Оқи отырыңыз
Қатерлі ісікті де емдеуге болады. Мәселен, Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде биылғы 7 айда науқастарға 389 операция жасалған. Оның ішінде 14 отаға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы қаржы төленген.
07 Қыркүйек, 2022
Қоғамдық қадағалау өте маңызды
Еліміз үшін инфрақұрылымды дамыту әлі де өзекті болып отыр. Көлік-жол инфрақұрылымы экономиканы дамытуға серпін берсе, әлеуметтік-мәдени нысандармен толыққанды қамтамасыз ету халықтың білімі мен өмір сапасына тікелей әсер етеді. Бүгінде hard-инфрақұрылымды – жол, инженерлік желілер, өндірістік инфрақұрылымды дамытып алған мемлекеттер soft-инфрақұрылымды – сервис, қоғамдық орындарды көркейтуге көшкелі қашан.
07 Қыркүйек, 2022
Медицина саласын қаржыландыру өзекті
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда ең алдымен халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту туралы айтып, саяси мәселелерге кеңінен тоқталды. Соның ішінде, Мемлекет басшысы ел экономикасын көтеру мақсатында шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау жалғасатынын атап өтті.
07 Қыркүйек, 2022
«Төскейде малы, төсекте басы қосылып жатқан» құдайы көршілерімізге келген нәубетке қарсы тұруда қызылжарлықтар аянып қалған жоқ. Amanat партиясы, қалалық, аудандық әкімдіктердің ұйымдастыруымен 14 гуманитарлық пункт ұйымдастырылды. Оларда барлығы 40 тоннадан артық гуманитарлық көмек жиналып, Әулиекөл ауданына аттандырылды.
07 Қыркүйек, 2022
Бейнеттің зейнеті жасына емес, әл-ауқат саясатының жақсаруына байланысты болады
Халқымызда «Бейнеттің зейнетін көріңіз» деген көңілге жағымды тіркес бар. Зейнет жасында алаңсыз өмір сүріп, бала-шағасының рахатын көруді армандамайтын жан кемде-кем. Жақында Президент Жолдауында көп уақыттан бері қоғам талқысына түскен зейнет жасына қатысты мәселе шешімін тапты.
06 Қыркүйек, 2022
Елді мекендерге төнген қауіп сейілді
Төтенше жағдай министрлігінің шұғыл әрекет ету штабы Әулиекөл ауданындағы елді мекендерге алапат өрттен төнген қауіптің жойылғанын мәлімдеді. Өрт сөндіру жасақтары орман ішіндегі шала бықсыған қоламталарды сөндіріп жатыр. Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы ауылдарына өрт қарауылдау қызметі қойылған.
06 Қыркүйек, 2022
Қытымыр қыстың сынынан сүрінбеу үшін...
Өңірде қысқа дайындық жұмыстары алдын ала жоспарланған кесте бойынша жүргізілуде. Қазіргі күні жалпы нысандардың дайындығы өрмек жүзінен ауған. Қарастырылған қаржы көлемі толық игерілуде.
06 Қыркүйек, 2022
Қызылорда қаласында А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығының мамандары тұрғындарға диагностикалық кеңес бердi. Облыс орталығындағы №3, 6 емханалар мен ALEXEY SULTAN-AKHMET клиникасында хирург, онколог, гепатолог, уролог, эндокринолог, анестезиолог-реаниматолог дәрігерлер қабылдау жүргіздi.
06 Қыркүйек, 2022
Трансплантология: 3,5 мыңнан астам адам ағза ауыстыруға зәру
Осыдан он шақты жыл бұрын Қазақстанда қолға алынған алғашқы ағза ауыстыру операцияларын елге бірінші болып сүйіншілегеніміз есте. Осы аралықта отандық трансплантологтар жақсы тәжірибе жинақтап, талай науқастың өмірін ұзартқанымен, қай елді алсақ та мәйіттік донор мен ағза алмастыруға қатысты мәселе әлі де бар және бола да бермек. Бұл бір жағынан діни ұстанымдардан туындайтын шарттар болса, келесі қыры медицина мүмкіндіктері мен трансплантологиялық технологиялардың дамуына тәуелді.
06 Қыркүйек, 2022
Жезкиік біздің жаққа қайдан келді?
«Жан едім мен де сертшіл далада өскен, Сен дағы қарамадың жолды кестің...» деп ақын Кәкімбек Салықов өзінің атақты «Жезкиік» өлеңінде айтқандай киік, елік деген жануарлар жолаушының алдынан кесе көлденең өтіп, жолын кесуге құштар. Тіпті жолаушыны алыста, көз ұшында көрсе де шауып келіп, жолын кесуге тырысады.
06 Қыркүйек, 2022
Шымкент ұстаздары республика бойынша алда келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдаған болатын.
06 Қыркүйек, 2022
Нағыз ғалым болатын адам еді...
Біздің заманымыздың идеал адамы деп өз ісінің хас шеберін, елдік істерге қолынан келгенше белсенді түрде араласа білген және адамгершіліктің ақ туын ешқашан жықпаған зипа мінезді, мәдениетті, интеллектуал адамды айтар едік. Замандастар арасында ондай адамдар қазір өте сирек кездеседі. Өзіміз көрген сондай адам, марқұм Қайролла Мұқанов ағамыз еді.
06 Қыркүйек, 2022
Ғалым Ахмедьяров: Жаңа маусымда жаңалық көп
«Астана Опера» үшін маңызды күн таяп қалды – 9 қыркүйекте театрдың Х мерейтойлық маусымы басталады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяров елімізден тыс жерде де танымал болып үлгерген шығармашылық ұжымның көрермен қауымға не дайындағаны туралы айтып берді.
06 Қыркүйек, 2022
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ашылған «Қытай өнері» көрмесі ғасырлар қатпарынан сыр шерткен бірегейлігімен маңызды. Қытай императорының жылына тек бір мәрте ғана киетін киімі қандай, қызыл-жасыл өрнегімен көз тартатын вазаларының тым биік болып келу себебі не, ксилография көшірмесін неліктен түпнұсқадан ажырату мүмкін емес, міне, қытай өнерінің көрмесін тамашалауға келген әр адам осы тектес сұрағының жауабына қанық болып, өзіне жұмбақ жәдігерлердің танымдық сипатына тереңдей алады.
06 Қыркүйек, 2022
Бұрымдылар Белградты бетке алды
Санаулы күндерден кейін Сербияда жалауы желбірейтін әлем чемпионаты қарсаңында біз бұған дейін еркін («Балуандар Сербияда белдеседі. «ЕҚ», 02.09.2022») және грек-рим күресінің («Белградта бас жүлде бұйыра ма? «ЕҚ», 06.09.2022») тарихына кеңінен тоқталған едік. Бүгінгі мақаламызда әйелдер күресінің жай-күйі жайында әңгімелеуді жөн көріп отырмыз.
06 Қыркүйек, 2022
Жан-жақтан өрт шыққанда, жаңбыр құйып өтсе деп тіледі жұрт. Күн бұрын Зайсанның даласы лап етсе, ертесі Алтай ауданының аумағы көк түтінге оранды. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің территориясынан да өрт шықты. Әйтеуір, бәлендей шығын жоқ.
06 Қыркүйек, 2022
Ұлттық музейде TAMYR шығармашылық тобының «Арба» көрмесі ашылды. Іс-шараға мәдениет және қоғам қайраткерлері, танымал суретшілер, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері қатысты.
06 Қыркүйек, 2022
Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге үй салына бастады
Қостанай облысындағы Әулиекөл ауылында өрттен зардап шеккендерге үй салына бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2022
Шығыс Қазақстанда бірнеше күннен бері өрт қауіптілігі жоғары. Өрт сөндірушілер бір тәуліктің өзінде ғана дала өртін сөндіруге 10-15 рет шығады. Бүгін Марқакөл өңірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2022
«Казахстанская правда» газетінің бұрынғы басшысы өмірден өтті
Республикалық «Казахстанская правда» газетінің бұрынғы басшысы Григорий Дильдяев 74 жасында қайтыс болды. Ол 56 жыл бойы журналистика саласында абыройлы қызмет атқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
06 Қыркүйек, 2022