Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
200 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен «Зекет» қоры бірлесіп «Рамазан – мейірім айы!» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Жеңіл атлетика • 31 Мамыр, 2019
Жеңіл атлетика: Алғашқы күні 18 жүлде алдық
Бұл күндері Алматыда жеңіл атлетикадан «Eurasian Athletics Meeting U-20» халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бұл бәсекеде Үндістан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның спортшылары бақ сынауда.
31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қолға алынған дәстүрлі шара биыл «Темекі және өкпе аурулары» тақырыбына арналады.
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
Алматы облысында «Бақытың жаныңда» жобасы басталды
Алматы облысында отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Бақытың жаныңда» жобасы басталуда. Қоғамның басты құндылығын дәріптейтін бастаманы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті қолға алып отыр..
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Букмекерлік кеңселерді жаба алмаймыз, бірақ олар құқықтық алаңда жұмыс істеуі керек - Ноғаев
Атырауда құқық қорғау органдарын цифрландыру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, мәжілісте цифрландыру, қылмыстық істерді электронды түрде тіркеу жұмыстары әлі де жетілдіруді қажет ететіні айтылды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Талдықорған әкімдігінің «фронт-офисі» ашылды
Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен тұрғындарға қолжетімді болуына барлық жағдай жасалуда. Осы мақсатта Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен түрлі деңгейдегі әкімдіктердің «фронт-офистері» ашылуда.
Спорт • 31 Мамыр, 2019
Дархан Асаділов каратеден Шанхайдағы Премьер-лигада бақ сынайды
4-10 маусым аралығында Қытайдың Шанхай қаласында каратеден Премьер-лига додасы өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Саясат • 31 Мамыр, 2019
Агенттік төрағасы электрондық қызмет түрлерімен танысты
Өңірге жұмыс сапармен келген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Кәріс азаматы қазақ баласының тұсауын кесті
Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Чосон» кәріс этномәдени бірлестігінің бірлесе 31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» атты іс-шарасын өткізді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Шымкентке Flyarystan әуекомпаниясының алғашқы ұшағы қонды
Алматыдан Шымкентке FlyArystan лоукостерінің алғашқы рейсі ұшып келді. Әуежайда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі алғашқы бюджеттік әуекомпаниясының жұмысына сәттілік тіледі. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Полицейлер балаларды теңізге катермен серуендетті
Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Тарихқа үңілсек, 1949 жылдың қарашасында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы конгресінің шешімімен құрылып, алғаш рет 1950 жылы аталып өткен.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Бірінші маусымда Каспий теңізінде суда жүзу маусымы басталады
2018 жылғы статистикаға сүйенсек, Каспий теңізі айдындарында 10 адам қаза болып, 22 адам құтқарылған. Ал, 6 зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген.
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
Маңғыстау облысында өрт оқиғасы 12 пайызға азайған
Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысы, азаматтыққорғау полковнигі Базарбаев Куанар Бекенұлы мәлімдеді.
Әлем • 31 Мамыр, 2019
Будапешттегі трагедия: кеме капитаны тұтқындалды
Бұл туралы EURONEWS хабарлады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Солтүстік Қазақстанда «Мерейлі отбасы» конкурсының жеңімпазы анықталды
2013 жылдан бері ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталып келе жатқан сайысқа 17 отбасы қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Экономика • 31 Мамыр, 2019
Мұқтаж жандардың 48 млрд теңге ипотекалық қарызын мемлекет өтеді - Дәурен Абаев
Қазақстанда мұқтаж жандардың 25 мың ипотекалық қарызы бойынша мемлекеттік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем • 31 Мамыр, 2019
Елдің инвестициялық мүмкіндігі таныстырылды
Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігі мен Швейцария Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан-Швейцария инвестициялық дөңгелек үстелін өткізді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылды
Жастар жылы аясында Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде әскери кафедра ашылды.
Руханият • 31 Мамыр, 2019
Күн батып, көз байлана бастаған шақ. Ауыл шетіндегі тоқал тамның іргесіне келіп, үш-төрт салт атты кісі тізгін тартты. Іште отырған отағасы олардың «Кім бар-ау?» деген даусын естіген бойда қалбалақтап сыртқа атып шықты. Семіз торы атқа мінген дөңгелек жүзді, мұртты кісі есік алдына таяп келіп: «Шыршыққа баратын төте жол осы ма?» деді там артындағы қасқа жолды қамшысының сабымен нұсқап. «Иә, – деді отағасы тез басын шұлғып. – Осы жол». «Ә-ә, Алла разы болсын», деп әлгі кісі атының басын кері бұрды. Өзі сірә, атқосшы болса керек. Өйткені оның ар жағындағы ат басын іркіп тұрғандар қалалық қызметтегі кісілерге ұқсайды.
Кино • 31 Мамыр, 2019
Апта фильмі: «Годзилла 2: монстрлар патшасы»
Голливуд шеберлерінің бұл жолғы туындысында жалпы адамзат баласын, жер ғаламшарын құтқару идеясы салтанат құрыпты. «Годзилла 2: монстрлар патшасы» картинасы Қазақстан кинотеатрларында 30 мамырдан бастап көрсетіле бастады.
Спорт • 31 Мамыр, 2019
Милад Карими әлем кубогінің іріктеу сынын бірінші орынмен аяқтады
Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі басталды. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша үш қазақстандық спортшы финалға өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2019
Елордадағы Ұлттық мұражайда Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық X форумы басталды.
Президент • 31 Мамыр, 2019
АӘК алу мақсатында көпбалалы ата-аналардың ажырасуы жиілеп кетті - Қ. Тоқаев
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттер парақшасында жазды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Алматыда ғалым әйелдер форумы өтті
Осыдан екі жыл бұрын құрылған Қазақстан ғалым әйелдер қоғамының бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала рухани мұрасы-ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтарды сақтау тірегі» республикалық ғылыми-тәжірбиелік форумға отандық ғылым саласының өкілдері қатысып, әйелдердің қоғамдағы рөлі төңірегінде пікір алмасты.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2019
Сиырын сауып, сүтін саудалап жан баққан ауылдағы ағайын, табыс көзінен қағылуы мүмкін. Бұлай деуге келер жылдан күшіне енетін шикі сүт қауіпсіздігінің техникалық регламенті себеп болып отыр. Осы ретте Қазақстанның сүт одағы еліміздегі ірілі-ұсақты қожалықтар мен фермалардың басын қосып семинар ұйымдастырды.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Шардара СЭС-і қайта жаңғыртылуда
Түркістан облысында электр энергиясымен өңірді қамтамасыз ету мен өңірдегі су ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруда үлкен маңызға ие жоба жүзеге асырылуда.
Қоғам • 31 Мамыр, 2019
Бір жыл да өте шықты. Соңғы қоңырау соғылып, миллиондаған оқушы алған білімдерін түйіндеп жатыр. Мектеп табалдырығын өткен күзде аттаған балапан балғын ұрпақ екінші сыныпқа өтіп, өзі де, ата-анасы да ерекше бір сезім құшағында жүрсе, өмір сапарына қанат қаққан түлектердің де қуанышы мен көңіл толқыны кімді де болса толғандыратыны сөзсіз. Бұл ұрпақтар сабақтастығының үзілмей келе жатқан алтын арқауы десек жарасады.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2019
Түркістан: Оқушылардың 70 пайызы сауықтыру орындарымен қамтылады
Жаз айларында Түркістан облысындағы 23 сауықтыру лагерінде 8 ауысымда 33 мың бала қабылданады. Ал республикалық лагерлерде өңірден 1100 бала демалмақ. Оқушылар мектеп жанындағы 902 лагерде де тынығатын болады. Жалпы өңірде 1-10 сынып аралығындағы 443 661 оқушының 311 мыңын, яғни 70 пайызын мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру орындарымен қамту жоспарланып отыр.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2019
Мұхтар Манкеев: Одақтас мемлекеттердің көшбасшысы
Елордада еуразиялық интеграция идеясының ширек ғасырлық және Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдық мерейтойларына орай Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ауқымды басқосу өтті.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2019
Жұмабек Сарабеков: Бұл – көрсетілген лайықты құрмет
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы» атағын беру Қазақстанның еуразиялық интеграцияға қосқан үлесіне, осынау жылдар ішіндегі белсенді жұмысына берілген жоғары баға деген жөн.