Оқи отырыңыз
Лұқбек Тумашинов: Біз құндылықтарды қадірлейміз
Шынтуайтына келгенде, Шығыс Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан облыс. Қолға алынған тың жобалар, ілкімді істер аз емес. Жуықта облыс әкімі Даниал Ахметовтің облыстық мәслихат депутаттарымен есептік кездесуінде облыстағы атқарылып жатқан жұмыстар, өңірдің басты жетістіктері мен болашағы туралы айтылды. Кездесуден кейін біз депутат, кәсіпкер Лұқбек Тумашиновпен әңгімелескен едік.
13 Қазан, 2022
Қаланың қарбаласынан кейін ауылдағы құлаққа ұрған танадай тыныштықты жатырқап тұрады екенсің. Кезінде айдыны кемерін кеміріп жатқан Арал теңізінің бір қолтығын паналаған Ақбасты ауылында келген алғашқы ой осы болды. Сол сәтте-ақ 15 жылдай бұрын дәл осы мекенге ат шалдырғанымыз да еске түсе кетті. Содан бері ештеңе өзгермеген сияқты. Дүние бір орнында тұрып қалғандай.
13 Қазан, 2022
Көркем әдебиетте заманауи мәселелерді, адамның барлық болмысын, талайлы тағдырын жан-жақты қозғап, толық түсінуге деген талпыныс қашан да өзекті болған, бола да бермек. Көкірекке сыр тұндыра сурет салу, оқырман жан дүниесіне терең бойлау – бұл әр суреткердің алдына қойған биік мұраты болса керек. Сондай сырбаз да сұлу суреткерлікті мұрат етіп, өмірінің өзегіне айналдырып, шығармашылық ізденісінің көкжиегі – туындылары арқылы оқырманның талғам-таразысынан табылып жүрген жазушының бірі – Сабырбек Олжабай.
13 Қазан, 2022
Кеше ғана Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың қолдауымен, Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елімізде алғаш рет «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Астанада басталып, 12 күндік жүрістен соң Түркістанда мәреге жеткен марафонға еліміздің 19 өңірінен 200-ге жуық сәйгүлік қосылды. Шарт бойынша әр команда марафон-бәйгеге бес ат салып, 600 шақырымнан кейін оларды ауыстырып отырды және шабандоздар күніне 100 шақырымды бағындыруға тиіс болды. Маңғыстаудан барған «Көкмойнақ» тобы аталған шартты шашасына шаң жуытпай орындап, доданың байрағын желбіретіп оралды. Бұл – үлкен жарыстардың бастамасы, алда – халықаралық, әлемдік үлкен додалар.
13 Қазан, 2022
Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің тазалығын сақтау – Маңғыстау өңіріндегі өзекті мәселелердің бірі. Бірақ «ит қорыған жерге өш» дегендей, осы екі айдынға лас сұйықтық немесе өзге де зиянды қалдықтарды төгу әрекеттері азаймай тұр. Куәгерлер келеңсіз оқиғаны желіге жүктеп жариялап жатады. Содан соң экологтер барып мәселенің мән-жайын анықтайды, ал белгісіз күйде қалғаны қаншама деген ой келеді.
13 Қазан, 2022
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Ақкөл ауылына 13 шақырым жетпей тоқтасаңыз, күре жолдың оң жағында тұрған биіктеу мұнараны көресіз. Білек темірлерді бір-біріне бекіте отырып көтерілген бұл ескі мұнараның түбіне келсеңіз, дәл ортасында жер астынан бұрқақтап қайнап шығып жатқан бұлақты көресіз. Жергілікті тұрғындар мұны Тентексайдың ыстық суы деп атайды. Елсізде иесіз жатқан қайнарды жан-жақтан іздеп келіп, басына күрке тігіп апталап жатып, демалып, ем алып кететін жұрт жаз бойы үзілмейді.
13 Қазан, 2022
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіндегі екінші ойынында да жеңіске жетті. Бесінші топта өнер көрсетіп жатқан жерлестеріміз сырт алаңда Черногория құрамасын ірі есеппен тізе бүктірді.
13 Қазан, 2022
Алматыдағы көпсалалы «Достық» спорт кешенінде ұйымдастырылған гандболдан әйелдер арасындағы командалық Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сары құрлықтың ең таңдаулы деген жеті командасы қатысқан доп додасында Корея клубы бас жүлдені жеңіп алды.
13 Қазан, 2022
Еліміздің 5 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
«Қазгидромет» синоптиктері 5 өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
ОСК Бақыт Жаңабаевтың құжаттарын тексерді
Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасы заңның барлық талаптарына сәйкес келетіні хабарланды, деп жазады Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Елордада Astana Media Week-2022 апталығы өтеді
26-28 қазан аралығында Астанада күздің басты медиа оқиғасы - Astana Media Week-2022 өтеді. Осымен алтыншы жыл қатарынан өтетін дәстүрлі оқиға аясында отандық БАҚ өкілдері «Қазмедиа Орталығы» телерадиокешеніне тәжірибе алмасу үшін жиналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Колумбияда мотоциклшілер жолдарды жауып тастады
Колумбияда жүздеген мотоцикл жүргізушілері жанармай мен жолды сақтандыру бағасының қымбаттауына наразылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Президент сайлауы: ОСК бірнеше үміткерді тіркеуден бас тартты
Кезектен тыс президент сайлауына үміткер үш азамат Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында көрсетілген талаптарға сәйкес болмай шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Түрікменстан АӨСШК-ге бақылаушы ретінде қосылды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің бақылаушылары мен серіктестерінің саны ұлғайғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Президент: Жүк тасымалының қолжетімділігі – экономиканың маңызды факторы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан АӨСШК VI саммитінде көлік-транзит әлеуетін дамыту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Астанада АӨСШК VI саммиті басталды
Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің жұмысы басталды. Саммитке 11 елдің мемлекет басшылары қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2022
Миллиондарды қолды еткен микрокредиттік ұйым қызметкері сотталды
Павлодарда микрокредиттік ұйымның қызметкері 12 миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап, ұтысқа тіккен, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазТАГ сайтына сілтеме жасап.
13 Қазан, 2022
Қостанайда өңір жастарының спорт лигасы өз мәресіне жетті. Биыл облыстың әуесқой спорт командалары арасында футбол, баскетбол және волейбол ойындарынан тұңғыш рет өткен «Jasliga» ойындарының финалына жарты жылға созылған жарыстардан сүрінбей өткен таңдаулы 12 команда қатысты.
13 Қазан, 2022
Қордың молдығы – халықтың тоқтығы
Биыл Павлодар облысында 700 мың тоннадан астам картоп жиналды. Аста-төк өнімнің 20 мың тоннасы тұрақтандыру қорына салынып, қысқы мезгілде өңір тұрғындарын бағасы арзан «екінші нанмен» қамтамасыз ету көзделіп отыр. Алдағы уақытта қоймалардан босатылатын картоптың килосы 100 теңгеден қымбат болмауы керектігі ескертілді.
13 Қазан, 2022
Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті. Жастар сарайында өткен салтанатты жиында көргенді ұрпақ тәрбиелеп, көпке өнеге болып отырған үлгілі отбасылардың ошақ қасындағы жарасымды тіршілігі дәріптеліп, дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
13 Қазан, 2022