Аймақтар • 13 Сәуір, 2019

Қызылордада «Аулаларда қабылдау» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

935 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының орталығы аумағында Полиция департаментінің бастығы Мұхитов Қайрат Болатұлының бастамасымен «Аулаларда қабылдау» акциясы бастау алды. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылордада «Аулаларда қабылдау» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Аталмыш шара полицияның ашықтығын қамтамасыз ету, аймақ тұрғындарымен  тиімді байланыс орнату және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  өткізілуде.

Облыс орталығында Қызылорда облысы Полиция департаменті және Қызылорда қалалық Полиция басқармасы қызметкерлері көпқабатты үйлердің ауласында ақпараттық плакатпен рәсімделген автобустарда тұрғындарды қабылдады. 

Акция облыс орталығының 4 мөлтек ауданында өткізілді.

Тәртіп сақшыларымен өткізілген шара барысында азаматтар полициямен тікелей байланыс жасауына мүмкіндік алды.

Тұрғындар   қоғамдық қауіпсіздік мәселелері, жол белгілерін орнату, аулаларды жарықтандыру және камера орнату, сондай - ақ, коммуналдық мәселелер  бойынша сауалдар қойды.  Полицейлер өздеріне қатысты сұрақтардың барлығына жауап беріп, кең көлемді кеңестер берді.  Қалған мәселелер бойынша тұрғындар сауалдары жергілікті атқарушы органдарға және тиісті мекемелерге жолданатын болады. Акция барысында халықты мазалаған мәселелердің барлығы  назардан тыс қалмады.

Сондай – ақ азаматтардан  учаскелік полиция инспекторларының қызметін жақсартуға, оның ішінде қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша да ұсыныстар жасалды.

Өткізілген акция барысында тұрғындардан 90-ға жуық сауалдар түсті. «Шұғыла» мөлтек ауданының тұрғыны өзі тұратын үй ауласының жарықтандырылмағандығын және бейнекамерамен қамтамасыз етілмегендігін жеткізіп, бұл мәселелердің шешілуіне полиция қызметкерлерін ықпал жасауын сұрады.  

Сонымен бірге, келген тұрғындар өз аймақтарының учаскелік полиция инспекторларының қызметіне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты. 

Мұндай шаралар халықтың құқықтық сауатын көтеруге, оларды толғандырған мәселелер бойынша кедергісіз тікелей полиция қызметкерлерінен  мағлұмат алуға мүмкіндік береді.