Оқи отырыңыз
Кеше Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібінде депутаттар Қазақстан Республикасы Парламентінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарады.
20 Желтоқсан, 2022
Маңғыстау облысында аққулардың өлексесі табылды
Маңғыстау облысындағы Қаракөл көлінің жағасынан өлі аққулар табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2022
Михаил Козачковтың ісін Бас прокуратура қадағалайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына журналист Михаил Козачковқа қатысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарына орай бірқатар медиа қоғамдастық өкілі үндеу жолдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2022
Қазақстанда тағы бір партия тіркелді
Елімізде «Республика» партиясы ресми түрде тіркелді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Желтоқсан, 2022
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеуді аяқтады
Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемденудің, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Желтоқсан, 2022
Әлем чемпионаты Алматыда өтеді
25-30 желтоқсан аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтың рапид және блиц түрлері бойынша кезекті әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Республикалық федерация таратқан дерекке сүйенсек, бұл жарыста жер-жаһанның әр қиырынан жиналған 250-ге тарта ойыншы бақ сынайды.
19 Желтоқсан, 2022
Жасөспірімдер жүктілігі: себеп пен салдардың есебі
Жыл жабылар шақта жасөспірімдер арасындағы жүктілік тақырыбы жырға айналып кете береді. Қоғам белсенділері тарапынан моральға толы әңгімелер айтылса да, өзекті мәселенің өзегі жарылар күн байқалар емес. Қайта іші іріңге толған сыздауықтай жаныңды сыздататын деректер көлбеңдеп алдыңнан шыға береді.
19 Желтоқсан, 2022
Жоспарлы жөндеудің кешігу себебі
Қазан айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу басталған еді. Содан бергі екі айда 32 технологиялық қондырғыны жоспарлы жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылған. Мұнай өнімдерін шығаруды тоқтатпауға мүмкіндік берген бұл тәсіл алғаш рет қолданылып отыр.
19 Желтоқсан, 2022
Хорватия ұлттық құрамасы Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Осыдан төрт жыл бұрын Ресейде ұйымдастырылған теңбіл доп додасында Франциядан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болған Златко Далич шәкірттері бұл жолы үшінші орынға ие болды. 45 мыңнан аса жанкүйер сыятын Дохадағы «Халифа» стадионында өткен тартысты бәсекеде Хорватия футболшылары Марокконы 2:1 есебімен тізе бүктірді.
19 Желтоқсан, 2022
Балалар жылы аясында Астана қаласында халықаралық конференция өтіп, онда балалардың құқығын қорғау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды, ауқымды жоспарлар пысықталды. Айтулы іс-шараға Чехия, Хорватия, Мажарстан және Қырғызстан елдерінен келген сарапшылар қатысты. БҰҰ-ның елдегі тұрақты үйлестірушісі, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) елдегі өкілі, бала құқықтары, адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен қатар педагогтер, ата-аналар мен балалар да осы кездесудің ортасында болды.
19 Желтоқсан, 2022
Сауд Арабиясындағы дипломатиялық корпуста «Ambassadors Choice International Film Festival» кинофестивалі өтіп, оған Қазақстанмен қатар Үндістан, Испания, Аустралия, Куба, Швеция, Бангладеш, АҚШ, Ливан, Сауд Арабиясы, Алжир, Ливан, Палестина сияқты елдер қатысты.
19 Желтоқсан, 2022
Бүгінде Африкадағы халықтың бестен бір бөлігі аштықтан зардап шегіп отыр. Осыған орай биылғы жылды Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (Islamic Organization for Food Security – IOFS) «Африка жылы» деп жариялап, жыл бойы Африка халқына көмектесіп келеді. Әрине, ұйымның қызметі мұнымен аяқталмақ емес. Елордаға жиналған 20-дан астам елдің дипломаттары мен сарапшылары «Африка жылын» қорытындылап, алдағы көмек беру мәселесін талқылады.
19 Желтоқсан, 2022
Тәуелсіздік күні қарсаңында «Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері елордадағы «Қаламгерлер» аллеясында «Алаш» қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
19 Желтоқсан, 2022
Жұлдыздарды бір арнаға тоғыстырды
«Астана Опера» театрында әлемге әйгілі опера және балет жұлдыздарының басын қосқан «Жібек жолы» атты халықаралық музыкалық фестивалі өз мәресіне жетті. Бір айға созылған өнер мерекесі көрермендерге ғана емес, оған қатысушыларға да жылы әсер қалдырды. Айтулы іс-шараға Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.
19 Желтоқсан, 2022
Бір күнде 140 адам коронавирус жұқтырды
Бұл туралы Egemen.kz Денсаулық сақтау минитрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
18 Желтоқсан, 2022
Президент Үкімет басшысына қандай тапсырма берді?
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Желтоқсан, 2022
Мәулен Әшімбаев: Халқымыз үшін бұл мейрамның қашанда орны бөлек
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күніне байланысты Facebook парақшасында құттықтау жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
16 Желтоқсан, 2022
Қазақтың қай қасіретін айтып тауысасыз. Өткенге көз салсаңыз, өзегіңіз өртенеді, жанарыңыз жасаурайды. Бізді желтоқсан желі әлі де жауратады. Тәуелсіздік құсы төбемізге келіп айнала ұшқанда, оған алақан тосқан боздақтардың қанды ғұмыры кімнің мойнында? Біздіңше, уақыт әлі өз бағасын берген жоқ. Ұлт үшін ұран көтерген балауса қыз-жігіттердің ерлігі жүрек төрінде тұр. Соның бірі – Ербол Сыпатаев. Қыршын кеткен азаматтың есімі қазақ тарихына алтын әріппен жазылары анық.
16 Желтоқсан, 2022
Ел абыройын асқақтатқандар қандай құрметке де лайықты
Әлемде Алаш жұртының абыройын асқақтатып жүрген спорт саңлақтары аз емес. Тәуелсіздік алғаннан бері еліміз түрлі сынақтан өтті. Соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес мемлекет ретінде жеті рет (1996-2020 жылдары) жазғы Олимпиадаға қатысып, жалпы жиынтығы 72 медаль, оның ішінде 15 алтын, 21 күміс және 36 қола медаль жеңіп алды.
16 Желтоқсан, 2022
Сапар Сатаев: Арманы биік адам адаспайды
Сапар Сатаев – Лондондағы «HEAD Aerospace Group» компаниясының коммерциялық директоры. Шетелді бағындырып, ғарыш саласында табысты еңбек етіп жүрген жерлесіміз «Egemen Qazaqstan» басылымына арнайы сұхбат берді.
16 Желтоқсан, 2022