Әйтпесе Құдай берген талантымен танылып кететіндей қауқар жоқ емес оларда. Ақтоғайда тұратын тоқсанға толып қалған Күлмара Рахымбекқызы – көненің көзі, шебер күйшінің өзі. Атақты Аққыз күйшінің төл шәкірті. Құдай қуат берген. Алтын құрсағынан тараған ұл-қыз бір рулы елге айналғалы тұр.
15 Қазан, 2023
Жасанды интеллект жетістіктері
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде Беларусьтың Plan B және FARBA галереяларымен бірлесіп «Жасанды интеллект: суретші немесе машина?» атты көрме есік ашты. Заманауи инновациялық көрме жаңа мүмкіндіктер дәуірінің озық жемісі дерсіз.
15 Қазан, 2023
Жәнібек екінші белбеуді еншіледі
Кәсіпқой бокстың орта салмағында жаңа шоқжұлдызға айналып келе жатқан отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы кеше күллі қазақ жұртын қуантып, тағы бір маңызды жекпе-жегінде жеңіске жетті.
15 Қазан, 2023
Шымкент қаласы өз алдына бөлек мегаполис атанғалы үлкен спорттық додада тұңғыш рет үлкен нәтижеге қол жеткізіп отыр. Айтпақшы болғанымыз – кешегі Қытайда өткен ХІХ Азия ойындары. Осы дүбірлі жарыста Қазақстан 10 алтын, 22 күміс, 48 қола медаль еншіледі. Соның ішінде 5 алтын, 10 күміс, 11 қола медаль – Шымкенттің үлесінде. Осыншама жүлде бойынша мегаполис алтын, күміс, қоланың саны жағынан республика өңірлерінде бірінші орын алды.
15 Қазан, 2023
Облыстың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін «Текелі энергокешені» ЖШС қамтамасыз етеді. Оның белгіленген электр қуаты – 24 МВт, жылу қуаты – 42 Гкал/сағ. Дегенмен аталған станса жабдықтарының 67 пайызы тозған. Мұны өңірге арнайы іссапармен келген Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.
15 Қазан, 2023
Атырау облысында құпиясы ашылмаған ежелгі қорғандар аз емес. Көне тарихтың құпиясын бүккен мұндай нысандар Қызылқоға ауданында да бар. Бірақ осы кезге дейін толық зерттелмей келген.
15 Қазан, 2023
Жәнібек қазақ бокс мектебінің мықтылығын тағы да паш етті – Президент
Мемлекет басшысы қазақ боксшысын айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі ресми телеграм арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2023
Мейірім Нұрсұлтанов WBO нұсқасы бойынша ең үздік боксшы атанды
Қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов (19-0, 11 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) нұсқасы бойынша 2023 жылдың ең үздік орта салмақтағы боксшысы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2023
Президент 2024 жылды Волонтерлік қозғалыс жылы деп жариялауды құптады
ТМД-ға мүше елдер басшыларының кеңес отырысында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселесіне де айрықша мән берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қазан, 2023
Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық-транзиттік тасымалдың 80 пайызы Қазақстан арқылы өтеді
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қазан, 2023
Қазақ спортшылары IV Азия Пара ойындарына аттанады
Алматы қаласында Ұлттық құрама команданы IV Азия Пара ойындарына ресми шығарып салу рәсімі өтті. Байрақты бәсеке қазан айының 22-28 күндері аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2023
«Жеңілгеннің сөзі...». Әлемнің үздік шахматшысы қазақтан ұтылғанын мойындамай сылтау айтты
Әлемнің үздік шахматшысы, 2013-2023 жылдары әлем чемпионы деген атақты ешкімге бермеген, рапидтен де, блицтен де дүниежүзінде өзінің тегеурініне тең келер қарсылас шыдатпаған норвег шахматшысы Магнус Карлсен қазақ баласынан қирай жеңілді.
13 Қазан, 2023
Сенсация: Әлішер Сүлейменов әлемнің үздік шахматшысын жеңді
Дохада Qatar Masters Open шахмат турнирі аянсында 23 жастағы гроссмейстер Әлішер Сүлейменов әлемнің ең мықты шахматшысы Магнус Карлсенді жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2023
Әкім сайлауына дайындық қалай?
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров, ОСК мүшелері Сәбила Мұстафина, Асылбек Смағұлов аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру және өткізу іс-шаралары шеңберінде Қостанай, Абай, Ұлытау облыстарына барды.
13 Қазан, 2023
Қоғамдық бақылау – халық билігінің қуатты құралы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың Түркістандағы отырысында: «Әділетті Қазақстанды құру – министрлер мен әкімдердің ғана міндеті емес. Оған бүкіл қоғам болып жұмылуымыз керек. Ал түпкі мақсатымызға жету үшін саяси-экономикалық реформа жасау жеткіліксіз. Ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажет. Халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс. Әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер. Бір сөзбен айтсақ, пиғыл өзгермесе, ештеңе де өзгермейді», деген пайымы кімді болсын ойландыруға тиіс.
13 Қазан, 2023
Решиде ЮКСЕЛ: Мені төрге сүйреген «тұңғыш» деген түсінік
Решиде Юксел – әлемнің 40 мемлекетінен келген 200-ге жуық қандастың басын қосқан «Отандастар» форумына қатысушылардың бірі. Елдік мәселелер талқыланған алаңға Решиде ханымды арнайы іздеп барып, сұхбаттасқан едік. Оның себебі де жоқ емес.
12 Қазан, 2023
Саниязовтардың сарымайы: Сүт өнімдеріне сұраныс арта түсті
«Мал-жаның аман ба?» дейтін аспантау елінің негізгі тіршілік көзі – мал өсіру. Оның ет-сүтін сатып, нәпақасын табу. Ал осы күні мал басын көбейтудің қиындықтары азаймай тұрғаны ақиқат. Оған бірінші кезекте жайылымдық жерлердің тапшылығы, жемшөп қорының жетіспеушілігі кедергі болса, екіншіден, ет-сүт, тері өңдейтін зауыттардың, кәсіпорындардың жоқтығы малды өңірдің ең өзекті мәселесіне айналып отыр.
12 Қазан, 2023
Алда келе жатқан Республика күніне орай, Қостанайдағы «Қонай» шағын ауданында көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген жаңа үйге баспана кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен кәмелет жасына толған жетім балалар қоныстанды. Еңселі үйдің ауласында өткен қоныс қуанышына қала әкімі Марат Жүндібаев қатысып, баспаналы болған отбасыларға пәтер кілттерін табыс етті.
12 Қазан, 2023
Тастағы жазулар не айтқысы келеді, нені меңзейді, не білгені бар? Біз оларды неге естімейміз? Жел сайрайды, аспан күрсінеді, найзағай ойнайды, бұлт іркіледі, ал неге жартастар үнсіз? Ондағы таңбалы әріптер беймәлім әлемнің отшашуы секілді жарқ етіп, жоқ болады. Оларды уақыт өшіре алмайды, өшірсе, тек адам ғана қауқарлы. Бірақ оны түсінер де солар емес пе?
12 Қазан, 2023
Ол мүсін жасауға бала кезінен құмартты. Содан бері қолы саздан арылған жоқ. Әр мүсінін аяқтаған сайын бұл өнердің қыр-сырын енді танығандай, шеберлігін шыңдап келеді. Өзіндік көзқарасы мен талғамы туындыларынан көрініп-ақ тұрады: алашшылдар, зиялылар, тұлғалар... Ол талай мәрте жасап отырған мүсінін бұзып, қайта соғыпты. Ойындағы сол бір бейне, сол мінез өз деңгейіне жеткенше шеберханадан шықпайды. Жұмысына, ең алдымен, өнер деп қарайды. Әр жаңа мүсіні көрген көзді де қуантады. Ол жалақысы көп қызметті тастап, туған жеріне оралып, туған топырағының тұлғаларын жаңғыртып жүр. Семейдегі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы барып ашқан Абай мен ұлдарының, Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың, Астанадағы Қаламгерлер аллеясына қойылған Алаш арыстары – Әлихан, Ахмет, Міржақыпқа арналған мемориалдың да авторы сол шебер. Біздің кейіпкеріміз – «Семей-қола» мүсіндік құю өндірісінің директоры, суретші-мүсінші Нұрбол Қалиев.
12 Қазан, 2023