Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстанда «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды
«Қазақстанның үздік тауары-2017» конкурсы үш аталым бойынша ұйымдастырылып, оннан озған жүйріктер республикалық кезеңге жолдама алды.
Медицина • 03 Шілде, 2017
Астанада туу туралы куәлікті ХҚКО-дан үш сағатта алуға болады
3 шілдеден бастап Астана қаласының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан туу туралы және өлгендігі жөніндегі куәліктерді үш сағаттың ішінде алуға болады, деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов Фейсбуктегі парақшасында.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Солтүстік Қазақстан білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов әкімдіктің отырысында облыстық білім басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2017
Бүгін «Астана-Арқау» түрік дәстүрлі музыкасының X фестивалі басталады
3-4 шілдеде «Астана-Опера» театрында «Астана-Арқау» түрік дәстүрлі музыкасының X фестивалі өтеді.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Солтүстікқазақстандық тұрғын граната тауып алды
Жамбыл ауданы Екатериновка ауылының бір тұрғыны орманда отын дайындап жүргенде гранатаны кезіктіріп, тиісті орындарға шұғыл хабар берген.
Су спорты • 03 Шілде, 2017
Дмитрий Баландин Болгария чемпионатында 2 алтын 1 қола медаль иеленді
Қазақстандық жүзгіш, Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин Болгария чемпионатында брасс әдісімен жүзуден үздік нәтижеге қол жеткізді. Отандасымыз 2 алтын 1 қола медальға ие болды, деп жазады Vesti.kz.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Солтүстік Қазақстанда болды
Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігінің «Ашық есік» күні аясында ведомство басшысы Тамара Дүйсенова Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапармен болып, бірқатар мекеме-кәсіпорындарды аралап, еңбеккерлермен кездесті.
Қазақстан • 03 Шілде, 2017
Мәдениет – бейбітшілік пен келісімнің негізі
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі ұлттық мәдени орталықтарының «Мәдени ашықтық − бейбітшілік пен келісімнің негізі» атты азаматтық форумы өтті.
ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың мекеніне айналған еліміз өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға қашан да дайын. Кеше Астана қаласында ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін мерекелеу шеңбері барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Этнос күні» өтті.
ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келушілер саны 500 мыңнан асты. «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, елордадағы шараны бастапқы 20 күнде жарты миллионнан астам адам тамашалаған. 500 мыңыншы қонақ 29 маусым күні кешкісін тіркеліпті.
ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
Тай тәжірибесімен бөлісуге дайын
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясындағы қатысушы мемлекеттердің ұлттық күндері жалғасуда. Шілденің алғашқы күні Таиланд корольдігі төл мерекесін атап өтті. Елуден астам әртіс өнерін паш еткен шара барысында әсем табиғатымен әлемге танылған елдің тарихынан сыр шертетін қойылымдар сахналанды. Әсіресе, әдемі ұлттық костюмі, ерекше музыкасы мен ән-биі ешкімді бейжай қалдырмады.
ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
Сомали сауда қатынасын нығайтуға ниетті
Шілденің алғашқы күні ЭКСПО-2017 көрмесі қалашығында Сомали Федеративтік Республикасы ұлттық күнін тойлады. Астанадағы жиында жасыл энергетиканы қолдайтындықтарын білдірген сомалиліктер – өте көңілді халық. Ән мен биді жандары сүйеді екен. Ұлттық мерекелеріне салт-дәстүрлерінен танытатын бағдарлама дайындап әкелген.
Мың жерден төрткүл дүниенің оқуын тауысса да, азаматтық ұстанымы болмаса адам баласы білім саласындағы жиған-тергенін халықтың қажетіне жаратуы қиын-ақ. Осы тұрғыдан келгенде алаш қайраткері Әлихан Бөкейханнан асыра айту мүмкін емес: «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден». Біздің жұртына қызмет етуде тек білім аздық етеді дегенді меңзеп отырғанымыз да сол.
Аймақтар • 03 Шілде, 2017
«Жер – әңгімеші, жер әңгімеші болған соң ел әңгімеші», – дейді ұлы Мұхаң, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Жақында дүниеге Абай, Шәкәрім, Мұхтардай перзент сыйлаған алтын құрсақты Шыңғыстауды – ұлылар мекенін екі күнге жуық аралағанда тұла бойы тұнып тұрған шежіре, қойны-қонышы толған тарих екеніне тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Бір ғана сапарда қаншама жер-су атауына, олардың тарихына қанығып, қасиетті өлкенің қасиетін тағы бір мәрте сезінудің сәті түсті.
Медицина • 03 Шілде, 2017
Астананың миллионыншы тұрғыны бір жасқа толды
Былтыр бас қаламыздың туған күнін тойлауға қызу дайындық жүріп жатқан кезде естілген сүйінші хабар елді елең еткізген-ді. Шіліңгір шілденің 3-інен 4-іне қараған түні сағат тура 01:00-де елордадағы №1 перинаталдық орталықта іңгәлаған сәбидің үні естілді. Елорданың 1 миллионыншы тұрғыны осылай өмір есігін айқара ашқан болатын.
Медицина • 03 Шілде, 2017
Данышпан Абайдың: «Алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілер», деген аталы сөзі небір жетелі ойларға бастайды. Тоқсаннан асқан жасымда алдыма қарасам, ағам дейтіндер бірлі-жарым қалыпты. Артыма қарасам, шүкір дейін, тұлғалы азаматтарым бар екен. Солардың бірі де бірегейі – халқымыздың маңдайына біткен арысымыз, тәуелсіз Отанымыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Астана – ерен еңбек пен ерік-жігердің айғағы
Сәні мен салтанаты келіскен елорда аса қысқа мерзімде барша қазақстандықтардың маңдайға басар мақтанышына, сүйікті Астанасына айналды. Бұл – айтуға оңай болғанымен, қыруар қаржылық ресурсты қажет ететін әрі ұйымдастыру, орындау, қадағалау тұрғысынан жүздеген, мыңдаған адамдардың ерік-жігеріне, қарым-қабілетіне, ең ақыр аяғы ниетінің оң-терістігіне тәуелді жұмыстарды табанды түрде еңсерудің нәтижесінде ғана мүмкін болды.
Қазақстан • 03 Шілде, 2017
Бірер күннен соң бүкіл Қазақстан баршаның ең сүйікті мерекесінің бірі Астана күнін зор қуанышпен қарсы алмақ.
Медицина • 03 Шілде, 2017
Қазір елдегі демографиялық өсім өткен жылғы межеден де ілгеріледі. Ортамыз толып, өрісіміз кеңейіп келеді.
Қазақстан • 03 Шілде, 2017
Өткен жұма күні Сыртқы істер министрлігінде қос мерекеге орайластырылған кездесу өтті. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және журналистерімен жүздесуі Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мен Тәуелсіз Қазақстан дипломатиясы құрылуының 25 жылдығына арналды.
Парламент • 03 Шілде, 2017
Парламенттің қызметі тарихи кезеңге толы болды
Үстіміздегі жылдың 30 маусымында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысы өтті. Онда VI сайланған Парламенттiң екiншi сессиясы жабылып, парламенттiк каникул басталғаны хабарланды.
Үкімет • 03 Шілде, 2017
«Doing business» мәселелерін талқылады
Өткен жұма күні Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Doing Business» мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Үкімет • 03 Шілде, 2017
Цифрлық экономика жөнінде кеңес өткізді
Сенбі күні Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев цифрлық экономика мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
ЭКСПО-2017 • 03 Шілде, 2017
Елордаға италиялық танымал дирижер әрі виолончель шебері Энрико Диндо келді. Өнерпаз ЭКСПО-2017 қалашығы аумағындағы Энергия холында еліміздің мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрімен бірге концерт берді.
Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017
Еламан Ерғалиев: Финалда жеңіске жететініме сенімді болдым
Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында өткен «Қазақсан барысы – 2017» турнирінде жеңімпаз атанған Еламан Ерғалиев жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті.
Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017
«Қазақстан барысы-2017» турнирінің техникалық нәтижелері
Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирі аяқталды.
Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017
Еламан Ерғалиев - 2017 жылғы «Қазақстан Барысы» атанды
Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылған «Қазақстан Барысы-2017» турнирі аяқталды.
Ұлттық спорт • 02 Шілде, 2017
Болашақта «Қазақстан барысы» турнирі киімсіз өтуі мүмкін
Дәл қазір елордадағы «Барыс Арена» мұз сарайында жетінші рет ұйымдастырылып жатқан «Қазақстан Барысы-2017» турнирі өтіп жатыр.