• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Шілде, 2011

Берері мол басқосу

315 рет
көрсетілді

Астанада ІІ Қазақстан-Гер­ман­дық инновациялық отырысы бол­ды. Басқосуды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Германия Федеративті Республи­ка­сының экономика және технологиялар министрлігімен бірлесе ұйымдастырған. Аталған форум Қазақстан Рес­публикасы мен Германия Федеративті Республикасының үкімет­ара­лық жұмыс тобының бесінші отырысы аясында еліміздің Ин­дус­трия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау мен Германия экономика және технологиялар министрінің орынба­са­ры Карл-Эрнст Браунер мырза­ның төрағалығымен өтті. Германия тарапынан қаты­су­шы­лар арасында мемлекеттік органдар мен ірі өндірістік кәсіп­ор­ындар өкілдері, оның ішінде Гер­манияның сауда-өндірістік пала­тасы, «Неміс банкі» АҚ, Тиссен Крупп, «Ойлер Хермес несиелерді сақтандыру» АҚ, DEG – инвестиция мен дамыту неміс корпо­ра­циясы, «Ландесбанк Берлин АГ» АҚ, «Лемкен ГмбХ& Кo КГ», GFA Consulting Group GmbH, АО Deutsche Lufthansa, Неміс энер­ге­тикалық агенттігі, Германия ауыл-шаруашылық техниканы өндіру қау­ымдастығының өкілдері бол­ды. Сонымен қатар, Қазақстан та­ра­пынан мемлекеттік және жеке құ­рылым өкілдері, халықаралық са­рап­шылар қатысып, пікір алмасты. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов өз сөзінде, «Қазіргі уақытта инновация саласында екі жақты ынтымақтастық жолдары жан-жақты дамуда. Әсіресе, Фраунхофер қоғамдастығы, Inno AG, Wellington Partners III Technology Fund L.P., Германдық халық­ара­лық ынтымақтастық қауымдас­ты­ғы сияқты ұйымдарымен бірлескен жобалар жүзеге асуда. Фраунхофермен бірлесе, Қазақстанда Инновациялық конгресс, Біріккен Ұлттар Ұйымы қарамағындағы Еу­ропалық экономикалық комис­сия­сының қолдауымен бірқатар іс-шаралар, стейкхолдерлер кон­фе­ренциясы өтті. Сонымен қатар, Ұлттық инновациялық қор Гер­манияның венчурлік капиталды дамыту тәжірибесін тереңінен зерттеуде. Мәселен, біз Wellington Partners III Technology Fund L.P венчурлік қорының қатысушысы әрі серіктесі болып табыламыз», деп атап өтті. Форум барысында отандық ин­новациялық саясаттың мәсе­ле­ле­рі мен келешегі, оның халық­ара­лық салалары талқыланып, соның ішінде Қазақстан мен Германия экономикалық қарым-қа­ты­насының келешегі қарастырылды. Бүгінгі таңда инновация – эко­номикалық дамудың нағыз қоз­ға­лыс күші. Сондықтан экономи­ка­ны дамыту барысында Қазақстан инновациялық саясатты страте­гия­лық мақсат тұтады әрі Германиямен ынтымақтаса жұмыс жүр­гізуді стратегиялық жоспар ретінде көздейді. Аталған шара екі ел арасындағы инновациялық сая­сат­ты жүзеге асыруға жауапты ұйымдардың тәжірибе алмасып, нақты қадамдар жасауының бір­ден-бір жолы болып саналады. Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.