• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Маусым, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

548 рет
көрсетілді

46 700 000 000 Батыс Қазақстан облысында биылғы төрт айдағы инвестиция көлемі осыншама теңгені құраса, бұл өткен жылғы деңгеймен тең Облыстық статистика депар­та­ментінің деректеріне қара­ғанда, ин­вестицияның 25546,0 млн. тең­гесі немесе 56,9 пайызы шетелдік, 17841,3 миллионы не­ме­се 39,8 пай­ызы кәсіпорын­дардың өз қар­жысы болса, 1500,6 млн. теңгесі немесе 3,3 пайызы бюджет үле­сінде. Инвестицияның 73,7 пайызы өнеркәсіпке бағытталса, 7,7 пай­ы­з­ы көлік пен қойма, 4,7 пайызы жылжымайтын мүлікпен жұмыс және денсаулық сақтау, 2,2 пайы­зы ауыл шаруашылығы, 2 пайызы сауда саласына жұмсалған. Салынған қаржының 54,6 пайызы – Бөрлі, 21,4 пайызы Зеленов ауданының еншісінде. Темір ҚҰСАЙЫН. Батыс Қазақстан облысы. 600 000 000 Биыл пайдалануға берілетін “СпецтрансСтройКомпания” ЖШС-нің құрылыс бұйымдарын шығару зауытын іске қосу үшін осыншама теңге қаржы салынған Зауыт қуаты 500 мың шар­шы метр тротуар плиткаларын, 1200 мың дана жиек тастар, 900 мың дана қабырғалық блоктар шығаруға мүмкіндік береді. Бұл – Батыс Қазақстандағы бірден-бір ірі жоба. Жобаны жүзеге асы­ру барысында Германия фир­ма­сы­ның жаңа технологиясы пайда­ла­нылуда. Зауыт өнімдері Батыс Қазақстанға өткізіледі және Ор­та­лық Азия елдеріне шығарылады деп күтілуде. Қазір жобаға бөлінген қар­жының 95 пайызы игерілді. Ол толық іске қосылғанда жаңадан 30 жұмыс орындары ашылады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы. 156 600 000 Өңірде “Жол картасы” бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлауға бөлінген қаржының осыншамасы игерілген “Жол картасы” бойынша өңір­де биыл әлеуметтік жұмыс орын­дарын құру және жастар тәжі­рибесін ұйымдастыру ба­ғы­тында қолға алынған жұмыстар құп­тар­лық деуге болады. Бағдарлама бойынша кадр­лар­ды даярлау және қайта даяр­лау жалғасып, 4500 адамды оқыту мақсатында респуб­ликалық бюд­жеттен 562,6 млн. теңге қарас­ты­рыл­ған болатын. Нәтижесінде 23 оқу орнымен келісім-шарт жасалып, 3300 адам даярлық курстарына жіберілген. Олардың қатарында еңбек сұра­ны­сына қажетті мамандықтар алу­ға басымдық беріліп, 2100 адам 2009 жылдан бері оқып, кәс­іби білім алудағы алға қойған талап­тарын жүзеге асырған. Осы­лайша бүгінгі күнге аталған бағ­дар­ламаға бөлінген қар­жының 156,6 млн. теңгесі толық игеріліп, жұмыс­сыздықтың алдын алу үде­ріс­тері ойдағыдай жүзеге асы­рылуда. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.