• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Маусым, 2010

НАҚТЫ ШАРАЛАР ҚАЖЕТ

449 рет
көрсетілді

Қазақстанның медициналық белсенділері, атап айтқанда, Қазақ көз аурулары ҒЗИ-дың дирек­торы, м.ғ.д., профессор Т.К. Бота­беков маңызды медико-әлеуметтік мәселе – глаукома сырқатына қатысты мәселені кешіктірмей шешуге ықпал ету туралы мәселе көтеріп отыр. Бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешілмей келеді, оның үстіне денсаулық сақтау са­ласындағы оңтайландыру глауко­маға қарсы қызметтің өзін қатерге түсірді, осы арқылы республикада әлеуметтік қысым қалыптастырды. Қазақстанда глаукома емдел­мейтін көрмеушілік пен нашар көру­дің себептерінің ішінде алдың­ғы орынды иеленеді. Диспансерлік есепте 72 мыңнан аса глаукома сырқаттары тұр. Әрбір жыл сайын 10 000 жаңа ауру жағдайлары тіркелуде, олардың 45%-ы көрудің біраз қызметі жойылған соңғы сатысында алғаш анықталады, оның үстіне 10% аурулар 40 жастан аспаған жастар. Бұл үрдістің қауіптілігі сонда, глаукома ауруы еңбекке қабілетті халықтың едәуір бөлігін қоғамға пайдалы қызмет сала­сынан алып тастайды, сондық­тан да бұл дертпен күресу әлеу­меттік және экономикалық маңызға ие. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ, АҚШ глаукома мәселесін тыңғылықты шешіп қойған, өйткені оның ерте диагностикалық (скрининг) әдісі қолданылады. Дамыған елдерде, емханалық дең­гейде (яғни АМСК де) глаукома скринингінде “алтын стандарт” деп танылған лазерлік ретинотомограф HRT-3 қолданылады. Өндіруші Германияның  Heіdelberg Engіne­erіng компаниясы болып табылады.  Осы компанияның өкілдері қазақстандық офтальмологтармен бірге ғылыми-практикалық семи­нар және конференциялар өткізді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, осы мәселенің әлеуметтік маңызын ескере отырып, сондай-ақ Президент Н.Назарбаев бірнеше рет айтқандай Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне ерте диагностика әдістерін енгізу өзекті мәселе екені анық. Мұхтар ТІНІКЕЕВ, Мәжіліс депутаты.