Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі «Жусан» операциясына баға берді
Сыртқы істер министрлігінде сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұловтың БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі - БҰҰ Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығының басшысы Наталья Германмен кездесуі өтті. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
«Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауы елге не береді?» деген сауалға әрбір қазақстандықтың жауап іздейтіні заңды құбылыс. Елбасымен сабақтастық, партия туралы кіріссөзді былай қойғанда, жалпы Жолдау қоғамның өн бойына қан жүгіртеді.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Қарағандыда 67 көпбалалы отбасына 6 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді
Дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясына Қарағанды облысы белсенді түрде ат салысты. Әсіресе Жезқазғандағы Utaria LTD компаниясының осы бағыттағы қайырымдылық істерін ерекше атап өтуге болады.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Мақсат Жабағин: Ұлттың дамуы ғылымның дамуына тәуелді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның екінші Президенті ретіндегі алғашқы Жолдауында ғылымдағы жағдайды назардан тыс қалдырмады және аса маңызды мәселені көтерді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Нұрлан Сейдін: Жаңа міндеттер айқындалды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы – ел дамуының негізгі бағыттарын жақын болашаққа айқындайтын маңызды құжат.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Табанды талап табысқа жеткізеді
Мемлекет басшысының халыққа Жолдауындағы «Мемлекеттен жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отыр. Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс» деген сөзі нағыз өмірдің шындығы. Былайша айтқанда, бұл оқиғаны мен өз басымнан өткізгенмін де.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Мұрат Әуезов: Халықпен ниеттес екенін білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауы арқылы өзінің ішкі стратегиялық жоспарын да қоса жариялап, ел болашағының дамуы жөніндегі жеке көзқарасын көпшілікпен бөлісуі оның халықпен ниеттес екенін білдірді.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Ұлықбек Есдәулет: Игілікті бағытымен құнды
Өзінің алғашқы Жолдауында «Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» деген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұрттың көкейінде жүрген, қордаланған біраз мәселелерді қозғады және оларды шешу жолдарын ұсынды. Жолдаудың негізгі өзегінен Мемлекет басшысының заман талабына сай зайырлы мемлекет құруға қадам басуға бетбұрысы бірден байқалды.
Саясат • 05 Қыркүйек, 2019
Сыртқы істер министрі жаңа шетелдік елшілерді қабылдады
Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов Лесли Ача Опоку-Уаре (Гана Республикасы), Карстен Сендергорд (Дания Корольдігі), Майк Санго (Зимбабве Республикасы), Андрей Негуц (Молдова Республикасы), Джон Мацца (Сан-Марино Республикасы), Бранко Раковец (Словения Республикасы), Симон Марко Мумви (Танзания Біріккен Республикасы), Манас Такгисакибау (Фиджи Республикасы) Қазақстанда міндетін қоса атқарушы шетелдік елшілерді қабылдады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 05 Қыркүйек, 2019
Бағдарламалардың орындалу барысымен танысты
Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысы өңірде мемлекеттік бағдарламаларға сай атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Үкімет • 05 Қыркүйек, 2019
Жолдау депутаттарға жауапты міндеттер жүктеді
Кеше Парламент Мәжілісінің бесінші сессиядағы алғашқы жалпы отырысы өтіп, бірқатар заң жобасын әзірлеу жөнінде мәселелер талқыланды.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Түркістанда азаматтардың өтінішін бақылау бөлімі құрылады
Аталған бөлім барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды. Бұл жөнінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент Жолдауын іске асыруға арналған жиында мәлім етті.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Ауыл тұрғындары баспаналы болды
Жамбыл облысында жергілікті тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі жыл өткен сайын оң шешімін тауып келеді. Өңірде жыл сайын қоныс тойын тойлаушылар көбеюде.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2019
Мұнай өндірумен бірге өрілген ғұмыр
Маңғыстауда «Кезби» десең, «ол не еді?» деп кері сұрақ қоятын адам табыла қоймас. Компания бұл деңгейге қиын кезде тығырықтан шығар жол тауып, талай жанның нәпақасын айыруға мұрындық бола алған іскерлік пен ұйымдастырушылық, сондай-ақ қызмет көрсетудегі сапа мен кәсіби шеберлік арқылы қол жеткізді.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
Сәт Тоқпақбаев! Генерал-полковник, қоғам және мемлекет қайраткері!Желмая уақыт зымырап өтіп жатыр. Бірақ Сәт аға дегенде жүрегім ерекше толқиды. Мүмкін бұл Сәкеңді жас кезімнен білетіндігімнен бе екен? Әлде Парламент Мәжілісіндегі депутаттық қызметімде ол кісі министр кезінде қорғаныс, қауіпсіздік мәселелері бойынша қабылданатын заңдарды талқылау барысындағы сыйластық пен сырластықтың қалыптасуы, кейінірек Мәжілісте Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде бірге халық аманатын арқалап қызметтес болғандықтан ба, Сәкеңмен ағалы-інілі бір құрметтестік алтын желі қалыптасты.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2019
Президент Жарлығы қалай жүзеге асуда?
Жуырда Үкімет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығын іске асыру барысы жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Оған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова, Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков қатысты.
Әлем • 05 Қыркүйек, 2019
Ресейде оқыған қазақ өнерпаздары мұрағатын түгендеуге не кедергі?
Еліміз тәуелсіздік алғалы төл тарихымызға қызығушылық артып, өткен күндердің талай қатпарлы беттері ашылды. Арнайы мемлекеттік бағдарламалар түзіліп, алыс-жақын шетелдердегі баға жетпес құнды мұраларымызбен қауыштық. Кеңестік дәуірдің идеологиялық көзқарасына қайшы келетін небір құнды құжаттар мен рухани әлемімізді байытатын мұраларымыз еліміздің, халқымыздың мәдени-рухани айналымына қайта еніп, көптеген жаңалықтың беті ашылды десек те, әлі де толыққанды игерілмей жатқаны қаншама? Кеңес Одағы тұсында Ресейдің айтулы білім ордаларында Қазақстаннан кімдер оқыды, белгілі тұлғалардың шетел архивтерінде сақталған құжаттарына қол жеткізуге не кедергі болып отыр? Ресей архивтеріндегі осы және басқа да өзекжарды мәселелер туралы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты Аманкелді МҰҚАН баяндайды.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Қазақстандағы жаңа кезеңнің жол картасы
Қазақстанның жаңадан сайланған Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың байланысын нығайтуға бағытталған халыққа арналған манифест іспетті Жолдауында елдің келешектегі бағытын айқындап берді.
Экономика • 05 Қыркүйек, 2019
Әлеуметтік көмек кәсіпкерліктің бастауы
Президент бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жаңғырту керектігін айтып, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша Үкіметке қосымша 250 млрд теңге бөлуді тапсырды.
Қоғам • 05 Қыркүйек, 2019
КЕДЕРГІЛІ КЕҢІСТІК: Брайль қарпіндегі оқулықтар неге басылмайды?
12 жасар Мұхамед Сырбайұлы 1 қыркүйекте 5 сыныпқа барды. Ол кітап оқығанды жақсы көреді. Анасына әрдайым қолғабыс көрсетуге құштар. Ыдысты да жуып, картопты да егіп, үй мен даланың шаруасын тындыруға талаптанып тұрады. Сондағысы – бәрін білгісі келеді. Иә, мынау жарық әлемді жанарымен көруге мүмкіндігі болмаса да, кітап арқылы өзін қоршаған дүниені тануға деген талпынысы бірде-бір кеміген емес.
Қазақстан • 05 Қыркүйек, 2019
Азия әдебиетін әлемге әйгілейтін форум
Күздің мизам шуағына бөленген ел астанасында әлем әдебиетінің жылнамасына еніп, тарих бетінде қалатын Азияның қабырғалы қаламгерлері жиналған басқосу өтуде. Сары құрлықтың азулы ақын-жазушылары Азия әдебиетінің бүгінгі ахуалын талқылауға қазақ сахарасына арнайы ат басын бұрыпты. Игі шараға әр тараптан жиналған пікірлестерді тек сөзге, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар халықтардың тағдырын көздеген зор қамқорлық та біріктіріп отыр.
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2019
Болат Сәрсембаев Қазақстанның Үндістандағы Елшісі қызметінен босатылды
Қазақстанның Үндістандағы Елшісі Болат Сәрсембаев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 04 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы бірқатар тағайындау жасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 04 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған Орал трансформатор зауытына барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2019
Елорда әкімі Алтай Көлгінов 49 жас түлекке білім грантын табыс етті
Білім гранттары бойынша 49 мектеп түлегі әкімдіктен әлеуметтік көмек алды. Қала әкімі А. Көлгінов студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
«Jastar-Otanga» республикалық жастар саяси лагері өз жұмысын бастады
Дәстүрлі болған «Jastar-Otanga!» республикалық жастар саяси лагерінің қатысушылары бүгін «Балдәурен» РОСО бас қосты. «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ мұрындық болған іс-шара биыл 11 рет өткізілуде. Еліміздің әр түкпірінен келген, сан түрлі саланың тізгінін ұстаған 170-ке жуық жас тәжіриебе алмасып, білімдерін жетілдіреді. Бұл туралы «Jas Otan» ЖҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2019
Азия қаламгерлері форумының алғашқы күні өтті (видео)
Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Азия елдері қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Соңғы сегіз ай ішінде елордада 377 өрт болған
2019 жылдың сегіз айында астанада 377 өрт болып, нәтижесінде 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 04 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды
Премьер-Министр Асқар Мамин Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, онда Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болған «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысымен, сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың өңірлер экономикаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуымен танысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.