Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Сыр өңірінде әлеуметтік көмек алушылар саны 14 мың адамға азайды
Жыл басынан бері Қызылорда облысында жергілікті бюджеттен 51318 аз қамтамасыз етілген азаматқа 475,6 млн теңгеге әлеуметтік көмектер және балаларға арналған жәрдемақы төленді, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Еліміздегі кедендік бақылаудың тиімділігі екі есеге артты
Елімізде кедендік бақылаудың тиімділігінің артуы байқалып отыр. Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Үкімет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне түзетулер енгізу туралы заң жобасын қабылдады
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Солтүстік Қазақстан университетінің бұрынғы ректоры қызметіне қайта оралды
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры Оңдасын Әшімов қызметін қайта жалғастыратын болды.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Транзиттік тасымалдарды одан әрі арттыру шараларын қолдану қажет – Бақытжан Сағынтаев
Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев транзиттік тасымалдар көлемінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолдануды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
30 маусымда сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының барлық бөлімшелерінде «Әр салымшы үшін БҰЗҚ» үндеуімен ашық есік күні өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Қазақстан Дүниежүзілік банктің логистика тиімділігі бойынша рейтингісінде позициясын жақсартты
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстанның көлік-логистика әлеуетін дамыту мәселелері қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Бақытжан Сағынтаев туристік саланы дамыту бойынша арнайы тапсырмалар берді
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында Дүниежүзілік туристік ұйымның ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстанның туристік саласын одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Астанадағы сириялық келіссөздерге қатысатын АҚШ өкілі белгілі болды
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздер барысында осы елді таныстыратын өкілін атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»
Үкімет • 27 Маусым, 2017
Үкіметте туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасының жобасы қаралды
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамытудың 2023 жылға дейінгі жаңартылған тұжырымдамасының жобасы қабылданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Оңтүстікте 700 мыңға жуық халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт, Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының 700 мыңға тарта халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі алдағы 5 жылда толық шешімін табатын болды.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Қызылорда облысында 140 млн теңгенің қарызы өндірілді
Мемлекеттік еңбек инспекторлары Қызылорда облысындағы әр түрлі меншіктегі мекемелер мен кәсіпорындарға ҚР еңбек заңнамаларының сақталуына орай тексерулер жүргізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Бір аптада елорда өзендерінен он тонна қалдық жиналды
Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазалау бойынша атқарылып жатқан жұмыстың аясында күн сайын балдыр, шөп-шалаң, тұрмыстық қалдықтар секілді қоқыстар сыртқа көптеп шығарылуда, деп мәлімдеді «Астана-Есіл» МКҚК маманы Мұхит Бақбергенұлы. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 27 Маусым, 2017
Атыраудың ауасын топинамбур тазарта ала ма?
Мұнайлы аймақтағы экологиялық ахуалды жақсартуды жергілікті тұрғындар да қолға ала бастады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Балалар Бектау ата баурайында демалады
Биылғы жаз Ақтоғай ауданының өрендері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында Бектау ата шатқалында орналасқан «Факел» балаларды сауықтыру лагері қайтадан іске қосылды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
1970 жылдары Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде бұзылған ескі үйлердің бірінің астынан үлкен сандық табылады.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Өткен сенбі күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Астанадағы «Зодиак» бильярд клубында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай Ақселеу Сейдімбекті еске алуға арналған дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Көпткен күткен тестілеу де аяқталды. Жоғары балл алған мектеп бітірушілердің есімдері де аталды. 138 балл жинап, жарқ етіп көзге түскен Алғыр Сәлменбаев − облыс орталығындағы №16 мектеп-лицейдің түлегі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
«Егеменде» жарияланған ҰБТ сұрақтарының көмегі тиді
Шығыс Қазақстанда ҰБТ бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген оқушының есiмi де мәлім болды. Ол – 138 балл жинаған Аягөз қаласындағы №7 орта мектебінiң түлегі Мәди Жүнiсов.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Таяуда Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып билеуден ел чемпионаты болып өтті. Біріншілік жеңімпаздары Әлем Кубогы мен биылғы Әлем чемпионатына қатысуға лицензияға ие болды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Сенбі күні Журналистер арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының кубогына арналған алғашқы турнир өтті. Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күніне арналған жарысқа елордадағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Өткен жексенбі күні Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белігілі жазушы, кинодраматург Смағұл Елубайдың 70 жылдық мерейтойына арналған «Тұғыры биік тұлға» атты шығармашылық кеші өтті.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақ руханиятына қормалы қазына қосқан тұлғалардың бірі – Халифа Алтай. Қайраткердің биыл туғанына 100 жыл толған мерейлі мекересіне орай Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы өткен аптада «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты халықаралық конференция өткізді.
Әлем • 27 Маусым, 2017
Әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшыларымыз – Трамп
АҚШ президенті Дональд Трамп өзін және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиді «әлеуметтік желілердің әлемдік көшбасшылары» деп атады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Әдебиет • 27 Маусым, 2017
Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газеті алдағы уақытта ел өңірлеріндегі, яғни облыстық, қалалық, аудандық газеттерде жарияланған маңызды мақалаларды өз бетінде жарыққа шығаруды қолға алып отыр. Бұл бастаманың тырнақалды туындысы ретінде бүгін біз Алматы облыстық «Жетісу» газетінде қызмет істейтін журналист Қуаныш Тұңғатардың «Атамыз − Алаш» айдары аясында жарық көрген зерттеу мақалаларының Шәкәрімге арналған бөлімін оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өткен күннің іздерін сол күйінде «қалпына келтіру» арқылы жеке шығармалардың ғана емес, тұтас бір кезеңнің тарихын мейлінше объективті түрде шынайы суреттеуде, зерттеуде архивтің, ондағы сақталған материалдардың маңызы орасан зор.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Тұсауын тәуелсіздік кескен «Отарқа»
Аты елең еткізердей етіп қойылған Екібастұздың «Отарқа» қалалық газетінің жарыққа шыға бастағанына биыл 25 жыл толды. Егемендігімізбен рухтас басылымның өмірге келуі де оңай бола қойған жоқ. Алғашқы бас редакторы Аманкелді Қаңтарбаев ағамыз өзіндік ізін салып, ғұмырлық аманат етіп кеткен «Отарқа» бүгінде биік тұғырда, еңселі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
«Қиындықтың жақсылығы бар» Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов: «Газет-халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Бүгінгідей ақпарат билеген заманда газеттің Ахаң айтқан осы міндеттерінің жүгі бұрынғыдан да салмақтана түскені сөзсіз. Алайда, газеттердің нарық теңізіне шыққалы бастан кешкен қиындықтары аз емес. Әсіресе, жергілікті, өңірлік газеттердің «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналуы журналистігі де, ұйымдастырушылығы да мықты менеджер редакторға байланысты екені байқалады. Қарабалық аудандық «Айна» газеті қазір облыстағы кеуде қатарлы басылым саналады. Мария Сапарова 90-жылдары оқырманына жетпей қалған басылымды қайта қалпына келтіріп қана қойған жоқ, жұрт іздеп жүріп оқитын, билік те, оқырман да санасатын газетке айналдырды.
Қазақстан • 27 Маусым, 2017
Қазақстанның үздік ЖОО рейтингі – 2017
Қазіргі заманда рейтинг жоғары оқу орындарында білім беру сапасын салыстырудың танымал тетігіне айналып, көптеген мақсаттарда пайдаланылады.
Қазақстан өзінің Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы (ШЫҰ) 2016-2017 жылдардағы кезекті төрағалығын үстіміздегі жылдың 9 маусымында Астанада өткен Мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қорытындылады. Әдеттегідей, еліміз бұл төрағалыққа үлкен дайындықпен келіп, ұйымның жаңа сатыға көтерілуіне, аймақ мемлекеттері арасындағы саяси-экономикалық, қауіпсіздік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға барынша күш салғаны белгілі.