«Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 тоқсандағы мемлекеттік бюджетінің атқарылуы туралы» баяндамасында ведомство басшысының айтуынша, рақымшылық жасауға жататын салық төлеушілердің саны 90 мыңнан асады. Олар 210,7 млрд теңге мөлшерінде негізгі борыштарын төлеулері қажет.
«Осы жағдайда 122,9 млрд теңге сомасына өсімпұлдар және 7,3 млрд теңге сомасына айыппұлдар есептен шығарылады. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 34 мыңнан астам салық төлеуші жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге негізгі борыштарын өтеді», дейді министр Ә.Смайылов.
Олар бойынша 1,7 млрд теңге сомасына өсімпұл, 0,2 млрд теңге айыппұл есептен шығаруға жатады.