• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2011

Орнықты дамудағы оңды істер

397 рет
көрсетілді

Жуырда «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг БВ» (ҚПО) ком­паниясы өзінің 2010 жылғы орнықты даму Есебі жарияланымы шық­қандығын хабарла­ды. Аталмыш есеп ҚПО-ның 2010 жылы жүргізген жұмыстарының нәтижесі мен компанияның орнықты даму бойынша өз міндеттемелеріне қол жеткізудегі нақты ұстанымын бейнелейді. «Мен осымен реті бойынша үшінші болып саналатын, біздің 2010 жылғы өндірістік көрсет­кіш­тері­мізбен қатар, 2009 жылы алға қойған мақсат­тары­мызға қалай қол жеткізгеніміз жөнін­дегі ҚПО-ның орнықты дамуы туралы жаңа есепті жариялап отырмын. Бұл мен үшін үлкен абы­рой», деп атап көрсетті ҚПО бас директоры Джузеппе Пази. ҚПО осы жобаға қа­ты­сушы ком­паниялардың ғана емес, Қазақ­стан мемлекетін де тұрақты пайдамен қам­тамасыз етуді өз ал­дына мақсат етіп қойып отыр. Оның ішіне аймақтың тұрақты да­муына жағдай жасау, қор­ша­ған ортаны қор­ғау саласы, соны­мен қатар эконо­ми­калық және әлеуметтік даму кіреді, деді ол. Өткен жылы Қарашығанақ кен орнының ағымдағы жұмыс­тары мен қолданысқа беру ба­рысында өнім өндірудің жалпы көлемі 133,7 млн. баррельді құ­рады. Сонымен қатар жаңа бес ұңғыма бұрғы­ла­нып, жұмыс істеп тұрған 14 ұңғымаға жөн­деу жүргізіліпті. Жыл бойы УКПГ-2 учаскесінде мате­риал­дарды ауыс­тыру жобасы аяқ­талып, газ үдет­кіш компрессорлар қолданысқа енгізілді. Ал жөндеу-профи­лак­тикалық жұмыстары еш­қандай тосын жағдайларсыз және тіпті жұмыс кестесінен озыңқырап орын­далды. ҚЖК-ны тұрақтан­дыру­дың төртінші техно­логиялық же­лісі құ­рылысы тоқтамастан жү­ріп, нәти­жесінде оны 2011 жылдың мамы­рында қолданысқа беруге мүмкін­дік туды. Қауіпсіздік техникасымен қам­тама­сыз етудің жаңа жоспары жү­зеге асырылды. Онда мердігерлік ұйымдардың қызметіне баса ма­ңыз аударылады. Олардың қауіп­ті факторлардан хабардарлығы, мониторинг жүргізіп, есептілікті беріп оты­ру­ға, соны­мен қатар ҚТ саласында көшбасшылықты ма­шық­тан­дыруды дамытуы қарала­ды. ҚПО қоршаған ортаны қорғау саласындағы жос­парды да жо­ға­ры деңгейде ұстап тұра алды. 2010 жылы 29 жел­тоқ­сан­да компания мемлекеттен ат­мосфераға қал­дық­тар шығару үшін 3 жылға рұқ­сат алды. Сондай-ақ ISO 14001 стан­дартының сертифи­ка­ты­на сәйкес келетіндігін дәлел­дей алды. Газды толықтай пайдаға жарату көр­сеткіші (қалдық­тары­мен қоса) 2010 жылы 99,87%-ды көр­сет­ті. Бұл компанияның жал­пы өн­дірген газының, яғни 15 трлн.текше метрдің тек қана 0,02 трлн.текше метрі (0,13%) өндіріс­тік алауға және өңдеуші құрыл­ғы­ларға бағыт­талған немесе ұңғы­ма­ларды тазалау бары­сында жағыл­ғанын көр­сетеді. Газ­ды қалдықсыз пайдаға жаратуда қол жеткізілген осы дең­гей бү­кіл дү­ние жүзі бойынша мұ­най-газ сала­сындағы теңдессіз оқиға болып саналады. Компанияда мүлікті мемлекет меншігіне алудың онжыл­дық жос­пары ойда­ғыдай жү­зе­ге асырылды. Нәтижесінде 2010 жылдың со­ңына қарай ҚПО-дағы біліктілігі жоғары және кеңселік әкімшілік қызмет­тері­нің бар­лы­ғы, техника­лық қыз­мет­керлер мен супер­вай­зер­­лер­дің 91%-ы, басқарушылық қыз­меттің 62%-ы қазақ­стандық қыз­меткермен толықты. Ел заң­намасындағы жергілікті үлес­ті дамытуға байланысты өзгеріс­терге орай өз міндеттемелерін орындау­ды да ұмыт­қан жоқ. ҚПО ком­па­нияға тауар жеткізуге, қызмет жә­не жұмыс көрсету түрлеріне бай­ла­нысты 283 қа­зақ­стандық ком­паниямен келі­сім-шартқа отыр­ды. Бұл келісім-шарт­тардың құны 527 млн.доллардан астам. Қарашығанақ-Орал газ құбы­рының қал­ған бөліктері құры­лы­сы аяқталды. Бұл құбырлар биыл жергілікті билік орган­дары­ның бақылауына беріледі. Ақсай қала­сында жаңа мектеп ғимараты ашылды. Жергілікті әлеуметтік инфра­құрылым дамуына қосқан үлесі үшін «Парыз» бизнестік әлеуметтік жауапкершілігі жөнін­дегі ұлттық бай­қауында алтын марапатқа ие болды. Бұл есеп үш тілде жария­ла­нып, Pricewa­terhouseCoopers ком­пания­сы­ның тәуелсіз растауын алды. Венера ТҮГЕЛБАЙ. Батыс Қазақстан облысы, Ақсай қаласы.