• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2011

Коттеджді қалашық

647 рет
көрсетілді

Талдықорған шаһары об­лыс орталығына айналған он жылда жасанған қыздай бой түзеді. Осылайша қала көп қабатты тұрғын үй және әсем мәдени-тұрмыстық, спорт ғи­ма­рат­тарымен толықты. Қала­ға кіреберістегі бос жатқан ашық алаңда қуатты техникалар жұмысын жалғастырып, қызу еңбек қарқын алған еді. Осы кезде «білетіндер» жақсы жаңалықты жамырай жеткізіп жүрді. Енді, міне, соның шын­дығына көз жетіп, 100 гектардан астам жер теліміндегі бар­лық инфрақұрылымы қарасты­рылған бірнеше қабаттан тұра­тын, үш санатты жеке тұрғын үйлер бой көтеретіндіктен ха­лық оны қуанышпен қабыл­дау­да. «Жетісу» әлеуметтік-кә­сіп­­керлік корпорациясы көп­ші­лікті аталған жобамен та­ныс­тырып, мұнда үш санат­ты 690 жеке үй салынатынын жеткізді. Олардың жартысы «эконом класты» (100-150 шар­шы метр), 30 пайызы «стан­дарт класты» (150-230 шаршы метр) және 20 пайызы (200 шаршы метрден жоғары) эли­талы үйлер құрайтын бола­ды. Сондай-ақ белгіленген баға­ның ең төменгісі шаршы метріне 115 мың теңге, жоғарғысы 186 мың теңгені құрайды. Ұлт­тық компа­нияның басқарма төр­ағасы Ба­қыт Атайбековтің мә­лім­деуінше, үш кезең бойынша жүзеге асы­рылатын жоба бірер жылда то­лық аяқталып, 33 700-ге жуық тұрғынды коттеджді қа­лашыққа қоныстандыру жос­парланып отыр. Жаңа қалашықта 600 балаға арналған мектеп,  2 балабақша, емхана құрылыстарының сызба­сы да назарға ұсынылды. Коттедж жобасында сонымен қатар әкімшілік-тұрмыстық, коммер­ция­лық нысандар, сауда ойын-сауық, бизнес орталықтары, көк күмбезді мешіт, қонақ үй, мейрамхана, мәдени-тұрмыстық орын­дар бой көтеріп, құрылысқа сапалы материалдар пайдаланы­латындығымен де бағалы. Қалашықтың инженерлік-ком­муникациялық инфрақұры­лы­­мын жүргізуге республи­ка­лық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, «АГС-Пласт» ЖШС биылғы қазан айы­на дейін аяқтауды алға қой­­ған. Бұдан соң жедел бас­талатын қалашық сызбасында 24 көшеге қоныстанатын сәнді үйлердің қатарын көреміз. Аталған құ­ры­лысқа қажетті инвес­ти­цияның жалпы көлемі 20 826 млн. теңге болса, оның 16 417 млн. теңгесі тұрғын үй құры­лы­сына жұмсалады. Қа­ла­шық­тағы салынатын үйлер­ге өңір­дегі «Строитель», «Темір-бетон» серіктестіктері мен басқа да кәсіпорындарда шы­ға­ры­ла­тын материалдарды қол­дану көзделген. Мұның өзі өңір эко­номикасын дамытудың бірден-бір кепілі. Баспанаға деген қажетті­лікті өтеу үшін тұрғындардың үлескерлік қатысуы екінші дең­гейлі банктер мен ипотека­лық несиелендіру «Тұрғын­үйқұрылысжинақбанкі» АҚ жү­йе­сімен тағы басқа мемлекеттік бағдарламалардың қара­жаты есебінен несиелендіру жағы қарастырылатын болады. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.