Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
Ауданда 373 жаңа жұмыс орны ашылды
Жарқайың ауданында шағын және орта бизнес қарқынды даму үстінде. 2018 жылы аудан бойынша 17 адамға өз кәсібін ашуға несие берілген. Нәтижесінде 373 жаңа жұмыс орны ашылған.
Шекарадан заңсыз тауар тасымалдаушылар қатары көбейіп жатыр
«Қорғас» шекаралық бақылау отрядының аумағында кеше кешкілік 22 жастағы қазақстандықтан шекарашылар декларацияланбаған, жалпы салмағы 30 кг-дан асатын жүк (ұялы телефонның керек-жарақтары, «смарт-сағаттар», сымсыз құлаққаптар т.б.) анықтап, актімен «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
50 жыл жөндеу көрмеген Нұра су құбыры күрделі жөндеуден өткізілмек
Егіндікөл ауданында мал шаруашылығын дамыту мақсатында биыл бірнеше инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында 5 мың бас күркетауық өсіру кешені мен ірі қара мал етін өңдеу кешенінің құрылысы бар және мал сою бекетін ашу жоспарлануда. Сонымен қатар биыл ауданда облыстық бюджет есебінен құны 116 миллион теңге болатын 16 пәтерлік тұрғын үй құрылысы қолға алынбақ. Су мәселесі де алдағы уақытта шешіледі деп күтіледі.
Медицина • 01 Ақпан, 2019
Зорлық-зомбылыққа шақыратын сайттар мен парақшалар бұғатталады
Қазақстан үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия балалар арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстар әзірледі. Бұл туралы КазТАГ ҚР білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
Солтүстік Қазақстанда жаңа сәулелі диагностика корпусы ашылды
Обыр аурулары арасында сүт безі ісігі өңірде өте кең таралып отыр. Республикалық көрсеткіштен 1,5 есе көп.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
Алдағы үш тәулікте ауа райы -42-ге дейін төмендейді
Алдағы үш тәулікте минус 35, 42 градусқа дейін суық болады деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.
Әлем • 01 Ақпан, 2019
Америкадағы үскірік аяз (фоторепортаж)
Қаңтар соңында АҚШ-тың солтүстік батыс өңірінде полярлық құйыннан пайда болған аномаль аяз түсті. Суреттерде мұзға оранған Нью-Йорк қаласының көрінісі.
Таным • 01 Ақпан, 2019
Тұлпардың бірнеше сипаты болады. Бүгін ішкі, сыртқы және құпия сипаттарымен бөлісеміз
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
Алматыда Еуразия инновациялық экожүйесіне арналған форум басталды
ЕАЭО қатысушы: елдердің Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, технопарктердің басшылары, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер ЕАЭО мүше елдердің біртұтас инновациялық экожүйесін құруды және дамытуды талқылау үшін бір алаңға жиналды. Сарапшылар басқосу аясында тараптардың технологиялық әлеуетін ашу мәселесін жан-жақты саралайтын болады.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
Еңбекшіқазақ ауданында 3104 адамға бір дәрігерден келеді
Өткен жылы Алматы облысында адам өлімі, жаңа туған нәрестелердің шетінеуі, туберкулезден қайтыс болғандар саны азайды.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
Дүкен сөрелерінде Ресейден келген қауіпті өнімдер анықталды
Еліміздегі дүкен сөрелерінен қауіпті өнімдер табылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыдан 13 жыл бұрын кіп-кішкентай Нари екі елдің достығына дәнекер болып, БАҚ өкілдерінің назарын өзіне аударған еді. Осылайша бар болғаны 3 жасар Нари Ермұханова дүниежүзі бойынша Әлем елшісі атағын иеленген үшінші қыз атанды. Олардың алғашқысы Мәскеуге келген америкалық оқушы Саманта Смит болса, екіншісі АҚШ-тың бұрынғы президенті Рональд Рейганға хат жолдаған мәскеулік Катя Лычева болатын.
Жетісудың қарт тұрғынының бірі Сұлухан әже Райымбек ауданының Қарасаз ауылында тұрады. Жалпы, әйгілі Мұқағали жырлаған өлкеде ұзақ жасаған адамдардың қарасы бір шоғыр. Солардың арасындағы егделеуі осы – Сұлухан әже.
Экономика • 01 Ақпан, 2019
Алар асуларымыз биіктей береді
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты басымдықтар – Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту мәселелері. Бұл Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру», сондай-ақ «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Жолдаулары мен Қазақстанда Жастар жылының басталуынан анық көрінеді.
2018 жыл бойынша Қарулы Күштерінің қорытынды конференциясы өтті
Орталық коммуникациялар қызметінде 2018 жыл бойынша ҚР Қарулы Күштерінің қызмет қорытындысына арналған баспасөз конференциясы өтті. Оған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров қатысты.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
«Обаған» заставасының аумағында шекара бұзушы ұсталды
Қостанай шекара отрядына қарасты «Обаған» заставасының аумағында шекарашылар Ресейден келген шекара бұзушыны ұстады. Бұл туралы ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
Павлодар арнайы экономикалық аймағында 13 инвестормен келісім бұзылған
Облыс орталығындағы арнайы аймақтың аумағы 1200 гектар. Оның 450 гектарында 10 кәсіпорын, инфрақұрылымдық нысандар орналасқан. Мамандар қалған аумаққа әлі де 25 жобаны орналастыруа болатынын айтады.
Агросекторда нәтижелі істің негізі қалануда
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің баяндамасын тыңдай келе айтқан мына бір сөзі еліміздегі ауыл шаруашылығы саласының даму бағыты мен болашағын дөп басқандай болды.
«Қазақ даласына бір зобалаңнан соң бір зобалаң тап болып, айрықша қысастықтан көз аша алмаған қытымыр заманда дүниеге келіп, көз ашқан осы бір ұрпақ қандай қайсар еді?! Аштықтың орнын арманмен, жоқтықтың орнын таудай талаппен, жетімдіктің орнын жасымас жігермен толтырып, ошақтың орнындағы сояудай айбынын жықпай, айылын жимай андыздап өсе берген. Өрт жіберсең де, желегін жалынға күйдіргенмен, өзегіне от дарытпай, қайтадан өніп, қайтадан өрбіген, алшындай азуға іліксе де, ажалға бой алдырмаған. Соның арқасында оталған орман қайта көгеріп, қуарған тақыр қайта құлпырған. Өздері туғанда өртеңге шалдыққан айтулы ұрпақтың орнын басып, ізін жалғастырып, тұяқтың орнына тұяқ болып қосылып, толымды өтеу бола алған. Абыройлы ұрпақ. Өз бақытын өзі сомдаған жасампаз ұрпақ. Ұлттық намысымыздың жығылмас туындай тәкаппар ұрпақ».
Таным • 01 Ақпан, 2019
Аптаның «аптығын» басып, жұма да жетті. Ал алдағы демалыс күндерін қалай өткізуді жоспарлап отырсаңыз, бізден бір кеңес болсын.
Қазақстан • 01 Ақпан, 2019
Павлодардағы шипажай скандинавиялық жүріске мән береді
Облыс орталығының іргесіндегі «Черноярка маржаны» емдеу демалыс орнын жергілікті инвестор қолға алды.
Титан өндірісіндегі тың жаңалық жаңа бағытқа жол ашады
Ғалымдар үйінде тұсауы кесілген тың жаңалықты мамандар отандық ғылымдағы соны жетістік деп бағалап отыр. «Титанның қышқыл су ерітінділеріндегі постэлектролиздік химиялық еру құбылысы» ғылыми жаңалығы осы уақытқа дейін беймәлім болып келген.
БҚО-да ақын Ақұштап Бақтыгереваның 75 жылдық мерейтойына байланысты шаралар тізбегі басталды
Биыл ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгерева 75 жасқа толады. Ақынның мерейтойына арналған шаралар тізбегі бүгін оның туған жері – Теректі ауданынан бастау алды.
Түркістанда «Ахмет Ясауи» телехикаясы, «Әл-Фараби» көркем фильмі түсіріледі
«Оңтүстікфильм» мекемесі мен «САҚ» киностудиясы Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында «Ордабасы бірліктің туы», «Оқсыз», «Түркістан» анимациялық фильмдерін және «Төле би» атты 10 сериялы тарихи телехикаясын таспалады. Сондай-ақ, өткен жылы түсірілген «Күш атасы − Қажымұқан», «Киелі Қазығұрт», «Отырарды қорғау» анимациялық фильмдері мен «Көне жетігеннің сыры» телехикаясы жергілікті және республикалық телеарналарынан көрсетілді.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
Батыс Қазақстанда экологиялық заңнама 313 рет бұзылған
Батыс Қазақстан облысында экологиялық заңнама талаптары 2018 жылы 313 мәрте бұзылған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Ербол Қуанов хабарлады.
Қарулы Күштерде құқық бұзушылықтар азайды
Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Қарулы Күштерінің өткен жылғы жұмысының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров әскердегі құқық бұзушылықтардың 9 пайызға төмендегенін мәлімдеді.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
Павлодардағы шипажайда скандинавиялық жүріске мән беруде
Облыс орталығының іргесіндегі «Черноярка маржаны» емдеу демалыс орнын жергілікті инвестор қолға алды.
Аймақтар • 01 Ақпан, 2019
Түркі Кеңесіне мүше мемлекеттер ортақ мәселелерді бірлесе талқылады
Экономиканың өрістеуін ақпарат алаңынсыз елестету мүмкін емес. Ақпараттық технологиялардың кеңге қанат жаюы көп жұмысты жеңілдеткенімен, адамзат алдына виртуалдық қылмыс, қоғамдық сананы шатастыру, кибершабуыл сынды алуан түрлі кедергілерді туындатып отырғаны жасырын емес. Бұл қауіптерді тойтарып, ақпарат тетіктері мен технология жетістіктерін экономиканы дамыту ісінде тиімді пайдалану үшін өзге елдермен ынтымақтастық байланыс орнатудың маңызы зор. Бұл туралы Алматы қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің инфокоммуникациялық технологиялар министрлерінің үшінші отырысында кеңінен талқыланды.