• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2010

“АЛЖИР” АЗАБЫН ТАРТҚАНДАР

1572 рет
көрсетілді

Қарт ана, халің қалай, тірімісің? Жандардың қайғы тартқан бірімісің?

Қан жұтып, азаппенен қартайғанда “АЛЖИР-дің” айтылатын жырымысың?

“АЛЖИР” (Отанын сатқандар әйел­дерінің Ақмола лагері) осы Қарлагтың дербес бөлімшесі еді. Ол 1938 жылы 6 қаңтарда Р-17 еңбекпен түзеу лагерінің орнына құрылды. Бұл кезең жаппай қуғын-сүргін науқанының  әбден өр­шіген шағы болатын. КСРО Ком­пар­тиясының ХVІ съезінде И.Ста­лин “Репрессия – шабуылдың қажетті элементі болып табылады” деп жария­лаған соң жазықты-жазықсыз қамауға алу ерекше қарқынмен жүргізілді. Аз ғана уақытта Қарлагтағы отанын сатқандардың әйелдері 12 мыңнан асып түсті. Олардың біразы “АЛЖИР-де” өлместің күнін кешті.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСІРЕТІ

Саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Алаш арыстары қашанда ел жадында

Бір замандары А.Янушкевич: “... дала Демосфендерінің кей­біреулері мені сөздерінің маз­мұн­дылығымен және жігерлілігімен баурап алады”, деп таңдай қаққан қазақ бо­дандықтың қамытын киіп, қарғыс атқан күндерден құтылғанша көрген азабы, тартқан тозағы аз болған жоқ. Одан қайтсем құтқарам, теңдігін алып, терезесін тең етем деген ұлт ұлылары қиян-кескі қарсылықтарын көрсетіп жатты. Солардың ішінде өресі биік, өлшемі ерен, ой-санасы қырандай қияны шалған Алаш арыстарының жолы азапты да қасіретті. Алайда, ұлт дегенде түн ұйқысын төрт бөлген олар алған беттерінен қайтпады: “Арғы атам – ер түрік, Біз – қазақ еліміз!” деп жар салды. “Алаш туы астында, Куә бол­сын арымыз. Көркейтуге Алашты, Құр­­бандық біздің жанымыз!” (Сұл­тан­махмұт Торайғыров) деп үн қатты. Жы­лан аяқтап кірген жылым саясат қазақ жұртының байтақ жері мен бай­лы­ғына аш бөрідей ұмтылып, бас кө­тер­гендерін бағындыруға, бағынбаса байлап-матап тас­тауға бекінді. Ақыры, дегендеріне жетті. Алғашқы кезекте “Алыстан алаш десе, аттанамын, Қазақты қазақ десе, мақтанамын. Бол­ғанда әкем – қазақ, шешем – қазақ, Мен неге қа­зақ­тықтан сақ­танамын” (Мір­жақып Ду­латұлы) деген Алаш арыс­тары тұтқын­да­лып, тұң­ғи­ыққа жіберілді. Оның арты құ­йындатқан қу­ғын-сүр­гін­ге, алапат аш­тыққа әкелді. Бүгінде сол кезең тарихтың қаралы бе­тін құрайды. Оның қара тас­тай зілмауыр құпиясы әр жер­ден жылт-жылт етіп елес бергенмен, құпиясы әлі түгел ашылып болған жоқ. Сол сұрапыл жыл­дар­дың қыры мен сырын, мұңы мен зарын, қасіреті мен қайғысын әр қырынан көрсеткен “Тағдырларды бі­рік­тірген Қазақстан” атты қа­зақ, орыс тілдерінде жарық көрген көлемді кітапты парақтап отырғанда, сол қилы кезеңдердің ауыр өткелдері алдыңнан шығады. Тәуелсіздіктің арқасында ашылған ақиқаттар сөз болады. Қанды ғасыр құрбандарының өмірі сөзбен өрнектеліп, “Алжир-де” азап шеккен аналар алдыңнан шығады. Сонда азапты күн кешкен сол аяулы жан­дардың көрген азабы, тартқан тау­қыметі туралы жазылған дүние­лерді оқып отыр­ғанда ет жү­ре­гің шы­мырлап, өзегің өртенеді. Әсіресе ба­ла­лар­дың түр­меде жатқан ана­ла­рының көңілін аулап жазған хаттарынан бей­кү­нә ұр­пақтың жандү­ние­сін ұғып қана қоймай, пе­ріште көңілге дақ сал­ған­дардың дарақылығы төбе шашыңды тік тұр­ғызады. Біз осы кітапта қуғын-сүр­гін көрген аяулы ана­лар тақырыбын іздене жү­ріп, ізгі көңілімен жазған, “Жан дауысы” – “Алжир архипелагы” деген кітап жа­риялаған Армиял Та­сым­беков еңбектерінің басылуы құп­тарлық. Сол секілді профессор Серік Негимовтің “Есеп” (Елін сүйген ерлер партиясы) партиясын құрған Бүркіт Ысқақов туралы мақаласы орынды берілген. Балаларға арналған қазақтың тұңғыш мультфильмі “Қар­лы­ғаштың құйрығы неге айыр?” сценарийінің авторы Бүр­кіт Ысқақов өмірде ешкімнің алдынан шықпаған қа­ра­пайым адам болатын. Бірақ ұлттық рухы мықты еді. Сенген адамына бол­маса, сыр ашпайтын. Сол қарапайым жанның өзгелер ұрандап жүргенде партия құрып, “Есіңде бол­сын бірақ та, Торғай емес бүркітпін, Кетпессің сен де ұзаққа, Төлерсің құнын Бүр­кіттің” деп ша­мырқануының астарында елінің келешегіне сенгендік жатқаны айдан анық. Сол азамат ақын, күрескер ұлдың күні туа бастағандай. Алдағы уақытта терең зерттеліп, аяулы арыстың рухани дүниесі мен ұлт үшін еткен еңбегі толық жарияланып жатса, нұр үстіне нұр. Жалпы 600 бетке таяу бұл кітаптан алатын тағылым да, тәлім де мол. Алаш арыстарын тоз-тоз еткен зұлмат жыл­да­ры алдағы күннен үмітін үзбеген Әли­хан Бөкейханов: “Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар” депті. Ұлт көсемінің осы көрегендігі жүзеге асқалы да 20 жылға таяды. Тә­уел­сіздік арқасында бары мен жо­ғы­мызды түгендеп, асылдарымызды жаладан арашалап, артында қалған жаралы ұрпақтарының көңілін ағар­тып, өмірін жаңартып жатырмыз. Со­ның бір дәйегі осы кітап десек, жа­ра­сар. Бұл рухани құндылыққа ең­бегі сіңген азаматтарды да айта кету парыз. Жалпы редакциясын Мәулен Әшім­баев пен Ералы Тоғжанов бас­қар­са, бас редакторлық қызметті Әприза Құ­са­йынова атқарыпты. Ал еңбектің құрас­тырушысы Ғалия Балтабай екен. Енді, міне, осы ұжымдық еңбек ұлтқа да ұрпаққа да қызмет көрсететін бо­лады. Сүлеймен МӘМЕТ. МАЛИНОВКА Окрест Малиновки, безмерна ширь полей. Заветный край, куда душа стремится. Малиновка... В истории твоей И мрачные, и светлые страницы. Зловещие тридцатые года Посеяли в степи казахской горе. Неисчислимых бедствий череда Поизмывалась вволю на просторе. Здесь черный ворон день и ночь кружил – Как признак небывалой катастрофы. Печальной памяти гулаговский АЛЖИР Для узниц неповинных стал Голгофой. Слезами пропитана земля, На их костях – сады в пчелином гуле. В зеленых гимнастерках тополя, Как сыновья – в печальном карауле. Владимир ГУНДАРЕВ, главный редактор журнала “Нива”, член Союза писателей Казахстана. БАРЛЫҚ ҰЛТ – 37-НІҢ ҚҰРБАНЫ Қиындыққа төзіп келдім, төземін, Бір атаның бұтағы едім, көзі едім. Қара жерге он бір бауыр кеткен соң, Ажалыңның тоқтата тұр кезегін. Сорым қалың, жүрегімде – қайғы-мұң, Қан жұтқызған саясаттан сеземін. Қиындықтан арашалар адамдар, Берік қорған – имандылық, өз елім. Айдарбек ТОҒЖАН. ТАҒДЫР ТАУҚЫМЕТІ Сыр жасырып анасынан баласы, Қосылды ғой ақ пен қара арасы, Жатты уланып шыққан сөздің уынан, Заман, адам, уақыттың да санасы... Бұдан өткен болмайды ғой азабың! Жан-жүйкеңді тоздырады азалы үн. Халық ұлы “халық жауы” атанды, Бұдан өткен болмайды ғой азабың! Темірхан МЕДЕТБЕК. *** Жамал Омарованың айтқаны есімнен кетпейді. Әсіресе, ардагер жазушы Бейімбет Майлиннің бәйбішесі Күнжамалдың лагерь алабында қой бағып жүрген жүдеу түрі көзіме жас алғызған. Жамал апа батыл адам ғой, жергілікті кеңес басшыларына ебін тауып дәлелдеп, тұтқындағы әйгілі адамдардың жұбайлары алдында концерт қоюға рұқсат алады да ішке кірген соң сол кезде осы әйгілі тұтқын ортасында болған Лидия Русланованы концерт программасына қосып, екеуі екі ел халықтарының әндерін шырқаған ғой. Ақын, жазушы Нұрғожа Ораздың естелігінен. *** Мама с бабушкой встретились в Кар­лаге, но были вместе очень короткое вре­мя. Их разлучили нав­­сегда, перегнав Арифу Атауловну  в “АЛЖИР”. Ма­лень­кую Риду оторвали от матери в трехлетнем возрасте, как и других детей, и отправили в Осакаровский детдом Карагандинской об­ласти. Эта вопию­щая акция, как го­во­рила мама, вызвала шок у всех матерей. Они бежали за машиной с детьми, кричали, во­пили, теряли соз­на­ние, сходили с ума. Так мама, арес­то­ванная в цветущем 26-летнем возрасте, про­вела в лагере почти 10 лет. Из них восемь – по 58-й статье как член семьи изменника Родины, остальное время – в качестве вольнонаемной. Все годы в заключении Азиза Тубековна ра­бо­тала ветеринарным врачом. “АЛЖИР” тұтқыны Әзиза Рысқұлованың қызы Сәуле Рысқұлованың естелігінен. *** Бірнеше жылдан кейін Фатима қазақ поэ­зиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіровпен тағ­дыр қосады. Одан Үміт, Ильфа атты қыздар мен Болат есімді ұл сүйді. Болат дүниеге келгенде әкесі қамауда отырған. НКВД түрмесінде емшектегі жас сәбиі және әйелі Фати­мамен Ілиястың кездесуі бар болғаны бірнеше ми­нут­қа созылған. Бұл соңғы кездесудің қан­ша­лықты ауыр болғандығын түсіну үшін ұлды болу дегеннің қазақ дейтін ха­лық үшін қаншалықты маңызды еке­нін білу керек. Әрине, “халық жауы­ның” әйелі ретінде Фа­тима Семей, Жам­был облыс­тарына жер аударылды. Тарих ғы­лым­да­рының докторы Нү­рилә Шаха­нованың Фатима Ғабитова туралы мақаласынан. *** Темірбекті тұт­қындаған бірер күн­­нен кейін бізді бүкіл отбасымызбен тұрып жатқан үйімізден қуып шықты. Мен Қазақ КСР Ішкі істер комиссары Лев Яковлевич Залиннің қабылдауына бардым. Көрші тұрғанбыз, бір-бірімізді жақсы білетінбіз. Жиналыстарда, әртүрлі кештерде бір болып жүрдік. – Не істеймін, қарамағымда әжем мен анам, сіңлім мен ұлым бар, үйімізді алып қойды, қайда барып паналаймыз, – дедім. – Темірбек Жүргенов халық жауы, бұны өзі мойындапты, – деді ол. – Мен оған сенбеймін, – дедім. Ол нағыз – коммунист, әңгіме бұл төңірегінде емес, баспана жөнінде келіп отырмын, – деп келген шаруамды айттым. Дәмеш Жүргенованың естелігінен. *** Есіл жұбайларының қайда екенін біле алмай зар қағып жүрген әйелдерді НКВД қызметкерлерінің қалай алдағанын Фатима Ғабитованың мына жазбасынан да көруге болады: “Бір-екі күн өткен соң тағы шақырылдым. Бұл жолы да басқа орыс қарсы алды... Мен сияқты тағы бірнеше ерлері әкетілген әйелдерді жинаған екен. Ішінде Сәкеннің әйелі – Гүлбаһрам да бар еді. Ол орыстың бізге ескерткені: ерлеріміз он жылға алыс Сібірге ай­далыпты”. Үйіне келгеннен кейін Күнжамал балаларына “Сендер енді нағыз жетім­сіңдер” дейді көз жасын тыя алмай. Б.Майлин ақпанның 26-сында атылса, Күнжамал соның ертеңіне, яғни 27 ақпан күні оның киімін алған. Зерттеуші Тоқтар Бейісқұловтың Бейімбеттің зайыбы Күнжамал Майлина туралы мақаласынан. *** Перед арестом отца мама расска­зывала соседке, что видела сон: у нее были две длинных косы и одну косу срезали. Арестовали папу ночью. Я крепко спала, и вдруг меня разбудили, поставили на ноги. Какие-то люди начали что-то искать в моей комнате. По­том уже, когда я повзрослела, то по­ня­ла, это был обыск. Ма­ма не пла­кала, тетя По­ля тоже. Мама ос­талась бе­ре­менная, со м­ной и братиш­кой. Мы так и не уз­нали причину ареста от­ца. У него был род­ной брат, учас­т­ник дви­жения “Алаш”. Его тоже репрес­сировали. Воз­мож­но, это было пово­дом для ареста? КСРО халық әртісі Роза Жаманованың әкесі мен анасы туралы естелігінен. “АЛЖИР” МҰРАЖАЙЫ Жүректерге қайғы болып үн қатқан, Қасіретті еңсе басқан зіл батпан. Жазықсыздан жапа шеккен жандарды, Ұмытпайды үлкендер мен ұрпақтар. Жара салар адамзаттың жанына, Қайталанбасын енді мұндай зұлматтар. (Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданының соғыс және еңбек ардагерлерінің мұражай кітапшасына жазған лебіз-өлеңі).