Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
Туы тұғырлы, Әнұраны айбарлы, Елтаңбасы еңселі
Еліміздің мемлекеттік рәміздері жергілікті жерлерде қалай ұлықталып, құрметтеліп жүр деген мәселе төңірегінде толғандыратын сауалдар аз емес.
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Ахмед Местоев Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілі қызметінен босатылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ахмед Местоев Якубович өз еркімен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
1 шілдеден бастап 20 қызметті цифрлық қолтаңбасыз алуға болады
Мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын жеңілдету мақсатында электрондық үкіметте 1 шілдеден бастап 20 қызметті цифрлық қолтаңбасыз алуға болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Озық тәжірибенің ұтымды үлгісі
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед бастаған партия өкілдері Сингапурге барды. Сапар барысында Сингапур халықтық іс-әрекет партиясымен әріптестік байланыс орнату мақсатында кездесулер өтті. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Сингапурдің Премьер-министрімен, Парламент Спикерімен, Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің ректорымен кездесіп, бірқатар келіссөздер жүргізді. Қазақстандық делегация Наньян технологиялық университетінің роботтар жасайтын ғылыми-зерттеу орталығында болып, жұмысымен танысты.
Рухани жаңғыру – болашақ кепілі
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған, қоғамда кеңінен талқыланып, бірқатар мәселелердің шешілуіне мұрындық болар «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын «үшінші жаңғыру дәуірінің» төлқұжаты ретінде қабылдадым.
Парламент • 01 Маусым, 2017
«Прокуратура туралы» заң жобасы мақұлданды
Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Прокуратура туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды. Прокурорлық қадағалаудың шегі нақты айқындалған конституциялық реформаның жалғасы болып табылатын бұл құжат Парламент Мәжілісіне Елбасының заңнамалық бастамасы ретінде келіп түскен болатын.
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
Қызылордадағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жаңартылды
Қызылордадағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш қайта жаңғыртудан өтті. Қаладағы тарихи орындардың бірі саналатын мемориалды жаңартуға облыстық бюджеттен 142 миллион 470 мың теңге бөлінді. Жоба бойынша шағын аллея мен арнайы тағзым ететін орындар салынды. Жарық шамдары орнатылып, кеспе тастар төселді.
Үкімет • 01 Маусым, 2017
Келелі мәселелер қозғалған кеңес
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Doing Business» мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Әскери соттардың осы жүйеде алатын орны ерекше
Бүгінгі таңда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және Қазақстан мемлекеттілігін өркендету мақсатында сот төрелігін дамыту және жаңа өзекті мәселелерді шешу маңызды екенін уақыт көрсетіп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылғандай, осы мәселелерді іске асыру сот төрелігінің тиімділігін арттыруда кезекті қадам болып табылады. Осы орайда, біз Қазақстан Республикасы Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдоллаға жолығып, сот жүйесіндегі басты өзгерістер мен республика әскери соттарының 25 жылдық қызметін және саланы әрі қарай дамытудың басымдықтары туралы әңгімелескен едік.
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
Бүгін Астанада балалардан жол ақысы алынбайды
Астананың қоғамдық көліктері балалар мерекесіне ашық есік күнін ұйымдастыруда, деп хабарлайды Elorda.info.
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Бүгін Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады
1 маусымда Қазақстанның басым бөлігіне антициклон әсері етеді, соған байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, тек республиканың батыс аймақтарының кей жерлерінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапxанасының музейінде ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге арналған «Болашақтың энергиясын қарсы аламыз!» атты қор көрмелерінің ашылуы өтті.
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
«Өрлеу» – отбасын қолдаудың тиімді тетігі
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміз тәуелсіздік алғаннан бері әлеуметтік-экономикалық дамуда және мемлекетті нығайтуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.
Инфографика • 01 Маусым, 2017
Қазақстандағы МӘМС жүйесі бойынша сұрақтар мен жауаптар (6-бөлім)
ЭКСПО-2017 • 01 Маусым, 2017
Бәйге түрлерінен ЭКСПО-2017 кубогы өтеді
Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінде дүние жүзінің мемлекеттері өздерінің ғылым мен техникада қол жеткізген тың жетістіктерімен бөліседі және төл мәдениеті мен өнерін таныстырады. Көрмеге үш айдың ішінде миллиондаған көрермен келеді деп жоспарлануда. Өйткені, бұл бүкіләлемдік шара маңызы жағынан Олимпия ойындары мен футбол чемпионатынан кейінгі орында.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Ұмытылмас күн полицей ерлігінің куәсіне айналды
Ерлан Таңжарықов учаскелік инспектор болып істейтін Калинин ауылдық округіне қарасты елді мекендер Таран ауданының орталығынан қырық шақырым жерде жатыр. Бәрі қатар орналасқан. Полиция капитаны Е.Таңжарықов осы ауылдық округтегі Береговое және Нагорное деген елді мекендердің тыныштығын күзетеді. 2016 жылдың 29 ақпаны Береговое ауылының тұрғындары Головколар отбасының да, учаскелік инспектордың да есінен шыға қоймас...
Күрес • 01 Маусым, 2017
Қазақ күресінің қадірін қашырмайық
Қазақ күресінің қанат жайып келе жатқанына біраз жыл болды. Талай әлем чемпионаттары, құрлық біріншіліктері де өтті. Жыл сайын Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турниріне жұрт ықыласы ерекше. Жүлде қоры да қомақты. Сондықтан апайтөс, атан жілік балуандар ширығып, шамырқанып жетеді Астанаға. Бірақ сол турнирге қатысу да оңай емес. «Қазақстан барысына» қатысу үшін әуелі ауданда, содан қала немесе облыс біріншіліктерінде топ жаруың керек.
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Ахметжан Есімов: «Көрмеде таңдай қақтыратын керемет көп»
Әлем назарын Астанаға аударған ауқымды жаһандық оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына да санаулы күндер қалды. Елбасы Ұлттық жоба деп бағалаған жаһандық шараны өткізуге дайындық барысында арнайы құрылған «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» акционерлік қоғамына жүктелген жауапкершілік те, атқарылған жұмыс та зор. Жақында осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов еліміздің және шетелдердің бірқатар БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Төменде сол салиқалы әңгімені оқырмандар назарына ықшамдап ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 01 Маусым, 2017
Жамағат 769 отбасына шапағатын тигізді
Биылғы көктемде Ақтөбеде болған су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Нұр Ғасыр» мешітінің жанынан арнайы штаб құрылды. Осынау қайырымдылық ісінің басы-қасында жүргендер оны «Ақтөбе асары» үлгісінде ұйымдастырды. Оған көршілес Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда және Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мешіттер жамағаттары да қолдау көрсетті.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Байқадам әулетінің тереңге тартқан тарихы қызғылықты-ақ. Ел аузындағы шежірені тұңғыш стенографист Данабике Байқадамова да тірілтеді. Қыпшақтың Алтыс атасынан тарайтын Кедел жауға аттанғанда інісі Бекбаулыға ауылын жаудан қорғауды тапсырады. Қалған бала-шаға, қарияларға ес болып, жау көзінен тыс жүрейік деп сай-салаларға қанша қонғанымен де бір күні сайланып келген жау бәрін қырып, қасаптан жалғыз қашып шыққан Бекбаулы орыс шекарасынан өтіп жан сақтайды.
Ұлттық танымның өзегі – тарихи сана
Жеке адам өзінің өткені мен өмір сүріп отырған қоғамындағы орын алған оқиғаларды дұрыс пайымдап, оң баға беру үшін оның жастайынан қалыптасқан озық тарихи санасы болуы қажет. Ғалым-оқымыстылар «тарихи сана» дегенді – әрбір жеке адам, тұтас ұрпақтың тарихын сезінуі, өзінің шыққан тегін, өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп-тамырларын, өткен өмір жолын танып-білуі, сол арқылы патриоттық сана-сезімінің оянуы деп түсіндіреді.
Темекіні тастау – жаңа өмір бастау
Бала кезде өрісте жылқы тезегін газетке орап әуестенетін, бозбалалық бұлаң күндерде көше тәрбиесімен езуге қыстыратын, сыбай-салтаң студенттік немесе сарт-сұрт әскери өмірде жора-жолдастармен жұп жазбаудың шегінде шегетін шылым кейін келе көңілдің кіл тұнығын торлап, өз әмірін жүргізетін жетекшіл күшке айналып шыға келгенін көпшілігі білмей қалатыны рас. Әу баста таңсық болған темекі бірте-бірте тәніңіздің тамыршысындай қалаулы, санаңыздың сақшысындай санаулы серігіңізге – күнделікті дағдыңызға айналады. Содан соң «серігіңізді» орта жолда қалдырып көріңіз...
Қазақстан • 01 Маусым, 2017
Заманауи терминал іске қосылды
Кеше Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы ашылды. VIP және қарапайым жолаушыларға арналған екі аймақтан тұратын терминалдың төрт кіреберісі бар. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушыларға арналған негізгі ғимаратты аралап, әуежайдың қызмет көрсету жүйесіне енгізілген жаңалықтармен танысты. Елбасы «Эйр Астана» акционерлік қоғамының президенті Питер Фостермен әңгімелесіп, компанияның қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, өз елімізде және шет елдерге ұшу бағдарларын көбейту жоспарлары туралы сұрады.
Президент • 01 Маусым, 2017
Елбасы «Нұрлы жол» вокзалын ашты
Аумағы 126 мың шаршы метр болатын жаңа вокзал алты қабатты. Тәулігіне 35 мың жолаушы өткізе алатын вокзалдан бүгіннен бастап қалааралық жолаушылар пойызы қатынай бастайды.
Медицина • 01 Маусым, 2017
Бар игілігіміз – балаларға! Өйткені, бала – жүректің миуасы, көңілдің гүлі, көздің нұры. Бала – адамның бауыр еті, әкенің білек еті, ананың жүрек еті. Яки, ер болып артта қалған із, бақыт болып ұзатылған қыз.
Президент • 01 Маусым, 2017
Кеше Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының туыстары мен жақындары да қатысып, Елбасымен әңгімелесті.
Аймақтар • 31 Мамыр, 2017
Таразда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған конференция өтті
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Кеңестік дәуірдегі репрессия мен ашаршылықтың тарихи шындығы» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға бірқатар зиялы қауым өкілдері, Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, сонымен қатар тарихшылар, өңірдегі жоғары оқу орындарының ұжымы мен студенттері қатысты.
ЭКСПО-2017 • 31 Мамыр, 2017
Астанада қонақ үйлер ЭКСПО кезінде бағаларын өсірмейді
«Астана Конвенш Бюро» ЖШС елорда қонақ үйлерімен ЭКСПО-2017 кезінде қызметтері үшін бағаларын көтермеу туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 31 Мамыр, 2017
Астанада Қазақстан мен Испания арасында саяси консультациялар өтті
Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың және Испанияның Сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Ильдефонсо Кастроның қатысуымен саяси консультациялардың кезекті раунды өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 31 Мамыр, 2017
Мавритания Президенті күзде Астанаға ресми сапармен келеді
ҚР Президентінің Арнайы уәкілі - Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Нуакшот қаласында Мавритания Президенті Мохаммед Ульд Абдель Әзиздің ресми резиденциясындағы қабылдауында болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.