Оқи отырыңыз
«Отпан» кәсіпорны мен облыстық құсбегілер федерациясы бірлесіп, «Адай ата – Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде құсбегілік пен саятшылыққа арналған дәстүрлі «Салбурын» этнографиялық іс-шарасын ұйымдастырды.
01 Ақпан, 2023
Қазақстан Германияға мұнай жөнелте бастайды
Қазақстан ақпанның бірінші жартысында жоспарланған 300 мың тонна мұнайдың алғашқы 20 мың тоннасын Германияға жөнелтеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Ақпан, 2023
Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтады
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 765 004 адамды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Ақпан, 2023
Жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру 6 ақпанда басталады
Өнеркәсіпті дамыту қоры басшысының орынбасары Ринат Ғаппаров жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру 6 ақпанда басталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
01 Ақпан, 2023
Ақтөбеде Жер қатынастары бөлімі бизнеске кедергі жасаған
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе қаласында жер учаскелерін жалға алу мерзімдерінің өтініштерін қараудың негізсіз кешіктірілгенін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01 Ақпан, 2023
Қазақстан халқының екінші деңгейлі банктерде сақтаған депозитінің көлемі 15,7 трлн теңгені құрады. Бұл сома бір ай бұрынғыдан 566 млрд теңгеге, бір жыл бұрынғыдан 2,8 трлн теңгеге артық. Отандық банк секторы 2020 жылдан бері ауыр сынақтарды (пандемия, геосаяси тәуекел) бастан кешіп жатса да, салымшылардың сенім үдесінен шыға алып тұр.
01 Ақпан, 2023
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алкоголизмді ауру деп таныған. Денесін арақ улағандарға бұл диагноз қойылғанға дейін ол абыройдан, жұмыстан, денсаулықтан, отбасы мен ағайын-туыстан айырылатынын жазып отырудың өзі артық.
01 Ақпан, 2023
Биыл есімі көпшілікке танымал дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халық қаһарманы Мұхтар Әлиевтің туғанына 90 жыл толады. Ол талай ғалым-хирургке білікті ұстаз болып, елімізде хирургтер мектебінің негізін салды. Әлбетте, әркімнің пешенесіне түрлі жол жазылады... Қилы күрделі жағдайларға қарамай, академик Мұхтар Әлиевтің отандық медицинаға сіңірген еңбегі кәсіби мамандар арасында аңыз болып айтылады.
01 Ақпан, 2023
Жасанды интеллект R&D-зертханасы
«Тұран» университетінде академик Ө.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бірлесуімен «Жасанды интеллект және робототехника r&d-зертханасы» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
01 Ақпан, 2023
«Хат жазып тұр» әншіге қалай бұйырды?
Бүгінде ретро әнге айнала бастаған «Хат жазып тұр» әні таластық ақын Нарша Қашағанұлы мен композитор Әуезхан Салабековтің шығармашылық тандемінен туғанын көпшілік біле бермеуі мүмкін. Жүректің қылын шертетін тамаша туынды белгілі әнші Асқар Жүнісбековтің жұлдызын жарқыратқаны да мәлім.
01 Ақпан, 2023
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз туралы белгілі суретші, публицист Жеңіс Кәкенұлы: «Меніңше, асыл ағаның шығармашылығының асқар биігі – «М.Фрунзенің Самарқан халық еріктілері алдында сөз сөйлеуі» атты картинасы. Уақыттың сол кездегі суретшіге қойған шартында шаруам жоқ. Мені тамсантып отырғаны бұл картинада бәрі бар.
01 Ақпан, 2023
Cәтсіздіктен де сабақ алған жөн – Арман Әшімов
Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Бесағаш елді мекенінің тұрғыны Арман Әшімовтің есімі жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол ауылды жерде жаттығып-ақ, кикбокстан әлем кубогінің иегері және Еуропа чемпионы атанды. Жекпе-жек, ММА және джиу-джитсудан ел біріншілігінде топ жарып, спорт шебері нормативін орындады. Бокстан спорт шеберлігіне үміткер. Кейінгі 10 жылда аралас жекпе-жекпен шұғылданып, көптеген дүбірлі додада дараланып жүр. Арман өмірде өте позитивті. Айқас алаңында да дәл солай. Жеңсе де, жеңілсе де көңілді жүреді. Күні кеше ғана сол спортшымен сұхбаттасудың сәті түсті.
01 Ақпан, 2023
Жаңа жылдың алғашқы күні Арал ауданы Қарашалаң ауылының екі тұрғыны балыққа кетіп, байланысқа шықпай қалған. Түнделетіп мотоциклмен кеткен екеудің хабарсыз қалғанына алаңдаған жергілікті тұрғындар өз беттерінше іздестіріп, адасып кеткен ауылдастарын елді мекеннен 18 шақырым жырақтан тауыпты. Мұз ойылып, көліктері суға кеткен екеу жағалауды таба алмай, бағдарынан жаңылып ұзақ жүрсе керек. Жұртты бір дүрліктіргенмен арты жақсы аяқталған осы оқиғадан кейін тағы бір оқыс жағдай болып, мұз үстіне көлікпен шыққан бір адам суға кетті.
31 Қаңтар, 2023
«Ана үйі» қоғамдық қоры осыдан бес жыл бұрын Ақмола облысындағы балалар үйінің жұмысына оң өзгеріс әкелетін «Балажан» бағдарламасын қолға алған еді. Кезең-кезеңімен іске асатын жоба негізінде балалар үйінің атауын ауыстырумен шектелмей, балалардың отбасымен қауышуына көп көңіл бөлінді. Себебі бала құқығын қорғайтын халықаралық және елдегі ұйымдар балғындардың отбасындағы бақытты өмірін ешқандай мекеме алмастыра алмайтынынан хабардар.
31 Қаңтар, 2023
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік ресімдеу қымбаттады. Бұдан бөлек жүргізуші мен неке куәлігін алу үшін төленетін ақы мөлшері де артты. Осыдан он жыл бұрын 2-3 мыңның айналасында болған төлқұжат бағасы 6-7 есеге қымбаттаған. Құжат ресімдеу құнының бұлай шарықтауына не себеп?
31 Қаңтар, 2023
Шектеулер шырмауындағы майнинг фермалар
Криптофермаларға қатысты заң күшеймек. Майнинг-фермалар мен криптоөндірушілер енді ресми жұмыс істеу үшін лицензия рәсімдеуге міндетті. Бұған қоса олар корпоративтік табыс салығын төлеуге міндеттеледі. Электр энергиясының тапшылығына байланысты криптофермалардың елдің жалпы энергия жүйесіне қосылуына тыйым салынады. Мұның бәрі 2022 жылдың соңында қабылданған «Қазақстан Республикасының цифрлық активтері туралы» заң жобасында қарастырылған.
31 Қаңтар, 2023
Қазіргі таңда интернеттің адамзат үшін маңызы өлшеусіз. Қазақстанның телекоммуникация саласының маңызды міндеттерінің бірі – 5G ұялы байланысының бесінші буынын енгізу.
31 Қаңтар, 2023
Шапан – халқымыздың ежелден келе жатқан кәделі киімі. Тіпті оның қолданысқа енуі сонау көне ғұн, кейінгі түркі дәуіріне қатысты деректерде кездеседі. Мысалы, ежелгі ғұн мәдениетінің ең ірі үлгісі саналатын атақты Ноин-Ула қорымына ХХ ғасырдың басында қазба жұмысын жүргізген орыс ғалымы П.К.Козлов (1863-1935) ұзындығы 1,17 м, ені (жеңімен) 1,94 м ғұн шапанын тапқанын білеміз. Бұл мұра қазір Эрмитажда тұр.
31 Қаңтар, 2023
Шыны керек, қазақ сурет өнерінде төңкеріс жасаған бір адам болса, ол – Ағымсалы Дүзелханов. Оның қазақы қиялынан туған таңдамалы туындылары белгілі бір уақыт пен кеңістіктің шеңберіне сыймайды. Сол үшін де оның қыл-қаламынан туған суреттер осы өнердің үрдісінен шығып, сын мен сараптың безбенінен аман өтіп, өз жолына түскен жәдігер іспетті.
31 Қаңтар, 2023
Қазақтың Фаризасы: «Жан-жүрегіңді толтырар бір жан жетпей жүрді ғой» демесең, Мен саған ғашық емес ем», деп құснихат жазады. Шіркін, аруға тән мөлдірліктің осы екі жолға мөлт ете түскенін қараңызшы. Өлең қарашығына жас болып ұйыған Мария Цветаева болса, «Мне нравится, что Вы больны не мной…» деп дел-сал күйге түсіреді. Осы әнге айналған қос туындыны тыңдап отырып, өткенге қиыла қарайсыз…
31 Қаңтар, 2023