Оқи отырыңыз
Оқу үлгерімі төмен оқушылар үшін арнайы жоба іске қосылады
Қазақстанда оқу үлгерімі төмен 500 мыңға жуық бала бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің республикалық тамыз конференциясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
«Болашақ» тағылымдамасына құжат қабылдау қашан басталады
5 қыркүйектен бастап Қазақстанда «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтуге құжаттар қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz Халықаралық бағдарламалар орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19 Тамыз, 2022
Атырау облысында әскери қызметші көз жұмды
Атырау облысында Шекара қызметінің әскери қызметшісі қаза тапты. Бұл туралы Ұлттық қаіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Синоптиктер 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
Елордада Орталық Азия волонтерлер форумы басталды
Елордада Орталық Азия елдері волонтерлерінің форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
19 Тамыз, 2022
Қарағайлы өлке – туризмнің інжу-маржаны
Тұмса табиғатымен, оның ішінде қарағайлы орманымен көрікті Бесқарағай ауданы туризмді дамытуға таптырмас жер. Мұнда Абай облысының інжу-маржаны саналатын Шошқалы көлі де орналасқан. Түрлі емге дәру болған шипалы көлдің маңынан инвесторлар емдік-сауықтыру кешенін салуды көздеп отыр.
19 Тамыз, 2022
Сыр сүлейлерінің мұрасын дәріптеуде Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылы азаматтарының еңбегі ерекше. Жуырда жүздеген шайыр шыққан осы топырақта «Жырдың жампоз жүйрігі – Тасберген жырау» атты облыстық жыраулар фестивалі ұйымдастырылды.
19 Тамыз, 2022
Бесқарағайда мектеп оқушылары балабақшада оқып жүр. 2000 жылдардың басында аудан орталығындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектепте оқитын балалардың саны күрт көбейгендіктен амалсыздан оқушылардың жартысын ауылдағы балабақшаға көшіруге тура келген. Арада 20 жылдан артық уақыт өтсе де қарағайлы өңірдің халқы жаңа білім беру ғимаратына жарымай келеді.
19 Тамыз, 2022
Шаруаның шағымы: Халықпен кездесулерде мыңнан астам мәселе көтерілген
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тапты. Соңғы жылдары халықтың, азаматтық топтардың айтқанына құлақ асу еселеп артты деуге болады.
19 Тамыз, 2022
Шағын шаруа қожалықтарының қолы ұзарды
Қостанайлық шаруалар ауыл шаруашылығы саласына арналған жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша жаңа техника сатып ала бастады. Аталған бағдарлама мемлекет қолдауына арқа сүйей отырып, жаңа техника сатып алуға мүмкіндігі жете бермейтін шағын шаруа қожалықтарының техникалық паркін жаңартуды көздейді.
19 Тамыз, 2022
Өскемен мен Павлодарды елордамен жалғайтын автобан құрылысын салу туралы Үкіметтің шешімі 2013 жылы қабылданған екен. Осы бір алып құрылыстың жыры жылдарға созылып, мердігерден мердігер ауыса жүріп, ақыр-соңы әупірімдеп аяқталған. Жолды бақандай 4 жылға кешіктіріп тапсырды. 900 шақырым тас жолдың 375 шақырымы, яғни Нұр-Сұлтан қаласынан Ленин кентіне дейінгі аралық өткен жылдың қараша айынан бері ақылы жүйеге ауысты. Автобанның ақылы болғанын қайтейік, бүгінде бас қалаға дейінгі жол бойында мәселе көп.
18 Тамыз, 2022
Жыл он екі ай бағып-қаққан бұғы мүйізін кесу науқаны екі-екі жарым айға ғана созылады. Өз уақытында кесіп алмаса, былқылдап тұрған мүйіз өскен сайын қатая береді. Қатайған мүйіздің емдік қасиеті азая бермек. Сондықтан да бұғы баққан шаруалар мүйізін уақтылы кесіп алуға тырысады.
18 Тамыз, 2022
Егістікке есі кеткендер шабындық пен жайылымдарға қол салып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында халықтың өзіндік қосалқы шаруашылықтағы малдарын бағуы үшін 547,1 мың гектар жайылым жетіспейтіндігі анықталған. Кезінде жайылымдарды шетсіз-шексіз жалға алып, иеленіп алған көптеген ауыл шаруашылығы құрылымдары соңғы жылдары астық дақылдарын өткізу проблемаларының жеңілдеуімен және сатып алу бағасының шарықтауымен қаншама жерді қосымша жыртып, егістікке айналдырып жіберген.
18 Тамыз, 2022
Оралдағы қазақ мектептері: Сан да, сапа да өсіп келеді
Орал қаласында «Қазақ мектебіне қадам басайық!» атты акция жүріп, оқушыларды мемлекеттік тілде білім беретін мектептерге тарту үшін үгіт-насихат тобы құрылғанын бұрын жазған едік.
18 Тамыз, 2022
Өмірде бір көргеннен есіңізде қалатын адамдар болады. Сондай аяулы жанның бірі – өлкетанушы қаламгер Клара Әмірқызы. Мен ол кісіні алғаш 1995 жылы көрдім. Бірінші курс студентіміз. Қазіргі бас қаладағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында әдебиетке жақын жастарға «Арай» студиясы жұмыс істейді дегенді естіп, бірге оқитын досымыз екеуміз келдік. Сөйтсек, осы студияны ашқан Клара апа екен. Бізді жылы қарсы алып, жақын тартып сөйлесіп, мейірімді жүзімен «енді келіп тұрыңдар» деді. Осы бейнесі жадымда ұмытылмай қалды. Ол кісі әр іс-шараны өте қызықты өткізетін. Бірде студияға жергілікті ақын-жазушыларды шақырып кездесу ұйымдастырса, енді бірде Ақмола өңірінің тарихы, көне жер-су атаулары және осы өлкеден шыққан атақты адамдар туралы тағылымды әңгіме өрбіткені есімде.
18 Тамыз, 2022
Көлсайға кел, кереметті көзбен көр
Алматы облысының туристік әлеуетін арттырып тұрған табиғат сыйының бірегейі – Көлсай. Көз жауын алатын таңғажайып көлге келушілер қатары жыл сайын артып келеді. Яғни Кеген ауданындағы Көлсай көлі қазір қазақтың өз ішіне ғана емес, әлемнің төрт бұрышына әйгілі туризмнің нысанына айналды.
18 Тамыз, 2022
Былтыр аса жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен белді балуан, Рио Олимпиадасы мен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Отгонцэцэг Галбадрах үлкен спорттан қол үзгеннен кейін «Енді жуық арада оған лайықты ізбасар табыла қояр ма екен?» деп қобалжығанымыз рас. Иә, Моңғолиядан қоныс аударып келген қаршығадай қыз бірнеше жыл бойы Қазақстанның әйелдер дзюдосын жалғыз өзі өрге сүйрегенін жанкүйерлер жақсы біледі. Бірақ қобалжуымыз бекер екен. Соңғы кездері дәл сол 48 кило салмақта Әбиба Әбужақынова өрелі өнерімен көзге түсіп жүр. Ол жуырда Нұр-Сұлтанда өткен құрлықтың басты додасында күміс медаль иеленді. Аталған жарыс аяқталғаннан соң онымен аз-кем әңгімелескен едік.
18 Тамыз, 2022
«Сұлтан Бейбарыс»: Билік философиясы
Болат Мансұров түсірген «Сұлтан Бейбарыс» фильмінде ащы шындық бар. Балалық ғұмыры трагедияға толы билеушінің тағдыры ауыр. Соғыстың әкелетін зардабы туралы адамзатқа айтар үндеуі бар.
18 Тамыз, 2022
Алаш арыстарының өмірі мен өнегесі жайлы іздену, олардың ұстанған жолын, тұлғалық ерекшелігін өскелең ұрпақтың санасына ұялату – бүгінгі біздің парызымыз. Олардың жан дүниесі, дүниеге, ортаға, сол кездегі саясатқа көзқарасы туралы тереңірек толғануға болады. «Қайтсек қазақты оятамыз, өзгелермен терезесі тең ұлт қыламыз?» деп күрескен салмақты ойдың, адал еңбектің адамдары, анығын айтқанда, Алаш арыстарының есімі қазақтың жүрегінде мәңгі сақталатыны шүбәсіз.
18 Тамыз, 2022
Жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс қайта тірілуі мүмкін
Аустралия мен АҚШ-тың зерттеушілер тобы жойылып кеткен тасманиялық жолбарыс популяциясын қайта тірілту жобасына кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
18 Тамыз, 2022